Оқушыға бағытталған : Оқу мақсаттары


I тоқсан Сабақтың нөмірі: №29



бет47/49
Дата31.01.2022
өлшемі11,65 Mb.
#116698
түріОқулық
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   49
Байланысты:
хим каз-11 ЕМН (2)

I тоқсан

Сабақтың нөмірі: №29

Сабақтың тақырыбы: Майлардың қасиеттері.



Мақсаты (оқушыға бағытталған):

Оқу мақсаттары 11.4.2.11 Майлардың құрамын,құрылысын, қасиеттерін және практикалық маңызын білу.

Сабақтың мақсаты - Білім алушылар:

Майлардың қасиеттерін біледі.



Қысқаша тезисті конспект (мәтін, сызба, кесте және т.б. түрінде).

Жаңа сабақты түсіну үшін мына видеоны көреміз.



Майлардың қасиеттері.

https://bilimland.kz/kk/subject/ximiya/11-synyp/majlardyng-ximiyalyq-qasietteri

1. Майлардың гидролизі. Күрделі эфир болғандықтан, майлар минерал қышқылдар, сілтілер қатысында қыздырғанда гидролизденеді. Сонымен қатар, майлар тірі организмде ферменттердің әсерінен гидролизденеді. Реакция нәтижесінде глицерин мен карбон қышқылы түзіледі:

Сілті қатысында гидролизденгенде, глицерин мен карбон қышқылының тұзы (сабын) түзіледі. Бұл реакция майдың сабындану реакциясы деп аталады:



Гидролиз процесін жүргізу үшін майларды сумен қосып, автоклавта (қысымда) қыздырады. Егер майларды сода немесе сілті қосып қыздырса, сабын түзіледі.

2. Майларды гидрлеу (гидрогендеу). Өсімдік майларының құрамына қанықпаған қышқылдардың күрделі эфирлері кіретін болғандықтан, оларды гидрлеуге болады. Қыздырылған май (150—160°С температурада) және ұнтақталған никель катализаторы қоспасына сутек жібергенде, май құрамындағы еселі байланыстар сутекпен қанығады. Реакция нәтижесінде сұйық май қатты майға айналады. Ол майды саломас немесе құрама май деп атайды:

реакция теңдеуін ықшамдап былай жазуға болады:



Сұйық майларды гидрлеп алған қатты майлар өнеркәсіпте маргарин және сабын алуға жұмсалады.

3. Майлардың тотығуы. Құрамында екі немесе одан да көп қос байланысы бар өсімдік майлары (қанықпаған қышқылдардың глицеридтері) ауадағы оттекпен әрекеттесіп, жалпы формуласы R-O-OH гидропероксидтер түзеді. Бұл тұрақсыз қосылыстар майдың тотығып полимерлену процесін тездетеді. Нәтижесінде, май молекулалары өзара "тігіліп", қатты қабыршақ (пленка) түзеді. Оны линоксин деп атайды. Полимерленіп, соның нәтижесінде линоксин түзетін майларды кебетін майлар дейді. Ондай майлар сырмай (олифа) дайындауда қолданылады. Сырмайлар белгілі өңдеулерден өткеннен кейін майлы бояулар жасау үшін пайдаланылады.

Оқулық беттеріне, Интернет-ресурстарға сілтеме (видеоүзінді, құжат, мәтін және т.б. нақты сілтеме беру).

https://bilimland.kz/kk/subject/ximiya/11-synyp/majlardyng-ximiyalyq-qasietteri





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет