Сабақ 1-2 сабақ Тақырыбы Мұғалімдерді өзгеріс енізу барысында оқыту мен оқуды бағалауға (нәтижені анықтауға) дайындық. Мақсаты



бет1/2
Дата30.05.2020
өлшемі180,5 Kb.
#71771
түріСабақ
  1   2
Байланысты:
сабак жоспары




24-сабақ

1-2 сабақ

Тақырыбы

Мұғалімдерді өзгеріс енізу барысында оқыту мен оқуды бағалауға (нәтижені анықтауға) дайындық.

Мақсаты

Мұғалімдер "Тәжірибедегі рефлексия" бағдарламасы бойынша курсты қорытындылау үшін рефлексиялайды және өз тәжірибелерін үш критерий (білу және түсіну, қолдану және рефлексия) бойынша талдайды.

Оқу нәтижесі

Мұғалімдер «Тәжірибедегі рефлексия» бағдарламасы бойынша оқу кезіндегі өз тәжірибелеріне талдау жасап,ойларын жинақтайды,өздерінің рефлексиялық ойларын жинақтайды. Өздерінің рефлексиялық ойларын үш критерий бойынша бағалайды және рефлексиялық есептерінің алғашқы нұсқасын жасайды.

Түйінді идея

Мұғалімдер өз тәжірибесіне бағдарламаның негізгі тақырыптарын түсініп енгізгенін көрсетуі қажет. Сонымен бірге мұғалімдер нені үйреніп-білгені туралы ойланады,талқылайды және жазады. Мұғалімнің бағдарламаны табысты игерудің төмендегі үш критерииіне сәйкестік деңгейін анықтауда олардың оқудың соңында жазатын рефлексиялық есебі айрықша мәнге ие болады:

1.Бағдарламаның түйінді идеяларын білу және түсіну;

2.Өзінің оқыту және оқу тәжірибесінде Бағдарламаның түйінді идеяларын қолдану;

3. Оқыту және оқудағы жаңа тәсілдерді енгізу туралы ойлану және одан әрі дамытуға арналған тәсілдер мен идеяларды белгілеу.

Рефлексиялық есепті бағалау рәсіміндегі ең маңыздысы мұғалімнің өзінің оқыту және оқу тәжірибесінде Бағдарламаның идеяларын пайдалана білу қабілетін анықтау болып табылады. Себебі, бұл көрсеткіштер олардың оқыту және оқу тәжірибесі өзгергендігін көрсетеді, Бағдарламаның басты мақсаты осы.








Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет