«ОҚушылардың жаратылыстану-ғылыми және оқу сауаттылығЫН, креативті ойлауын дамыту»



Pdf көрінісі
Дата13.12.2021
өлшемі297,75 Kb.
#125496
түріБағдарламасы
Байланысты:
Бағдарлама PISA ж



 

 

 

 

 

 

 

 

 

«ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЖАРАТЫЛЫСТАНУ-ҒЫЛЫМИ ЖӘНЕ  

ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫН, КРЕАТИВТІ ОЙЛАУЫН ДАМЫТУ»  

ПЕДАГОГ КАДРЛАРДЫҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ  

КУРСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ 

 БАҒДАРЛАМАСЫ 

 

    

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

Баспаға «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ 



Педагогикалық шеберлік орталығының 

Ғылыми-әдістемелік кеңесі ұсынған 

  

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



© «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ 

Педагогикалық шеберлік орталығы, 2020 

 

Барлық  құқықтар  қорғалған.  Осы  басылымды  кез  келген  түрінде  және  кез 



келген құралдармен, фотокөшірмені және кез келген электронды нұсқаны қоса 

алғанда,  авторлық  құқық  иесінің  жазбаша  рұқсатынсыз  толық  немесе  ішінара 

басып шығаруға немесе таратуға тыйым салынады. 

 



 

 



МАЗМҰНЫ 

1-тарау. Жалпы ережелер ............................................................................ 4



 

2-тарау. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері ..................................... 4



 

3-тарау. Бағдарламаның мазмұны және құрылымы .................................. 5    



 

Қосымша ........................................................................................................ 6 



 

 

 

 


 

1-тарау. Жалпы ережелер 



 

1.  «Оқушылардың  жаратылыстану-ғылыми  және  оқу  сауаттылығын, 

креативті ойлауын дамыту» педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курсының 

білім  беру  бағдарламасы  (бұдан  әрі  –  Бағдарлама)  жаратылыстану-ғылыми 

пәндер  мұғалімдерінің  (бұдан  әрі  –  тыңдаушылар)  біліктілігін  арттыру 

курсындағы оқыту үдерісін реттейді.  

2. Бағдарлама тыңдаушылардың оқушылар білімділігінің базалық деңгейі 

ретінде  қарастырылатын  және  ХХІ  ғасыр  дағдыларын  игерудің  алғышарты 

болып  табылатын,  оқушылардың  өзгермелі  әлем  жағдайларына  табысты 

бейімделуіне  және  әртүрлі  қызмет  салаларында  өз  әлеуетін  жүзеге  асыруына 

мүмкіндік  беретін  функционалдық  сауаттылықтың  маңыздылығы  туралы 

түсінігін қалыптастыруға бағытталған. 

3.  Оқыту  ұзақтығы  осы  Бағдарламаға  қосымшадағы    оқу  жоспарына 

сәйкес  вебинар/аудиодәріс  түрінде  өткізілетін  56  академиялық  сағатты 

құрайды.  

 

1.



 

Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері  

 

4. Бағдарламаның мақсаты: тыңдаушыларда оқушылардың функционалдық 

сауаттылығын  және  креативті  ойлауын  дамыту  үшін  қажетті  кәсіби 

құзыреттіліктерді жетілдіру.  

5. Бағдарламаның міндеттері: 

1)

 



тыңдаушыларға  «функционалдық  сауаттылық»,  «креативті  ойлау» 

ұғымдары туралы теориялық білім беру, олардың мазмұнын ашу және негіздеу; 

2)

 

өткен  жылдардағы  халықаралық  зерттеулер  тапсырмаларының 



мысалдарын  қолдана  отырып,  функционалдық  сауаттылықты  және  креативті 

ойлауды қалыптастыру мүмкіндіктерін көрсету; 

3)

 

оқушылардың  функционалдық  сауаттылығын  және  креативті  ойлауын 



дамытуға арналған тиімді әдіс-тәсілдерді қолдануды үйрету; 

4)

 



мектеп пәндері аясында жаратылыстану-ғылыми, математикалық және 

оқу  сауаттылығын  дамытуға  арналған  тапсырмаларды  қолдана  отырып,  білім 

беру процесін құрылымдау дағдыларын жетілдіру. 

6. Күтілетін нәтижелер:  

1)  тыңдаушылар  ХХІ  ғасыр  дағдыларын  қалыптастыру  мақсатында  

оқушылардың  функционалдық  сауаттылығын  дамытудың  қажеттілігін 

негіздейді; 

2)  оқушылардың  функционалдық  сауаттылығын  және  креативті  ойлауын 

дамытудағы әлемдік тәжірибені зерделейді және түрлендіреді; 

3)  өткен 

жылдардағы  халықаралық  зерттеулер  тапсырмаларының 

мысалдарын қолдана отырып сабақ жоспарлауды үйренеді; 

4)  оқушылардың  функционалдық  сауаттылығын  және  креативті  ойлауын 

дамытуға ықпал ететін әдіс-тәсілдерді қолдануды үйренеді.  

 



 

 



3-тарау. Бағдарламаның мазмұны және құрылымы  

 

7. Бағдарламаның мазмұны:  

1)  функционалдық  сауаттылықтың  тұжырымдамалық  негіздерін,  нақты 

өмірлік  жағдайларда  қолдану  үшін  қажетті  құзыреттіліктер  мен  тұлғалық 

қасиеттерді зерделеуді; 

2)  оқушылардың  функционалдық  сауаттылығын,  креативті  ойлауын 

дамытуға 

арналған 

өткен 

жылдардағы 



халықаралық 

зерттеулер 

тапсырмаларының мысалдарын қарастыруды; 

3)  оқушылардың  функционалдық  сауаттылығын,  креативті  ойлауын 

дамытуға  арналған  өткен  жылдардағы  зерттеулердің  тапсырмаларын  қолдана 

отырып сабақ жоспарлауды қамтиды.  

8.  Оқу  барысында  тыңдаушылар  Ы.  Алтынсарин  атындағы  Ұлттық  білім 

академиясының  әдістемелік  нұсқауларын  және  халықаралық  мектептердің 

тәжірибесін зерделейді.  

9.  Оқу  жоспарына  сәйкес  Бағдарлама  шеңберіндегі  оқу  процесі  Дэвид 

Колбтың төрт сатылы эмпирикалық оқыту моделінің негізінде іске асырылады. 

10. Бағдарлама бойынша оқыту нысаны – қашықтан (онлайн) оқыту.  

11.  Бағдарлама  сабақ  тақырыбы  бойынша  шолу  түріндегі  аудиодәрістер, 

таныстырылым  түріндегі  теориялық  материалдар  және  оқу  мақсаттарына 

жетуді  мониторингілеу  мақсатында  білімді  бекітуге  арналған  практикалық 

тапсырмалар қамтылған алты модульден тұрады. Әр модульдің соңында нақты 

тақырып  бойынша  вебинар  жоспарланған  және  сабақ  жоспарына  өзгертулер 

мен толықтырулар енгізу үшін уақыт бөлінеді. 

12. Бағдарламаның оқу-әдістемелік кешені:  

1) педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курсының бағдарламасы;  

2) тренерге арналған нұсқаулық;  

3) электронды нұсқадағы үлестірме материалдар;  

4) таныстырылым материалдары; 

5) әр тақырып бойынша аудиодәріс. 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 


 

 



«Оқушылардың жаратылыстану-ғылыми және 

оқу 


сауаттылығын, 

креативті 

ойлауын 

дамыту»  педагог  кадрлардың  біліктілігін 

арттыру курсының білім беру бағдарламасына 

қосымша  

 

Оқу жоспары 

№ 

Модуль 

Сабақтың тақырыбы 

Акад. 

сағат 

саны 

Мектепте 



оқыту жүйесінің  

ХХІ ғасырда 

 білім беруге 

бағдарлануы 

  

1.  Мектептің  білім  беру  ұйымы  ретіндегі  сипаты. 



Мұғалімдердің тиімді кәсіби дамуы.  

2. Оқыту мен оқудағы креативтілік.  



3.  Пән  арқылы  үйрету.  Білімді  тәжірибеде 

қолдануға ынталандыру. 

4.  Білім  алуды  үйрену:  білім  алушылардың 



ынтымақтастығы.  Оқыту  технологиялары  мен 

әдістемелері. 



Креативті  



ойлау   

1. Креативті ойлау аспектілері.  

2.  Креативті  ойлау  модельдері:  тақырыптық  және 



құзыреттілік компоненттері.   

3. Тапсырмалардың ерекшеліктері. 



Тапсырмалардың құрылымы мен түрлері.   

4. Креативті ойлауды дамыту тактикаларының 



мысалдары. 



Оқу  

сауаттылығы  

 

1.  Функционалдық  оқу  сауаттылығы  дағдыларын 



бағалау. 

2.  Оқу  сауаттылығына  арналған  тапсырмалардың 



түрлері.  

3. Функционалдық оқу сауаттылығын дамыту әдіс-



тәсілдері. 

4. Сабақты жоспарлау. 



Бағалау: креативті ойлау және оқу сауаттылығы. 

 



Математикалық 

сауаттылық 

1. Математикалық сауаттылық. 

2. Математикалық сауаттылық аспектілері. 



3. 


Математикалық 

сауаттылықты 

дамытуға 

арналған тапсырмалар. 

4. Математика мен басқа ғылымдардың байланысы.



  

Бағалау: ойлау сипаты.

 



Жаратылыстану-

ғылыми 

сауаттылық 

1-2.  Жаратылыстану-ғылыми  сауаттылық  туралы 

түсінік. 

Жаратылыстану-ғылыми 

сауаттылық 

аспектілері. 

3.  Оқытудағы  макро-  және  микросимволдық 



тәсілдер. А. Джонстон үшбұрышы. 

Бағалау: ойлау сипаты

 




 

4. 



Оқушылардың 

жаратылыстану-ғылыми 

сауаттылығын 

және 


креативті 

ойлауын 


қалыптастыру әдіс-тәсілдері. 



 

Бағдарлама 

идеяларын 

жүзеге асыру  

1-2. 

Жаратылыстану-ғылыми 



және 

оқу 


сауаттылығын    дамытуға  арналған  тапсырмаларды 

іріктеу.   

3-4.  Оқушылардың  жаратылыстану-ғылыми,  оқу 



сауаттылығын  және  креативті  ойлауын  дамытуға 

арналған тапсырмалардың мазмұны.  

5-6. 


Креативтілікке  арналған  тапсырмаларды 

талдау.  

7. Сабақ жоспарын жетілдіру 



8. Рефлексия және курсты қорытындылау  

Барлығы: 



56 

 

Ескерту: 1 академиялық сағаттың ұзақтығы – 45 минут 



 


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет