Оқушылардың ғылыми қоғамыН ҚҰру негіздемесі



бет1/5
Дата03.10.2023
өлшемі25,98 Kb.
#183558
  1   2   3   4   5
Байланысты:
болашақ


Оқушылардың ғылыми қоғамы
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҒЫЛЫМИ ҚОҒАМЫН ҚҰРУ НЕГІЗДЕМЕСІ

Оқушылар арасында қазіргі таңда зерттеу іс-әрекетіне қызығушылықтың артып келе жатқаны байқалады. Бұған оқушылардың ғылыми қоғамы әсер етті.


Мектептік ғылыми қоғамның мақсаты оқушылардың қызығушылығымен сай келді. Бұл:
- оқушылар тарапынан шығармашылық есептерді стандартты емес, өзіндік амалмен шешуді анықтау;
- оқушыларды зерттеу іс-әрекетіне жұмылдыру және олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту;
- шығармашылық ізденісі және зерттеу жұмыстарын орындау үрдісі кезінде оқушылардың аналитикалық және сын тұрғыдан ойлау қабілетін қалыптастыру;
- кәсіптік бағдарлауда көмек көрсету;
- оқушылардың іс-әрекет барысында мақсат қоя білуді және жүйелікті дамыту;
- қойылған мақсатқа жету арқылы және қол жеткен нәтижелердің басылуына орай оқушылардың өз орындарын таба білуі.
Мектептік ғылыми қоғамның іс-әрекеті таңдалған бағыттарға сәйкес тізіледі. Осы үрдісті компонентті уақытылы басқару оқушылардың зерттеу іс-әрекетін тиімді ұйымдастырудағы маңызды жағдай болып табылады. Мектептегі мұндай басқару пәндердің әдістемелік бірлестіктерімен (ӘБ) және ғылыми-әдістемелік жұмысы бойынша директор орынбасарының басшылығымен мектептік ғылыми-әдістемелік кеңесі жүзеге асырады.
Отырыс кезінде мектептік ғылыми-әдістемелік кеңес мектептегі оқушылардың оқытылу іс-әрекетінің ағымдық жағдайына баға береді, мектептегі оқушылардың зерттеу жұмысын жалпылау туралы шешім қабылдайды, және оқушылардың орындаған зерттеу жұмыстарын жалпылау мен олардың нәтижелерін оқу-тәрбие үрдісінде қоолдану туралы шешім қабылдайды.
Ғылыми-әдістемелік жұмыс бойынша мектеп директордың орынбасары:
- мектептегі зерттеу іс-әрекетінің жалпы басшылығын жүзеге асырады;
- оқушылардың зерттеу іс-әрекетін жетілдіру мен дамыту; оқу-тәрбие үрдісіндегі зерттеу жұмыстарының нәтижесін пайдалану бойынша мектептегі пәндік әдістемелік бірлестігі мен ғылыми-әдістемелік кеңестің ұсыныстарын талқылауды ұйымдастырады;
- жетекшілікке үміткерді, оқушылардың зерттеу жұмыстарының орындаушыларын, жұмыс бағдарламаларды және зерттеу іс-әрекеті бойынша есеп берулерді қарастыру мен бекітуді ұйымдастырады;
- әдістемелік бірлестіктің жетекшілерімен және оқушылардың зерттеу жұмыстарының жетекшілерімен әдістемелік жұмыс өткізеді (оқушылардың ғылыми қоғамына материалдық-техникалық көмек ұйымдастырады).
Пәндік әдістемелік бірлестіктер өз отырыстарында оқушылардың зерттеу жұмыстарының орындаушылары мен жетекшілерін тағайындайды, олардыңғ тақырыптарын бекітеді. Оқушылардың ғылыми жұмыстарының жетекшілігін мектептің аса білікті ұстаздары жүзеге асырады, сонымен бірге оқушылардың зерттеу жұмыстарының жетекшілігіне сырттан келген мамандар мен ғылыми қызметкерлер жұмылдырылады. Оқушының зерттеу жұмысының жетекшілік міндетіне келесі жатады: қарастырылып жатқан мәселенің кез келген сұрағының меңгерілу деңгейін сараптау негізінде зерттелетін жұмыстың болжам тақырыптарының тізімін құрастыру; зерттеу жұмысының тақырыбын таңдауда оқушыларға көмек көрсету; зерттеу жұмысының жұмыс бағдарламасын құрасыру; ағымдық жетекшілік, әдістемелік, ұйымдастырушылық-техникалық көмек; оқушыларға үнемі кеңес беру; зерттеу жұмысының негізгі кезеңдерінің орындалуын бақылау; көрнекілік әдістемені құрғанда, оқушының зерттеу жұмысы туралы есеп беруді құрастыруда әдістемелік және ұйымдастырушылық-техникалық көмек; оқу –тәрбие үрдісінде оқушының зерттеу жұмысының нәтижесін қолдану бойынша нұсқалықтарды әзірлеу; шығармашылық жұмыстар сайысына, олимпиадаларға және ғылыми конференцияларға қатысудағы дайындыққа зерттеу жұмысының орындаушыларына көмек көрсету; келешекте зерттеу жұмысының нәтижесін жариялауға көмек көрсету.
Оқушылардың зерттеу жұмысы кезеңмен ұйымдастырылады. Келесі іс-әрекеттің кезеңдерін аранайы белгілеу:
I-даярлық (5-7- сыныптар);
II-дамытушылық (8-9- сыныптар);
III-өзіндік зерттеушілік (10-11- сыныптар).
Бірінші, даярлық кезеңі балаларды оқулықтармен және сөздіктермен жұмыс жасауды, жылдам оқуды, еңбекті ғылыми тұрғыдан ұйымдастыруды үйретуін қалыптастыруды көздейді. Осы кезеңде оқушы тарапынан оқу іс-әрекетіне белсене қатысуы басталады, сонымен қатар шығармашылық қабілеті бар оқушылар анықталып және туған өлкені қызыға танушылық әрекеті қалыптасады.
Екінші, дамытушылық кезең оқушылардың ғылыми жұмысты ұйымдастыру қабілетінің жетілуін қарастырады, олардың көзқарасын белсенді кеңейтуге бағытталған. Осы кезеңдегі қызығушылықтың артуын мектептегі сыныптан тыс бірлестіктердің дамуы маңызды рөл атқарады. Балалардың зерттеушілік қабілетінің қалыптасуына арнайы курстар әсерін тигізеді.
8-9 сыныптың оқушылары қалаудары бойынша оқушылардың ғылыми қоғамына кіреді, онда олар жоғары буын оқушыларымен ғылыми-зерттеу іс-әрекет түсінуге тырысады.
10 өзіндік зерттеу кезеңі оқушылардың ғылыми-зерттеу іс-әрекетінің тікелей кезеңі болып табылады, оның барысында жалпы мекетптік тақырыптар қалай әзірленсе дәл солай балалардың жеке жобалары да әзірленеді. Оқушылардың зерттеу іс-әрекеті мектепте үнемі болашағы бар болуы үшін осы жұмыстың сабақтастығы қамтылуы қажет. Осы мақсатпен жоғары сыныптың оқушылары кіші буын, орта буын оқушылары арасында тілдесулер, сынып сағаттар, әлеуметтік зерттеулер жүргізе алады.
Сабақтастықтың іске асырудағы маңызды рөлі оқушы ғылыми қоғамының есеп беру отырысында жүзеге асады, онда театралды көрінісі ретінде түлектер «келесі ұрпаққа» зерттеу жұмысының «эстафетаның тапсырылуы» өтеді. Мектептік ғылыми қоғамның іс-әрекетін ұйымдастырар кезде оқушының зерттеу жұмысының сәтті факторы туралы есте сақтаған дұрыс. Оларға жататыны:
- осы жұмыс түрімен оқушылардың өз еркімен білу принципін сақтау;
- оқушы тарапынан тақырыптың таңдалуы;
- зерттеу жұмысын өткізу барысында оқушы тарапынан максималды түрде өздігінен жасалатын жұмысының байқалуы;
- оқушының зерттеу жұмысы барысында ұстаздың қызығушылық және компоненті қызығушылығы;
- оқушылардың, ұстаздардың және ата-аналардың зерттеу жұмысын аса бағалау, оқушы тарапынан орындайтын жұмысының маңыздылығын түсінуі.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет