Қантты диабетпен ауырған баланың өсуі көбінесе нашар болады. Глюкагон гормонының жетіспеуіне байланысты 10 жасқа дейінгі балаларда талма ауруы байқалады. 10 жастан аса ауру өзінен өзі жоғалады, себебі глюкагонның орнын бүйрек үсті безінің милы қабатындағы адреналин гормоны басады.
Қорытындылай келе біз балаларда эндокринді бұзылыстардың пайда болуының себептерін білуіміз керек. Оларға жатады: генетикалық деңгейдегі аномалиялар, ісіктер, әр түрлі қабынулық процесстері,иммунитетің төмендеуі, қанайналымының бұзылыстары, жүйке жүйесінің қандай да бір бөлігінің зақымдалуы, тіндердің гормондарға сезімталдығының бұзылуы. Эндокринді жүйесінің қызметінің бұзылыстарын әдетте УДЗ, түрлі лабораториялық зерттеулер(қанның жалпы анализі, биохимиялық анализ, несеп анализі). Емінде негізі орынбасушы терапия қолданылады, оған қосымша емдік физкультура, массаж тағайындайды.эндокринді аурулары пайда болмас үшін балалар салауатты қмір салтын ұстап, дұрыс тамақтануы керек тамақ рационында жеткілікті түрде витаминдер болуы қажет, қосымша дәріханадан витаминдер алып ішу керек(йодомарин, витамин С және т.б.), белсенді жаттығулар жасау керек.
316 Шартты және шартсыз рефлекстер туралы мәліметтерді атаңыз
Рефлекс(лат reflexus — кері қайтарылған, шағылысқан) — ағзаның ішкі немесе сыртқы тітіркендіргіштер әсеріне орталық жүйке жүйесінің қатысуымен қайтаратын жауабы
Шартсыз рефлекстер дегеніміз не?
Шартсыз рефлекс - ата-анадан ұрпаққа берілетін ішкі немесе сыртқы ортаның әсеріне организмнің туа біткен стереотиптік реакциясы. Ол өмір бойы адамда қалады. Рефлекторлық доғалар ми арқылы өтеді және олардың түзілуіне ми қыртысы қатыспайды. Шартсыз рефлекстің маңыздылығы оның ата-бабаларының көптеген ұрпақтарымен жиі жүретін қоршаған ортаның өзгерістеріне адам ағзасының тікелей бейімделуін қамтамасыз етеді.
Шартты рефлекстер дегеніміз не?
Тіршілік барысында организмнің алған рефлекстер шартты рефлекстер деп аталады. Олар сыртқы тітіркендіргіштің (уақыт, қағу, жарық және т.б.) әсеріне байланысты тұқым қуалайтындар негізінде қалыптасады. Жарқын мысал ретінде академик И.П. Павлов. Ол жануарларда рефлекстердің осы түрінің қалыптасуын зерттеп, оларды алудың бірегей техникасын жасаушы болды. Сонымен, мұндай реакцияларды дамыту үшін тұрақты ынталандыру - сигнал болуы керек. Ол механизмді іске қосады, ал тітіркендіргіш әсердің бірнеше рет қайталануы дамуға мүмкіндік береді.Бұл жағдайда шартсыз рефлекс доғалары мен анализаторлардың орталықтары арасында уақытша деп аталатын байланыс пайда болады. Енді негізгі инстинкт сыртқы сипаттағы принципті жаңа сигналдардың әрекетінен оянуда. Дене бұрын немқұрайлы болған қоршаған әлемнің бұл ынталандырулары ерекше, өмірлік маңыздылыққа ие бола бастайды. Әрбір тіршілік иесі өз өмірінде оның тәжірибесінің негізін құрайтын көптеген әртүрлі шартты рефлекстерді дамыта алады. Дегенмен, бұл тек осы жеке адамға қатысты, бұл өмір тәжірибесі мұраға берілмейді.
317Гормондардың бала организміне әсері және гипофиз безіне мысал келтіріңіз.
Гормон – эндокриндік бездер шығаратын биологиялық белсенді заттар. Эндокриндік бездер гормондарды қанға шығарады. Қанмен бірге гормондар бүкіл денеде жүреді, зат алмасуды және белгілі бір ағзалардың жұмысын реттейді. Адамның 9 эндокринді бездері бар және олардың әрқайсысы бірден бірнеше гормонға айналады. Кейбір ағзалар, нақтырақ айтқанда бүйрек, асқазан-ішек жолдары және бауыр гормондар шығаруға көмектеседі. Мидың кішкене бөлігі болып табылатын гипоталамус – барлық гормондардың жұмысын ұйымдастырады. Егер гормонның бөлінуінде ешқандай кінәрат болмаса, адам өзін жақсы сезінеді әрі денсаулығы жақсы болады. Ал егер гормон дұрыс бөлінбесе, онда денсаулығы сыр береді.
Бастауыш сыныптарда қыздардың жыныстық жетілуі басталады. Осыған орай қыздардың ер балаларға деген ерекше ынтасы байқалады. Оның үстіне олардың денесінің өсуі күшейіп, өздерімен құрдас ер балалардан ерекшелене бастайды. Соңдықтан бастауыш мектептердегі жыныстық тәрбиенің маңызы өте зор. Қыздарға болашақта көрінетін етеккірдің себептерін, оған байланысты дене тазалығының маңызын алдын ала түсіндіріп, олардың психикасын дайындап, гигиеналық дағдыларын қалыптастыруға ат салысу керек. Бастауыш сынып мұғалімдері қыздардың аналарымен байланыса отырып, жыныстық тәрбиені ұйымдастыруы қажет. Осы бастан-ақ ер балалар мен қыздарға жыныстық айырмашылықтар, жыныс мүшелерінің құрылысы, жыныстық жетілу туралы алғашқы қажетті ұғымдар беріп, бағытты тәрбиені жүргізу керек.
318Ұйқы мен сергектіктің нейрофизиологиялық негіздері. Ұйқы гигиенасын түсіндіріңіз
Ұйқы механизмін, оның физиологиялық мәнін тұңғыш рет академик И. П. Павлов ашып берді. Ол ұйқы – мидың барлық орталықтарын қамтитын кең тараған тежеу екенін анықтады. Ұйықтаған кезде бұлшық еттер босаңсиды, тыныс алу сиреп, жүрек соғуы бәсеңдейді, дене температурасы, қан қысымы, зат алмасу төмендейді, қысқасы организмнің бүкіл қызметін реттейтін нерв орталықтарының белсенділігі құлдырайды. Адамның сергек кезінде нерв клеткалары үздіксіз істейді, мұның өзінде олардың химиялық құрамы елеулі түрде өзгереді, энергетикалық қорлар сарқылады. Біздің организміміздің ұлы сақшысы, тыным беріп, күш-қуатымызды қалпына келтірушісі – ұйқы болмаса, жүйке клеткалары тез құрып, қатардан шығар еді.
Жас және дендері сау адамдар ауырып-сырқағанда немесе қатты күйзелген, мазасызданған, қажыған күндері болмаса, басқа уақытта ұйқы қашу дегеннің не екенін біле қояр ма екен. Алайда жас ұлғая көптеген әйелдер мен еркектер ұйқыдан айырыла бастайды. Бірақ қаншама таңқаларлық көрінсе де, мұндай әуреге көбіне дені сау, пәлеңдей сырқаты жоқ адамдар да тап болады. Оның басты себебі... адамдардың дұрыс ұйықтай білмеуінде.
Терең, алаңсыз ұйқының негізі – нерв жүйесінің сабырлы күйде болуында, оны шаршау мен тынығудың дұрыс кезектесуі, басқаша айтқанда, тұрмыстың дұрыс режимі қамтамасыз етеді. Ұйықтауға үнемі белгіленген бір уақытта жатуға дағдылану – ұйқының берік болуының сенімді құралы. Сағат 10-да жатасыз ба, жоқ болмаса 11-де жатасыз ба, мұның пәлендей маңызы жоқ. Ең бастысы бұл мерзімнің тұрақты болуында, ағза алдын ала тынығуға «икемделеді», сондықтан қандай жағдайда да, тіпті жанұя мүшелерінің бәрі бір мезгілде жатпаса да, кейбіреулерінің істейтін шаруасы болса да, сіз ұйықтай бересіз. Ұйқы бұзылуының алғашқы белгісі – ерте ояну, ешбір себепсіз, таңертеңгі сағат 4 – 5-те оянып, көпке дейін ұйықтамай жатасыз. Әрине, бұған қатты уайымдасаңыз, немесе одан да бекер берекеңізді кетіретін өмірлік мәселелерді ой елегінен өткізсеңіз, бірдеңе оқысаңыз немесе бөлмеде арлы-берлі жүріп алыңыз, таң атпай ояну дағдыға айналып, соған машықтанып кетесіз. Бұл дағдыдан ертерек құтылуға тырысыңыз. Оянысымен жамылғыны ашып, денеңіз аздап салқындай бастаса – бұл көбінесе қайта ұйықтап қалуға көмектеседі. Немесе ұйықтап жатқан адамның тыныс алғанындай терең ырғақты тыныстаңыз – нерв клеткаларын тежейтін сыннан өткен әдіс. Ең бастысы, өз ойыңызды жанға жайлы тиетін, көңілді жұбататын бірдемеге аударыңыз. Мұның айтарлықтай көмегі бар. Қаншама ұзақ отырып қалсаңыз да оның зияны төсекте жатып қалғаннан әлдеқайда кем болады. Жалпы есіңізде болсын: төсекте ұйықтамай жату, ұйқыңыз келгенде оған қарсылық жасау – зиянды, оған машықтанбаңыз. Тез ұйықтауға жатардан бұрын серуендеу себін тигізеді, ал кейбіреулерге қысқа мерзімді, 3 – 5 минуттық адамды бей-жай тыныштық күйге бөлейтін ванна (судың температурасы дене температурасынан жоғары емес) көмектеседі. Төсекке жатарда көңілге қонымды, әдемі көріністерді көз алдыңызға елестетіп, соған ой аударуға болады. Ал бейнелі ойлау қабілеті оншама дамымаған адамдардың мынадай жаттығу жасауына болады: көзді жұмып жатып ақ бояумен ақ фонға 3 санын баяулап және бірнеше рет қайталап ойша жазыңыз. Мұның да ұйықтап кетуге тигізетін себі бар.
319Рецепторлардың қасиеттерін түсіндіріңіз
Достарыңызбен бөлісу: |