Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру



Pdf көрінісі
бет23/37
Дата29.06.2023
өлшемі0,68 Mb.
#179232
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   37
Байланысты:
Алтынсарин. бастауыш Әдістемелік құрал

Тапсырма 2:
1
.
Қай жануарға
қандай
үн сәйкес келеді? Аңдарды шығаратын
дауыстарына қарап, бiр-бiрiмен жалға және ол суреттердi боя.
2. Суретте жасырынған бейнелерді тап. Олар қандай үн шығарады?
Бейнелердің кескінін ажыратып, айналдыра сыз. Суретте мысық, ит, қаз
жасырынып қалған.
3. Сурет бойынша ауызша әңгiме құрастыр. Боя. Әңгiменi құрастыру
барысында олардың қандай дыбыстар шығаратын және қандай түспен
боялатынын да ескер.
5)
Тактильдiк ақпарат.
Әдiстемелiк нұсқаулар:
Оқушыларға ақпарат және оның түрлерi материалдарын қайталату
ұсынылады.
Жаңа тақырыпты меңгерту мен оны сынып оқушыларымен бiрге
қорытындылау мына түрде өткiзiледi:

Адам қоршаған ортадағы барлық ақпаратты иiс сезу, сипап сезу және
дәмдi сезу мүшелерiнiң көмегiмен қабылдайды.

Егер бiз ақпаратты сезiм мүшелерi арқылы қабылдасақ, онда ол

сипап сезу
ақпараты болып табылады. Ал оның ғылыми атауы – “тактильдiк
ақпарат”.

Егер бiз ақпаратты иiс арқылы қабылдасақ, онда ол – иiс сезу ақпараты
болып табылады.

Егер бiз ақпаратты тiл мүшесi арқылы қабылдасақ, онда ол – дәмдiк
ақпарат деп аталынады.

Есту, көру, сезу, иiс және дәм сезу мүшелерi – бұл ақпаратты алу
арнасы болып табылады.
Мұғалiмге арналған әдістеме:
Бiз денемiз арқылы сипап сезу ақпараттарын ала аламыз, мысалы, өзендегi
су жылы ма, әлде үтiк ыстық па және т.б. әрекеттердi өз денемiз арқылы
байқаймыз.
Бiздi қоршаған иiстер де маңызды ақпараттар қатарына енедi. Егер газдың
иiсiн сезсеңдер, онда не iстер едiңдер? Ондай жағдайда жедел жәрдем
қызметiне хабар беремiз. Жаңа жылда қандай иiстер сезесiңдер? Мәселен,
шыршаның иiсi шығады, анаңның жасаған бауырсақтарынан дәмдi иiс шығады.


39
Бұл ақпараттарды бiз иiс сезу мүшелерi арқылы анықтаймыз. Сондықтан ол
иiс
сезу
мүшесi арқылы анықталатын ақпарат деп аталады.
Ал ендi мына бiр көрiнiске назар аударайық. Аруна Әлімге алма бердi.
Оның сыйлаған алмасының қышқыл, не тәттi екенiн Әлім қалай бiледi? Бұл
жағдайда, ол дәм сезу мүшесi - тiл арқылы анықтайды. Ол – дәм сезу ақпараты
деп аталады.
Сонымен, ақпаратты мынадай сезiм мүшелерi арқылы қабылдаймыз: есту,
көру, сипап сезу, иiс сезу және дәм сезу. Көру, есту, сипап сезу, иiс сезу және
дәм сезу – бұл ақпаратты қабылдау арналары болып табылады.
Тапсырма1:
1.
Суретте не бейнеленгенін әңгімеле. Боя.
2. Ақпарат түрлерiн талқылау.
1 және 2 суреттер – дәмдi сезу ақпараты.
3 және 4 суреттер – иiс сезу ақпараты.
5 және 6 суреттер – сипап сезу ақпараты.
3. Қайсысы қай тағамды ұнатады? Сызықтар арқылы қос.
тышқан – сыр
қоян – сәбiз
балапан – бидай
ақ тиін – жаңғақ
қонжық – бал
4. Гүл мен оның атауын сызықтар арқылы қос. Боя. Бұл тапсырманы
орындау барысында гүлдердiң иiс сезу ақпаратына енетiнiн талқылаңдар.
1. Суретте не бейнеленгенiн әңгiмеле. Боя.
2. Суреттерде қандай ақпарат түрлерi бейнеленген?
3. Сөздердi әрiптермен қос. Бұл сөздердiң қандай ақпарат түрлерiмен
байланысты екенiн талқылаңдар.
Тапсырма2:
1. Суреттер ішінен дәмі тәттi, тұзды, қышқыл, ащы заттарды тап.
2. Сөздердi құрастыр: торт, сары, суық, түтін, дыбыс.
3. Қатарды жалғастыр. Тақ сандар – 1,3,5,7,9
4. Жеуге болатын заттарды боя.
5. Тиісті әрiптердi қойып, шыққан сөзді оқы: ма..ал, кі..ап, ж..п
6. Суреттерді сәйкес әрiптермен қос: п, о, ш; Суреттер: піл, от, шырша.
7. Олардың қандай ақпарат түрлерiне жататынын талқылаңдар.
8. Тiзбектi жалғастыр.
6) Графикалық редактормен таныстыру.
Әдiстемелiк нұсқаулар:
Жұмыс дәптердегi және компьютердегi графикалық редактордың негiзгi
құралдары 
мен 
түрлі-түсті 
палитрасының
жалпы 
түрiн
қарастыру.
бағдарламаны жүктегеннен кейiн боялмаған суреттерi бар бiр файлды ашып,
«бояу құю» құралын қалай қолдануға болатынын көрсету.
Мұғалiмге арналған әдістеме:
Балалар, бүгiн бiз
өте
қызықты бағдарламамен танысамыз, сол
программаның көмегiмен компьютерде сурет салып үйренемiз. Бiрақ ең


40
алдымен бiз оны жүктеп үйренейiк. Ол үшiн монитордың сол жақ төменгi
бұрышынан ПУСК батырмасын тауып, тінтуірмен оны шертеміз, СІЛТЕМЕНІ,
БАҒДАРЛАМА жолына апарып, содан соң СТАНДАРТТЫ, одан кейiн PAINT
жолын тауып, оны тінтуірмен шертеміз. Экрандарыңызға графикалық
редактордың жалпы түрi шығады. Осы бағдарламада қандай құралдар және
бояулар бар екендiгiн қараңыздар.
Бүгiн бiз аспаптардың бiрi «бояу құю» аспабымен жұмыс жасап
үйренемiз. «бояу құю» аспабына тінтуірмен басыңдар, сол жақ палитраға
қарасаңдар екi квадрат бар – ақ және қара. Егер тінтуірмен қызыл бояуға
бассақ, онда қара шаршы қызылға боялады. Естерiңе сақтаңдар – бұл ЕКПІНДІ
түс, яғни осы түспен бiз бейнелерді бояп және сурет сала аламыз.
Ендi бiзге бiр сурет ашуымыз керек болсын. Ол үшiн тінтуірмен “Файл”-
ды шертеміз де, “ашу” командасын таңдаймыз, ашылған терезеден файлдың
атын таңдаймыз немесе аламыз. Ашылған суреттi бояп көрейiк.
Тапсырма:
1. Нысандарды боя.
2. Кемпiрқосақты боя.
3. Әр топтағы заттарды боя. Жасылмен (шырша), сарымен (күн), қызылмен
(қызанақ). Түс таңдауда жақша iшiндегi сөздер түс таңдау үшiн маңызды болып
келедi.
6) Оқушыларды «Қарындаш», «Қылқалам», «Өшiргiш» құралдарымен
жұмыс істеуге үйрету
.
Әдiстемелiк нұсқаулар:
«Қарындаш», «Қылқалам», «Өшiргiш» құралдарының атқаратын қызметiн
компьютер мен жұмыс дәптерi арқылы қарастыру. Аталған құралдармен жұмыс
жасау технологиясы оқушыларға түсiндiрiледi. «Қылқаламның» түрлері мен
“Өшiргiш” құралының түрлерi мен көлемiн өзгерту тәсілдері көрсетiледi.
Мұғалiмге арналған әдістеме:
Бүгiн бiз дайын суреттерi бар файлдарды ашу әрекетiн қайталаймыз.
Содан кейiн «Қарындаш» және
«Қылқалам»
құралдарының атқаратын
қызметтерiмен танысамыз. Құралдар тінтуірді шерту арқылы таңдалады.
«Қылқалам» құралын таңдағанда оның түрлерiне, ал «Өшiргiш» құралын
таңдағанда оның көлемiне назар аударыңдар. Ал ендi жұмыс жасап көрелiк!
Осы құралдармен жұмыс істеу үшiн, тінтуірдің сол жақ батырмасын шертулі
күйде ұстап, оны жылжыту керек. Өз беттерiңмен жұмыс істеп көрiңдер.
Тапсырма:
1. Арунаға жiп шумақтарын тарқатуға көмектес. Әр шумақты түрлi
бояулармен боя.
2. Әлімге нені токқа қосқанын есiне түсiруге көмектес.
14-сабаққа арналған тапсырмалар:
1) Артық нысанды сыз.
2) Жұмбақтарды шешіп, суреттерін сал:
Қысы, жазы бір түсті.
/Шырша/


41
Өзі қызыл, өзі тәтті,
Татқан жанды таңырқатты.
/Құлпынай/
Қыста ақ, жазда сұр. /Қоян/
Үй күзетеді, үрмейді /Құлып/
3) Мағыналары қарама-қарсы сөздердi сызықтар арқылы қос.
Суық – Ыстық
Ауру – Сау
Көңiлсiз – Көңiлдi
Кiшкентай – Үлкен
Мейiрiмдi – Қатыгез
Жарық – Қараңғы
Қатты – Жұмсақ
Тәттi – Ащы
Әдiстемелiк нұсқаулар:
Тапсырмалар оқушылардың жаңа құралдарды меңгере отырып, өткен
тақырыптарын қайталауға ыңғайлы етiп таңдалған. Түрлі сызықтар, сурет
салуды игеру. Ақпарат түрлерін қайталау.
Мұғалiмге арналған әдістеме:
Бүгiн бiздiң танысайық деп отырғанымыз – «Сызық» құралы. Ал ендi осы
құралды тінтуірмен шертіп, экранға әр түрлi қалыңдықтағы сызықтар салайық.
Кез келген түстi және оның қалыңдығын таңдап, сызықтар салуға болады. Егер
сендер сызықтардың экранда көлденеңнен немесе ұзыннан орналасуын
қаласаңдар, онда Shift пернесiн басып тұру керек. Өз беттерiңмен жұмыс жасап
көрiңдер.
1-кесте – Информатика пәнін оқытудың барысында компьютерлік сауаттылық
көрсеткіштері
Білуі тиіс
Білуі тиіс
Білуі тиіс
-
Компьютерде жұмыс
жасағанда,
санитарлық-
гигиеналық
талаптарды
- информатика кабинетінде
компьютермен жұмыс
барысында денсаулықтарын
сақтап, техника қауіпсіздік
ережесін қадағалауды


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет