Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру


«Орыс тілі», «Шетел» пәндері



Pdf көрінісі
бет19/37
Дата29.06.2023
өлшемі0,68 Mb.
#179232
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   37
Байланысты:
Алтынсарин. бастауыш Әдістемелік құрал

«Орыс тілі», «Шетел» пәндері
«Орыс тілі», «Шетел» пәндерін қазақ тілді бастауыш мектепте оқыту –
басқа тілдерде білім, білік, дағдылары қалыптасады.
Лексикалық-грамматикалық
шекте 
сөздік
қорлары
қалыптасады,
қарапайым үлгілік (типтік) сөйлемдерді айту, түсіну, құрау дағдылары
қалыптасады. Сөздік қорларының толығуымен жай сөйлемдерді жайылма
сөйлемдерге айналдыру білігі, сөз тіркестерін әр тілдің синтаксистік қатар
заңдылығына сүйене отырып құру білігі қалыптасады.
Тақырып аясында белсенді сөздік қорының қалыптасуы арқылы өз сөзімен
сипаттау, өз ойын білдіру, сезімін білдіруге үйренеді.
Өз ана тілімен салыстыра отырып дыбыстар қатарын игеру, дауысты,
дауыссыз әріп пен дыбысты дифференциациялау дағдысы, өзге тілде оқу, жазу,
санау дағдысы қалыптасады.


31
«Орыс 
тілі», 
«Шетел» 
пәндерін 
оқытуда 
жеке 
тілдік, 
тілдік,
коммуникативтік дағдысы. Тілдік нормаларға сай айтылым, оқылым, жазылым
білігі қаланады.
Сонымен қоса сөз, сөз тіркесі, сөйлем, шағын мәтін құрауға үйренеді.
Мәтінмен танысу, оқу арқылы тілдері дамып, сөздік қоры молаяды. Диалог,
монолог құру дағдысы қалыптасады. Сонымен қоса өзге елдің тарихы,
мәдениеті, салт-дәстүрі туралы түсінігі қалыптасады.
Өз ана тілінің негізінде практикалық тұрғыда фонетиканың, графиканың,
орфоэпияның, лексиканың, грамматиканың, сөзжасамның, орфография мен
пунктуацияның элементтерін игеру арқылы орыс тілінде, шетел тілінде
қарапайым коммуникативтілік функциясы дамып, адамгершілік, эстетикалық
мәдениеті дамиды.
«Математика және информатика» білім саласы
«Математика» пәні
Бастауыш сыныптардағы математика пәні 1000000-ға дейінгі натурал
сандар және нөл санының арифметикасы, негізгі шамалар, геометриялық
фигуралар туралы білім, білік, дағдылары қалыптасады. Сонымен қоса
жазықтықта заттарды орналастыру, уақытты мөлшерлеу, өлшемдерді анықтау,
көлемді ұғыну, арақашықтықты межелеу, жоғары, төмен, қасында, маңында,
артында, алдында тілдік ұғымдарды меңгертіп, қолдана білу дағдысына.
Математиканың базистік негізін игеру арқылы көрнекі-бейнелі, логикалық
және абстрактты ойлауды қалыптасады.
Тұлғаның
зейін,
қабылдау, есте сақтау, ойлау, сонымен
қатар
математикалық
тілінде сөйлеу, психомоторика тәрізді функциональдық
қасиеттері дамиды.
Бастауыш сынып оқушыларының оқу-танымдық қызметін дамыта отырып,
жоспарлау, жоспар бойынша әртүрлі іс-әрекеттер жасау, оның ішінде ойлау
қызметін талдау, зерттеу, жалпылау, модельдеу және т.б., өзін-өзі бақылау және
өзін-өзі бағалауды жүргізу білікгі қалыптасады.
Математикалық білім мен білік, есептеу, өлшеу, график құру дағдысы
қалыптасады.
Стандартты емес және логикалық, экономикалық сипаттағы тапсырмалар
негізінде жобалау қызметі және өмірлік жағдайларды шешу, тұрмыс тіршілікке
қажет экономикалық
тұрғыда есептеу, «пайдалы, пайдасыз» ұғымы туралы
түсініктері қалыптасады.
Сонымен қоса тұлғалық қасиеттері жауапкершілік, белсенділік, мақсатқа
талпынушылық, жауапкершілік қасиеттері мен нақты әрекет ету білігі
қалыптасады. Математика пәні негізінде қаланған білім, білік, дағды күнделікті
тұрмыс тіршілікте функционалды қолдануға тәрбиелейді. Математикалық
сауаттылықтың әдістемесі мазмұнын кіші жастағы оқушыларға математиканы
оқытудың әдістемелік ерекшеліктерін сипаттайтын ережелер, сондай-ақ
оқытуда дамытушылық және тұлғалық-іскерлік тұрғыдан қарау әрекеті
құрайды.


32
Математикалық сауаттылықтың мақсаты бүгінгі күн талабына сай, жан-
жақты дамыған, белсенді, өмірге талпынысы, тұрақты қызығушылығы бар,
алған білімді іс- әрекетте еркін қолдану дағдысы қалыптасқан тұлға.
Математика білім мазмұнының ең алғашқы бастамасы бастауыш буында
жүзеге асатыны белгілі. Себебі, бастауыш буында жоғары сыныптарда
оқылатын бүкіл пәннің іргетасы қаланып қана қоймайды, сонымен қатар білім
алуға талпынушылық, яғни балалардың оқу әрекеті, танымдық белсенділік,
жеке бастың адами қасиеттерінің негізі осы кезеңде қаланады. Сонымен қатар,
осы кезеңде баланың белсенділігі, оның рухани және дене күші де дами
бастайды. Осы жасқа лайықты мазмұн мен оны оқытудың әдісін саралау, бала
жанына жақын қарым-қатынас арқылы оларды дамыту мәселесін ғылыми жолға
қою оңай мәселе емес.
Бастауыш баласы үшін жаңа рөл - оқушы, жаңа әрекет - оқу болса, осы
мәселелерге олардың шаршамай, жалықпай,
қызығушылықпен араласып
кетуіне, маңайы мен қарым-қатынасының күшеюіне жағдай жасау мұғалімнің
шеберлігін және осы жастағы оқушының психологиялық ерекшелігін жете
білуін керек етеді.
Бастауыш сыныптардағы математикалық сауаттылық оқыту материалының
мазмұны кіші жастағы оқушылардың математикалық дайындығына, білім, білік
және дағдылар деңгейіне қойылатын талаптардың өзгеруімен байланысты
дәстүрлі модельге елеулі түзетулер енгізген жаңа мектеп бағдарламасымен
анықталады. Ал функционалдық сауаттылық пәндік сауаттылыққа қарағанда
кіші
ұғым, немесе оның
саласы болып есептелінеді. Осыған орай
функционалдық математикалық сауаттылық дегеніміз - пәнде игерген білімді
іс-әрекетте, тұрмыс- тіршілікте қолдана білуі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет