2. Өз күшіңізді сақтаңыз. Мезгіл сайын арқаға жатып демалыңыз. Қатты тоңып қалмау үшін демалуды тым созбаңыз.
3. Егер сіз жағаға өз күшіңізбен жететіндігіңізге сенбесеңіз, онда арқаға жатып, басқа адамдардың зейінін аударту үшін қолыңды жоғары көтеріп шайқаңыз.
1. Дем алуды тоқтаңыз және саусақтармен мұрныңызды жабыңыз.
2. Жаға жақын болса аяқпен судың түбін тауып көріңіз.
3. Егер су терең болса, онда артық ауыр заттардан құтылыңыз. Ол сізді судың астына алып кетуі мүмкін.
4. Егер сіздің аяғыңызда резеңке етіктер болса, оны тастамаңыз және қонышымен төмен қойып ауадан жасалған жастықшалар ретінде пайдалануға болады. Олай жасау сізге судың бетінде болуға ыңғайлы болады.
5. Ең жақын жағаға су ағымына диагональмен жүзіңіз.
Егер сіз жүзу білмесеңіз, көмек келгенше судың бетінде көбірек болуға ұмтылыңыз.
1. Суға бетімен төмен жатып, аяқты және қолды кең жазып ақырың және терең дем алуға ұмтылыңыз.
2. Судың бетіңде көбірек қалудың басқа әдісі бар. Аяқпен педальдарды бұрағандай жүзіңіз. Қолмен суды ұрыңыз. Олай жасап күшті суға түсіресіз және де тепе-теңдікті сақтаңыз.
3. Тағыда бір әдіс бар: вертикальды күйде екі аяқты бірдей бүгіп жан жаққа итеріңіз және тез түзу қылыңыз.
Суға батып бара жатқан адамның денесі суда тік тұрады, басы толқында бірде көрінеді, бірде көрінбейді.
Сіздің іс-әрекетіңіз:
1. Егер сізде қайық бар болса батып бара жатқан адамға жүзіп, оны қайыққа көтеріңіз. Байқаңыз, қайық аударылып қалуы мүмкін.
2. Егер қайық жоқ болса, онда жүзіп батып бара жатқан адамға жетіңіз.
3. Батып бара жатқан адамға жеткен соң, оған артынан иық жағынан ұстаңыз. Әйтпесе ол сізді ұстап алуы мүмкін және сіз бірге батып кеу қаупі туындайды.
4. Егер батып бара жатқан адам сізді ұстап жібермесе, онда оны бір қолымен жағынан ұстап өзіңе қарай тартыңыз. Оның басы сіздің басымен қатар беті жоғары болу керек.
5. Жағаға қарай қырмен немесе арқада жүзіңіз.
6. Егер батып жатқан адам есін жоғалтқан болса, оны жағаға қарай жүзгенде жағынан ұстап, беті судан жоғары болуын қадағалаңыз.