«Жедел іш» - құрсақ ішілік қатты ауру сезімімен этиологиялық және клиникалық ағымы әр түрлі болып келетін жинақталған термин, бұл жағдайлар жедел хирургиялық емдеуді талап етеді.
«Жедел іш» жалпы көрінісі:
Дені сау адамдағы кенеттен пайда болған ауру сезімі.
Бұл патологияға әкелетән көптеген себептер науқастың өлім қаупін тудыруы мүмкін, сондықтан бұл жағдайда диагнозды дұрыс және уақытында қою маңызды болып есептеледі.
Гинекология және хирургиядағы «жедел іш» диференциалды диагностикасын қоюдағы қателіктер жиілігі 3 % - дан кем емес.
«жедел іш» диагностикасын қоюдағы қателіктер еркектерге қарағанда әйелдерде жиі кездеседі.
Әйелдерде құрт тәрізді өсіндінің жанында 3 ағза орналасқан, олар жарақаттанған кезде ауру сезімі пайда болады.
Әйелдерде құрсақ іші жатыр және оның түтіктері арқылы сыртқы ортамен байланыста болады.
Гинекологиядағы «жедел іш» себептері :
Жедел құрсақ ішілік қан ағу (үзілген жатырдан тыс жүктілік, аналық без апоплексиясы);
Ішкі жыныс ағзаларының қандануының бұзылуы (аналық без ісігінің және ісік тәрізді түзілістің аяқшаларының бұрылуы немесе миоматозды түйіннің некрозы);