Оқушылардың білімге деген ынтасы мен қызығушылығын арттырудағы формативті бағалаудың маңызы. «Сабақ беру үйреншікті, жай ғана шеберлік емес, ол – жаңадан жаңаны табатын өнер»



бет3/12
Дата11.01.2022
өлшемі52,58 Kb.
#110818
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Оқушылардың білімге деген ынтасы мен қызығушылығын арттырудағы формативті бағалаудың маңызы

Оқушылардың портфолиосы.

Портфолио дегеніміз оқушы немесе мұғалімнің оқып білім алу және басқа да салалардағы жетістіктерін тіркейтін, жинақтайтын, бағалайтын және қорытындылайтын жүйе, тәсіл. Оқушының жұмыс папкасы ғана емес, алдын ала жоспарланған жетістіктерінің өзіндік іріктеулері мен оқушының барлық жұмыстарын оның ішінде емтихан жұмыстарының қорытындыларын да бір жүйеге біріктіретін, оның білім-біліктілігінің әр түрлі салаларын байланыстыратын жұмыстарының жиынтығы. Портфолио оқушының оқудың әр түрінен алған жетістіктерін қорытындыларын есептеуге мүмкіндік береді.

Оқу жетістіктерін бағалаудың осы түрін қолдану мұғалімге әр оқушының жетістік деңгейлерін танып отыруға қолайлы. Портфолионы құру үрдісінде оқушы мұғалімге тәуелділігін толықтай жоғалтады, ол өз бетінше жұмыс істеуге үйренеді, өзін өзі бағалауы қалыптасады, яғни оқушы өзін өзі бағалауға үйренеді.

Оқушы портфолиосы оқушылардың дескрипторлары жазылған жиынтық жұмыстарын, барлық пікірлерді, ұсыныстарды, өздерін бағалауларын сақтауға арналады.

Портфолионың мақсаты – оқушының білім алу үдерісі бойынша есеп беру, кеңейтілген білім беру аясындағы оқушының жеке өсуін қадағалауды қамтамасыз ету, алған білімі мен білігін практикада қолдана алатындығын көрсету.

Портфолионың педагогикалық міндеттері:

- оқушылардың жоғарғы оқу ынтасын қолдау;

- оқушылардың қалыптасқан білім, білік, дағдыларының деңгейін анықтай отырып, оқу үдерісіне өзгерістер енгізу арқылы ары қарай жетілдіру;

- оқушылардың дербестігі мен белсенділігін мадақтап, өздігінен білім алу мүмкіндіктерін кеңейту;

- оқушылардың өзін өзі бағалау дағдыларын дамыту;

- оқушылардың меншікті оқу іс-әрекеттерін ұйымдастыру және жоспарлау, мақсат қоя білуге үйренулерін қалыптастыру;

- Табысты даму үшін мүмкіндіктер мен қосымша алғышарттар орнату.

Оқушы портфолиосының қызметі

- жоғарғы мектептегі оқу түрінің ары қарайғы бағытындағы сенімді және жауапты таңдауы.

Оқушы пртфолиосының құрылымы:



  • Сыртқы бет

  • Пән бойынша бөлгіштер

  • Жиынтық жұмыстардың мазмұны (саны) немесе оқушының жетістіктері туралы есеп ;

  • Пән бойынша жиынтық жұмыстардың дескрипторлары, бағалау критерийлері

  • Оқушылардың жұмыстары, мысалы: эссе, бақылау жұмысы, мазмұндама, және т.б.

  • Оқушылардың рефлексиясы.

Сақтау тәртібі:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет