IIІ Жаңа сабақ
1. Ой қозғау
Балалар, қазір кинофильмнен үзінді көрейік.
Осы фильммен таныссыңдар ғой.
-Бұл фильм қалай аталады?
-Жетімдер.
-Егер екі бала туралы емес,бір ғана бала туралы оқиға болса қалай аталар еді?
- Жетім.
Қане, көздеріңді жұмып, денелеріңді тік ұстап, қолдарыңды тізелеріңе қойып,
осы түйін сөз төңірегінде өз ойларыңды жүйелеп көріңдерші. Көздеріңді
58
ашыңдар. Осы «Жетім »деген сөзді индуктор етіп алып, соның төңірегінде ой
қозғап көрейік.
а)
Ешкімі жоқ.
Оны бәрі аяйды.
Әке-шешесі
Қорғанышы
жоқ
« Жетім»
жоқ
Ол қиындық
Оған ешкім көмек
көреді бермейді
Кейбіреулер оны ренжітеді.
- Осы сөзді естігенде жүрегіңе қандай сезім ұялайды?
-Аяушылық, көңілсіздік, қорқыныш сезінеміз.
Ой шақыру жұмысы жүргізіледі. (М.Әуезов-портрет.)
ә)
Бұл кім?
Жазушы
Халыққа танымал адам
Драмматург
Абайтанушы ғалым
М.О.Әуезов
Әлемге танымал адам
Кеменгер
Ақыл мен пасат иесі
Ұлт мақтанышы
- Балалар, осы ой толғаныстан кейін біздің бүгінгі сабақтың тақырыбы
қандай деп ойлайсыңдар?
- М.Әуезовтың «Жетім әңгімесі»
Онда мен сендерге осы әңгімеден үзінді берейін, оқып танысыңдар.
2. Мәтінмен жұмыс.
а) Оқушылар алдарындағы қағазға басылған әңгіменің 1-3
бөлімдерімен танысады.
Оқушылар әңгімені өздігінен оқып шығады.
Оқу барысында түртіп алу әдісімен сөздік жұмысына
дайындала отырады.
ә) Мына екі түске назар аударыңдар
Ақ
Қара
-Ақ түс нені білдіреді? -Қара түс нені білдіреді?
-Күн, қуаныш, жақсылық,
- Түн, реніш, жамандық,
көңіл-күйдің ашықтығы.
Қорқыныш, үрей.
-Сонда жетім баланың тағдырына қай түс сәйкестеу
келеді деп ойлайсыз?
|