Оқушылардың «Өркен» ғылыми қоғамы Идрисов Мәди 10 сынып Үсенов Асылхан 10 сынып алгебралық есептерді геометриялық ТӘсілмен шешу



бет1/12
Дата16.06.2022
өлшемі0,67 Mb.
#146702
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
d0b5d181d0b5d0bfd182d0b5d180d0b4d196-d0b3d0b5d0bed0bcd0b5d182d180d0b8d18fd0bbd18bd29b-d182d399d181d196d0bbd0bcd0b5d0bd-d188d0b5d188
708 1278 1674, жазғы мектеп есебі, матем Орынгул, тусиник хат1, 1663556941273, 20527-О ушыларды саба а атысу журналы


Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математика
мектеп-интернаты


Оқушылардың «Өркен» ғылыми қоғамы
Идрисов Мәди 10 сынып
Үсенов Асылхан 10 сынып
АЛГЕБРАЛЫҚ ЕСЕПТЕРДІ
ГЕОМЕТРИЯЛЫҚ ТӘСІЛМЕН ШЕШУ

Бағыты: Экономикалық және әлеуметтік процестерді


математикалық модельдеу
Секция : Математика
Ғылыми жетекшісі: Ешмуратова Лида Исақызы
математика пәнінің жоғарғы санатты мұғалімі

Ақтөбе- 2017


Мазмұны
І. Кіріспе..........................................................................................................3
§1. Сызықтық теңдеу.......................................................................................6
§2.Квадрат теңдеу ...........................................................................................8
§3. Математикалық программалау есебі.......................................................13
§4. Анықталмаған теңдеулер мен теңдеулер жүйесі...................................15
§5. Қозғалыс есептері......................................................................................19
ІІ. Қорытынды .................................................................................................24
Әдебиеттер тізімі.............................................................................................25

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Бізді қоршаған ортадағы табиғат құбылыстарына байланысты есептерді, экономикалық есептер мен механиканың есептерін, математикалық программалау мен тиімділік есептерін шығару математикалық тұрғыдан белгілі бір теңдеулер, теңсіздіктер немесе теңдеулер мен теңсіздіктер жүйесін шешуге әкеледі. Ендеше осы есептерді шешу тәсілдерін, соның ішінде тиімді тәсілдерін іздестіру әруақытта күн тәртібінен түскен емес. Есептердің жататын тобына байланысты оларды шығару тәсілі де әр түрлі болып келеді. Тиімділік есептерін, «экстремумға» берілген есептерді шығару дифференциалдық есептеулерді, ал аудан, көлем табу, жылу өткізгіштік т.с.с. есептерді шығару интегралдық есептеулерді қолдану арқылы шығарылады [1].


Солай бола тұрса да, мұндай есептердің шығарудың басқа алгебралық, геометриялық тәсілдері де бар. Олар тіпті дифференциалдық және интегралдық есептеулер ашылмастан да бұрын қолданылған әдістер. Кейбір жеке жағдайларда мұндай әдістер дифференциалдық және интегралдық есептеулерден де тиімдірек екені практикада байқалып жүрген жағдай.
Есепке әртүрлі жолмен келуді көрсету әруақытта ұтымды. Әртүрлі тәсілдермен шығарылатын есептер барлық уақытта қызықты және белгілі бір тұжырым жасауға ыңғайлы. Есептерді шығарудың әртүрлі тәсілдерін өзара салыстыру арқылы оқушыларда есепті шығару жолын іздестіру жүйесі қалыптасып, интуицияларының дамуына мүмкіндік туып, қажетті тәжірибелер жинақталады. Есепті шығарудың тәсілдерінің бірі – геометриялық әдіс, көрнекілікке жол беріп есепті белгілі теоремаларға негіздеп жүйемен шығаруға мүмкіндік жасайды. Сондықтан берілген есепті шығарудың геометриялық әдістерін (геометриялық ұғымдарға негіздеу) өзекті мәселелердің бірі болып қала бермек.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет