Жатырдан тыс жүктілік этиологиясы: - 1. Аналық факторлар:
- Жатыр қосалқыларындағы қабыну үрдістері (14-92,5%);
- Анамнезіндегі түсіктер
- Жатыр ішілік контрацепция;
- инфантилизм,
- Жатыр түтіктерінің эндометриозы.
- 2. Ұрықтық факторлар:
- Уақытынан бұрын пайда болған хорионның ену қабілеті;
- зиготаның биологиялық активтілігінің жоғарылауы.
Жатырдан тыс жүктілік патогенезі: - Хорион бүрлері жатыр түтіктерінің қабырғасына еніп, оның бұзылуына және еруіне алып келеді.
- Сол жерде фиброзды некроз пайда болады, нәтижесінде түтік қабырғасы жұқарып созылады да қан тамырлары мен жүйке талшықтарының диструкциясына алып келеді.
Жатырдан тыс жүктілік классификациясы : - Түтіктік (98,5-99%):
- интерстициалды (1-3%),
- истмикалық (15,3%),
- ампулярлы (60-95,3%),
- фимбриалды.
- Құрсақтық:
- біріншілік,
- екіншілік.
- Аналық бездік (3,1-8%).
- Мойындық .
- Рудиментарном мүйіздегі жүктілік.
Жатырдан тыс жүктілік клиникасы : - Объективті қарауда және анамнезінде жүктілік белгілері бар, жыныс жолдарынан аз мөлшердегі қою түсті қанды бөліністер болуы мүмкін;
- Кенеттен болатын толғақ тәрізді ауру сезімі, бас айналу кейде талықсумен аяқталады, лоқсу, сирек құсу, дене қызуы қалыпты немесе субфибрилді, сирек жағдайда жоғары.
- Френикус-симптом оң нәтижелі
- Құрсақ қабырғасының қатаюы аз ғана және ол тек қана оң жақта болуы шарт емес.
- Анемия белгілері өседі, салыстырмалы лейкоцитоз.
Жатырдан тыс жүктілік диагностикасы : - Қынаптық тексеру, әсіресе күмбез аймағы ауру сезімді. Күмбездер салбыраған. Көбінесе жатыр маңын пальпациялағанда қамыр консистенциясы тәрізді түзіліс болуы мүмкін.
- Децидуалды қабықтың ажырауы байқалады.
- Артқы күмбез пункциясында қошқыл қою түсті қанның болуы.
Достарыңызбен бөлісу: |