Оқушылардың физиологиялық дамуы пәнінің мақсатын және міндеттерін, басқа ғылымдармен байланысын түсіндіріңіз



бет18/20
Дата13.06.2023
өлшемі327,29 Kb.
#178709
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Байланысты:
1 деңгейдегі ОФД

Сипап сезу арқылы заттың пішінін, қаттылығы мен жұмсақтығын, тегістігін, жылы-суықтығын анықтайды. Терінің сыртқы және нағыз тері қабатында орналасқан рецепторлардың пішіндері мен қызметі әр түрлі. Біреуі жанасуды, екіншісі жылуды, үшіншісі суықты, төртіншісі ауырғанды қабылдайды. Жанасуды қабылдайтын рецепторлар терінің сыртқы қабатында, алақан мен саусақ ұшында болады. Тері арқылы суықты, жылуды, жанасуды, ауырғанды сеземіз. Затты ұстап саусақпен сипағанда тері рецепторларындағы қозу миға беріледі.
3115Үлкен және кіші қан айналым жолдарын көрсетіңіз
Үлкен қанайналым шеңбері → жүректің сол жақ қарыншасынан басталып → дене жасушаларына → жүректің оң жақ жүрекшесімен аяқталады. Үлкен қанайналым шеңбері деп аталу себебі – қан бүкіл денеге таралып, қайтадан жүрекке келеді.
Кіші қанайналым шеңбері → жүректің оң жақ қарыншасынан басталып → өкпеге → жүректің сол жақ жүрекшесімен аяқталады. Кіші қанайналым шеңбері деп аталу себебі – қан тек өкпеге барып оттекпен байытылады да қайтадан жүрекке келеді. Бұл қанайналым шеңберін кейде өкпелік шеңбер деп те атайды.
3116Жүрек - қан тамырларына жағымсыз əсер ететін факторлар, жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алу жолдарын көрсетіңіз
Жүрек-қан тамыры аурулары әлемнің көптеген дамыған елдерінде денсаулық сақтаудың басты проблемаларының біріне айналып отыр. Ол көбіне ересек адамдарды не мүгедектікке шалдықтырады, немесе өлімге әкеліп соқтырады.
Қауіп факторы - индивидтің жалпы болмысына сай, мекендейтін ортасынан байқалады, оның қалай және қайдан пайда болғаны, дамуы және адамның қандай да бір ауруға шалдыққандағы асқынудың салдарынан белгілі бір нәтижеге жетуімен сипатталады. Байқауымызша, жеке қауіп факторы аурудың асқынуына апаратын әр түрлі салдарын анықтауға көмектеседі және осы сипатымен себеп факторынан ерекшеленеді. ЖҚТА-ға келсек, қауіп факторы ЖҚТА асқынуын анықтайды немесе науқастың ауруы созылмалы түрге айналғандығын (асқынған жүрек-қан тамырларының ауруы кезінде) көрсетеді.
Осы анықтамалар негізінде қауіп факторларының бөлінуін байқаймыз:
-Ішкі (ағзаның және жеке тұлғаның ерекшелігі) және сыртқы (мекендейтін ортасы және өмір сүру салты) факторларға бөлінуі;
-жай және күрделі (құрамдас) факторлар;
-ауруға шалдығу және өлім қаупінің факторлары;
-аса маңызды және маңызы орташа (алғашқы және екінті) факторлар, аурудың асқынуына жол ашатын түрлері және екіншісі алғашқы түрінің модульдеуіне, дамуына әкеледі;
-өзгеретін және өзгеріссіз факторлар, ықпал етуге болатын (өмір сүру салты) және болмайтын жағдайлар (жынысы, жасы, генетикасы)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет