Жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алу
Кез-келген ауруды емдеу жолдары ең алдымен, асқазан жолдарын ретке келтіруден басталатыны белгілі. Денсаулықты сыртқы ортадан келетін түрлі зиянды заттардан, күйзелістен қорғау үшін мыналарды ескеру қажет:
-тамақтану рационы неғұрлым адам ағзасына қажетті, пайдалы элементтерден тұруы тиіс. Ол үшін ең тиімді жол күн сайын жейтін астың құрамы ақуыз, май және көмірсулардан тұрғаны жөн.
-- күнделікті өмірде белсенді физикалық жаттығуларға уақыт табудың мәні зор. Өйткені, кез келген физикалық түрдегі қозғалыс көптеген соматикалық аурулардың алдын алады.
- егер деніңіз сау, көңіл күйіңіз көтеріңкі, өзіңіз сергек жүргіңіз келсе, ең әуелі зиянды әдеттерге әуес болмағаныңыз дұрыс. Шылым мен спирттік өнімдер жүрек-қантамыр ауруларының ең үлкен себепшілері.
- дәрумендердің өмірімізде алар орны ерекше. Пайдалы өнім мен құнды микроэлементтер адам ағзасында жүретін маңызды процестерге жауапты.
3117Ас қорытудағы ферменттердің қызметін ашып көрсетіңіз
Ас қорыту жүйесі - адам мен жануарлар организмінде ас қорыту қызметін атқаратын органдар. Ас қорыту жүйесі көптеген жануарлар тұрінде бір жағынан тағам енетін, екінші жағынан тағам қалдықтары шығатын түтік деп баламалауға болады. Ас қорыту жүйесінің қарапайым құрылысты түрі алғашқы төменгі сатыдағы ішек қуысты жануарларда (гидроидты полиптер, медузалар) ұрықтың дамуының гаструла сатысында пайда болатын алғашқы ішек қуысы (гастроцель) түрінде өзгеріссіз қалады. Оның пішіні қапшық тәрізді, ішкі беті энтодерма қабатты, бір ғана ауыз тесігі болады. Жоғарғы сатыдағы ішек қуыстыларда (сцифондты медузалар, маржан полиптер, ескекшілер), сондай-ақ жалпақ құрттарда едәуір күрделі келіп, гастронель қуысының эктодермасының ішке қарай көмкерілуінен пайда болатын алдыңғы ішегі (жұтқыншақ) және гастроцель қуысының қалған жерінен құралатын ортаңғы ішегі болады. Немертиндерде және барлық жоғары сатыдағы омыртқасыз жануарларда (жұмыр құрттар, буылтық құрттар, құрт тәрізділер, моллюскілер, буын аяқтылар, тікен терілілер) алдыңғы және ортаңғы ішектен басқа аналь тесігі бар, артқы ішек бар. Омыртқасыз жануарлар арасында ең күрделі құрылысты.
Ауыз қуысының, жұтқыншақтың, өңештің алдыңғы жағы және тік ішектің төменгі бөлігінің ет қабатында көлденең жолақты ет талшықтары да болады. Қарынның ет қабаты 3 түрлі болады. Мұнда ұзыннан, көлденең, қиғаш орналасқан ет талшықтары бар. Ет қабатындағы әр түрлі бағыттарда жатқан ет талшықтарының жиырылуы, түрліше қозғалысқа келуі әсерінен ас Ас қорыту жүйесінде жылжиды. Ас қорыту жүйесі ішін астарлай жатқан ішкі қабатты кілегей қабық деп атайды. Ол кілегейлі, етті және кілегей асты қабаттарынан тұрады. Кілегейлі қабаты қарын мен ішекте жалаң қабаттан, ал ауызда, жұтқыншақта және өңеште бірнеше қабаттардан тұратын эпителийден құралады. Кілегей қабық салалы еттен тұрады. Талшықтары жиырылса, кілегей қабаты қозғалады. Кілегей асты қабат тілдің жоғарғы бетінде, қызыл иекте және қатты таңдайда болмайды. Ас қорыту жүйесінің көптеген бөлімдерінде кілегейлі және кілегей асты қабаттарында ас қорытуға қатысты сөл бөлетін без клеткалары болады. Ас қорыту жүйесінің бірнеше бөлімінен тұруы, оның ұзындығы эволюциялық даму сатысына ғана емес, жануарлардың қоректену ерекшеліктеріне де байланысты. Өсімдікпен қоректенетін жануарларда ол әрі ұзын, әрі көптеген бөлімнен тұрады. Мыс., күйіс қайыратын жануарлардың қарны 4 бөлімнен: таз қарыннан, жұмыршақтан, қатпаршақтан және ұлтабардан құралған. Керісінше жануар текті азықпен ғана қоректенетін жануарлардың Ас қорыту жүйесі әрі қысқа, әрі бөлімі аз болады.
Достарыңызбен бөлісу: |