Түтіктік түсік -
- Әр түрлі клиникалық көріністер болады:
- Кейбіреулерінде жедел ішкі қан ағу белгілері,
- Ал басқалардың симптоматикасы мардымсыз болғандықтан диагнозды қою өте қиынға соғады.
Түтіктік түсік диагностикасы: - Анамнезі: етеккірдің соңғы күні, соңғы 2-4 етеккір циклінің сипаты, болжамалы және шынайы жүктілік белгілерінің болуы.
- Ауру сипаты толғақ тәрізді (бірнеше минуттан бірнеше сағатқа дейін), жыныс жолдарынан аққан қан бірінші ауру ұстамасында және одан кейін де болуы мүмкін. Қан жалқықтары «қою кофе» түсіне ұқсас болады.
Жатыр түтігінің жыртылуы - Жедел ішкі қан кетулердің белгілері: тері жабындыларының бозаруы, пульстің жиілеуі, АҚ төмендеуі, талу, бас айналу.
- Ауру сезімі түтіктің жыртылуымен және ішке аққан қан іш пердені тітіркендіруімен шақырылады.
- 11% жағдайда массивті қан кету және геморрагиялық шокпен жүреді.
Жатыр түтігінің жыртылу диагностикасы: - Кенеттен пайда болған ауру сезімі жүктілік дамып келе жатқан түтікте болады, ауру сезімі өзіне тән таралуымен, кейде тенезм және іштің өтуімен жүреді.
- Науқастар апатипті, қарағанда адекватты емес, тері жабындысы және көзге көрінетін шырышты қабаты бозғылт реңді, суық тер, демікпе байқалады.
- АҚҚ төмендейді, пульсі жиілейді.
Іш пальпациясында қатты ауру сезімі және іш пердені тітіркендіру симптомы оң, кейбір жерлерде перкуторлы дыбыстың тұйықталуы байқалады, оның шекарасы адам денесінің қозғалысына байланысты болады. - Іш пальпациясында қатты ауру сезімі және іш пердені тітіркендіру симптомы оң, кейбір жерлерде перкуторлы дыбыстың тұйықталуы байқалады, оның шекарасы адам денесінің қозғалысына байланысты болады.
- Бимануалды тексергенде – жатырдың қатты қозғалуы (“жүзетін жатыр” симптомы), жатыр мойнын қозғағанда қатты ауру сезімі, артқы күмбездің салбырауы және өте қатты ауру сезімді болуы («Дуглас айғайы»).
Достарыңызбен бөлісу: |