Оқушыларға арналған тапсырмалар (2-4 тапсырмадан артық емес).
Кері байланыс: орындалған тапсырманы оқушы электронды пошта немесе WhatsApp» мобильді қосымшасы арқылы жібереді.
Ескерту: Сабақтың ұзақтығы – 10-15 минуттан аспауы тиіс.
Химия пәні бойынша 11 сынып оқушысының өзіндік жұмысының жоспары
I тоқсан
Сабақтың нөмірі: №22
Сабақтың тақырыбы: Карбон қышқылдарының қасиеттері.
Мақсаты (оқушыға бағытталған):
Оқу мақсаттары 11.4.2.7 карбон қышқылдарының физикалық қасиеттерін және алыну жолдарын түсіндіру.
Сабақтың мақсаты - Білім алушылар:
Карбон қышқылдарының қасиеттерін біледі.
Қысқаша тезисті конспект (мәтін, сызба, кесте және т.б. түрінде).
Жаңа сабақты түсіну үшін мына видеоны көреміз.
Карбон қышқылдарының қасиеттері.
https://bilimland.kz/kk/subject/ximiya/11-synyp/karbon-qyshqyldary-qurylysy-nomenklaturasy-zhane-fizikalyq-qasietteri
https://bilimland.kz/kk/subject/ximiya/11-synyp/karbon-qyshqyldary-ximiyalyq-qasietteri-alynuy-zhane-qoldanyluy
Қаныққан карбон қышқылының алғашқы үш мүшесі: құмырсқа, сірке және пропион қышқылдары өткір иісті, сұйық заттар, суда ерімейді. Май қышқылының жағымсыз иісі бар, суда нашар ериді, жоғарғы карбон қышқылдары С10 –нан бастап қатты заттар. Гомологтық қатарда молекулалық массаларының өсуінеқарай суда ерігіштігі кемиді, қайнау температуралары өседі.
Суда еритін карбон қышқылдары диссоцияцияланады:
R-COOH ↔ RCOO- + H+
RCOOH + H2O ↔ RCOO- + H3O+
2. Тұздар түзілуі.
а) 2RCOOH + Mg → (RCOO)2Mg + H2↑
ә) 2RCOOH + MgO → (RCOO)2Mg + H2O
б) RCOOH + NH3 → R-COONH4
3.Галогенангидридтер түзілуі:
RCOOH + PCl5 → RCOCl + POCl3 + HCl
Ангидридтер түзілуі:
O O
|| ||
CH3COOH + HOCOCH3→ CH3-C-O-C- CH3
-H2O сірке ангидриді
5. Күрделі эфир түзілуі (этерификация реакциясы).
H+
CH3COOH +C2H5OH ↔ CH3COOC2H5 + H2O
6. Декорбоксилдену.
NaOH + CaO,to
CH3COOH CH4 + CO2
Сірке қышқылы хлормен әрекеттеседі.
H H
Сl – Cl + H – C – COOH → Cl – C – COOH + HCl
H Hхлорсірке қышқылы
Оқулық беттеріне, Интернет-ресурстарға сілтеме (видеоүзінді, құжат, мәтін және т.б. нақты сілтеме беру).
Достарыңызбен бөлісу: |