Оқушылардың ғылыми – зерттеу дағдыларын дамытуға арналған жаттығуларды жоспарлау



Дата17.02.2017
өлшемі46,62 Kb.
#9613
Оқушылардың ғылыми – зерттеу дағдыларын дамытуға арналған жаттығуларды

жоспарлау

Педагогика тарихында алуан түрлі оқыту нысандары болды. Олардың пайда болуы, дамуы, кейбіреулерінің жойылуы қоғамның талабына байланысты еді.


Әр заман оқытуды ұйымдастыруға әсер етті. Нәтижесінде педагогика ғылыми тәжірибеден көптеген деректер жинады. Баланы оқытуды ұйымдастырған алуан түрлі жұмыстар зерттеліп, олардың ішінен қазіргі заманға лайықтылары іріктелді.
Мектепте оқитын оқушылардың саны, олардың оқитын жерлері, оқу жұмысының ұзақтығы зерттеліп, баланы жекелеп оқыту, топты, ұжымды оқыту, сыныпта, сыныптан тыс, мектепті, мектептен тыс жерлерде оқыту жолдары анықталды.
Баланы жекелеп оқыту өте ерте кезден бар. Ол тапсырманы мұғалімнің не өзінің үйіндеорындайды. Тапсырма мұғалім оқулығынан беріледі. Жекелеп оқыту қазір де қолданылады.
Баланы жекелеп Оқыту XIII ғасырға дейін қолданылған. Әсіресе, ауқатты адамдар балаларын жекелеп оқытқан.
Жекелеп оқытудың жақсы жақтары:
•    Мұғалім оқушының нені білетінін, нені білмейтінін анықтайды.
•    Оқушының қатесін уақытында түзетеді.
•    Оқушы өзіне ыңғайлы уақытта жұмыс істейді. 
Кемшіліктері:
•    Мұғалім оқушыға білім беріп, оны оқушы қалай түсінгенін тексерумен шектеледі.
•    Оқушы басқа оқушылармен қарым-қатынаста болмайды.
•    Бала ұжымда, әлеумет арасында жұмыс істеуге үйренбейді. Міне, сондықтан жекелеп оқыту XI ғасырдан бастап азая бастады.
Балаларды жекелеп – топтап оқыту түрі қалыптасты. Мұғалім тек бір оқушыға емес, "түрлі жастағы балаларға тапсырма берді. Олардың дайындық деңгейлері де түрліше еді. Сондықтан мұғалім әр оқушымен жеке жұмыс жүргізді. Мұғалім әрбір оқушыдан өткен материалдарды сұрап, әрқайсысына жаңа тақырыпты түсіндіріп, жеке тапсырмалар берді. Оқушылар окуға жылдың кез келген уақытында келді.
Жеке, жеке-топтық оқыту түрлері XI ғасырдың аяғы, XII ғасырдың басында қоғам сұранысын қанағаттандырмады.
X, XI ғасырдағы Еуропаға білімді адамдар өте қажет еді, себебі қолөнер, сауда, өнер, әдебиет, сәулет өнері дамыды. Осыған байланысты оқитын балаларды ұжымға біріктіру туралы ұсыныстар алғаш рет Белоруссия, Украиналық туысқандық мектептерінде жүзеге асты. Оны балаларды сынып-сабақ жүйесі арқылы оқыту деп атады. Сынып-сабақ жүйесінің тәжірибесін зерттеп, оны дүние жүзінің мектептеріне таратқан Я.А.Коменский.
Оқытудың бұл түрі жетілдірілген түрде дүние жүзінің мектептерінде қолданылуда. Сынып-сабақ ұғымының пайда болғанына 350 жылдай уақыт болды.
XIII- ХІХ ғасырларда ағылшын діни қызметкері А.Белл және мұғалім Джон Ланкастер өзара оқыту жүйесін қолданды. Алдымен жоғары сынып оқушылары мұғалімнің басшылығымен тақырыпты өздері оқып, одан нұсқаулар алып, бастауыш сынып оқушыларын оқытты.

Оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі түрі — сабақ.


Сынып-сабақ жүйесінің мәні мен ерекшеліктері.
•    Жастары және дайындықтары бірдей оқушылардан сынып құрастыру. Сыныптың құрамы мектеп бітіргенше өзгермейді.
•    Оқу процесі өзара байланысты, бірінің соңынан бірі келіп отыратын сабақ түрінде жүреді.
•    Сынып жылдық жоспар, бағдарлама, тұрақты сабақ кестесі бойынша жұмыс істейді. Балалар мектепке жылдың бір уақытында қабылданады.
•    Жұмыстың негізгі түрі – сабақ.
•    Сабақ бір оқу пәнін, тақырыпты түсіну үшін өткізіледі.
•    Оқушылардың жұмысына мұғалім басшылық етеді. Ол оқушылардың білім, іскерлік, дағды деңгейлерін анықтап, оларды жыл аяғында келесі сыныпқа көшіру туралы шешім қабылдайды.
•    Оқушылардың танымдық іс-әрекетінің алуан түрі;
•    Әр сабақта үш мақсатқа жету үшін жұмыстар жүргізіледі.
Сынып – сабақ жүйесі әлі зерттелуде. Жақсы жақтары: сынып-сабақ жүйесінің басқа оқыту түрлеріне қарағанда артықшылықтары бар, себебі оның бөліктері бір-бірімен байланысты, мұғалім барлық оқушылармен жұмыс істейді, оқушылардың бір-бірін оқытуына мүмкіндік жасалады. Оқушылар тәрбиеленеді, дамиды, бір-бірімен жарысады. Сабақ оқу-тәрбие жұмысын реттейді, оны басқарады, балалар бір- бірімен ынтымақтаса жұмыс істейді, мұғалім оқушылардың сезім әлеміне әсер етеді, тәрбиелейді, көп оқушылармен жұмыс істейді. Кемшілігі: үлгерімі нашар оқушыларға қиын, ал жақсы оқитындардың қабілеті тежеледі. Мұғалімге әрбір оқушымен жеке жұмыс жүргізу қиын. Басты кемшілігі "орташа" оқушымен жұмыс істеудің, жеке оқу-тәрбие жұмысын жүргізу мүмкіндігінің жоқтығы.
Сондыңтан ғалымдар сынып-сабақ жүйесін жетілдіру жолдарын іздестіруде.
Сабақ – оқытуды ұйымдастырудың негізгі нысаны. Сабақ упқыты қысқа, сондықтан ол күрделі және жауапты кезең, себебі сабақтың сапасы оқушының дайындығына тікелей әсер етеді. Сондықтан мұғалімдер сабақтың жаңа технологиясын жасап, енгізу, қысқа мерзім ішінде оқу міндеттерін орындау үшін жұмыстануда. Жақсы сапалы сабақ беру оңай жұмыс емес. Көп нәрсе мұғалімнің сабаққа қойылатын талаптарды түсінуіне және орындауына байланысты.

Талаптарды әлеуметтік сұраныс, оқушылардың жеке қажеттіліктері,



Оқыту мақсаты және міндеттері, оқу процесінің заңдылықтары мен принциптері анықтайды.
I. Қазіргі сабаққа қойылатын дидактикалық талаптар:
•    білімдік міндеттерді нақты қою, олардың дамуға және тәрбиеге ықпалын анықтау;
•    оқу бағдарламасының талабы мен сабақтың мақсатына сай, оқушылардың білім деңгейлеріне қарап сабақты жоспарлау, оқушылар меңгерген ғылыми білімдерді, іскерлік дағдыларды аңықтап отыру;
•    оқытудың тиімдірек әдістерін, тәсілдерін және құралдарын таңдау, оқушыларды ынталандыру, меңгеру барысын бақылау, танымдық белсенділікті арттыру, ұжымдық және жеке жұмыс түрлерін ұштастыру, өздік жұмыстарды ұйымдастыру;
•    оқыту принциптерін қолдану;
•    оқушылардың жақсы оқуына жағдай жасау.
II. Сабаққа қойылатын психологиялық талаптар:
•    оқу пәні және нақты сабақ арқылы әр оқушының дамуын жобалау;
•    оқушыларды дамытатын психологиялық-педагогикалық құралдарды, әдістемелік тәсілдерді табу;
•    оқушылардың репродуктивтік және шығармашылық жұмыстарының көлемін анықтау; жұмылдыра білуі. Ақыл-ойының дамуы;
•    білім деңгейлеріне сәйкес оқушыларды топтарға бөлу, олардың әрқайсысымен жеке жұмыстар жүргізу. Жаппай жұмысты уйымдастыру.
Оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескеру:
•    жақсы және нашар оқитын оқушылармен жұмысты жоспарлау;
•    оларға жеке тапсырмалар беру;
•    әрбір оқушының белсенді оқуына жағдай жасау.
III. Сабаққа қойылатын гигиеналық талаптар:
•    қалыпты температуранық болуы;
•    ауаны тазартып түру;
•    жарықтың болуы;
•    балаларды шаршатпау;
•    іс-әрекетті түрлендіріп отыру. Мысалы, тыңдауды санаумен, жазба және практикалық жұмыстарымен ауыстыруға болады;
•    сергіту сәтін уақытында және сапалы өткізу;
•    оқушылардың жұмыс істеген кездегі дұрыс қимыл-қозғалыстары;
•    сынып жиһаздарының оқушының дене бітістеріне сәйкес келуі және оның өсуіне ықпалы.
IV. Сабақты өткізу техникасына қойылатын талаптар:
•    сабақтың әсерлілігі, оқуға қызығушылықты және білімге деген сұранысты арттыруы;
•    сабақтың қарқынының оқушыларға қолайлылығы, мұғалім мен оқушы жұмыстарының нәтижелілігі;
•    мұғалім мен оқушы арасында жұмыс барысында пайда болатын тығыз байланыс. Әр оқушыға сенім білдіру;
•    мұғалім көңілінің көтеріңкілігі, белсенді шығармашылық жұмыс.
Тәрбиелік талаптар:
•    оқу материалының, іс-әрекеттің тәрбиелік мүмкіндігін аңықтау, орындалатын тәрбиелік мақсат қою;
•    оқу жұмысының мақсаты мен мазмұнынан туындайтын тәрбиелік міндеттер қою;
•    оқушылардың бойында өмірге керекті қасиеттерді, атап айтсақ: табандылықты, орнықтылықты, ұқыптылықты, жауапкершілікті, орындаушылықты, өздікті, жұмыс істей білушілікті, зейінділікті, адалдықты, ұжымшылдықты тәрбиелеу;
•    балалармен ынтымақтасу, олардың табысқа жетуіне көмектесу'
•    ізгілендіру, әрбір баланың жеке ерекшелігіне сүйеніп тәрбиелеу.



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет