3.Өсу мен дамудың акселерациясы туралы түсінік және белгілері. Өсу мен дсу мен дамудың акселерациясы.Өсу мен даму адам өмірінде бірде жылдамданып, бірде баяуланады.Тіпті бір жылдың ішіндегі бойдың өсуі бірдей емес: бала жазда тез өседі, ал қыста нашар немесе түнде бой көбірек өседі, күндіз аз өседі. Мұны өсу мен дамудың гетерохрондылығы дейді (гетерос — әртүрлі, хронос — уақыт).Өсу кезінде адам өмірінде үш рет күшейеді:
1.Туғаннан З жасқа дейін.
2.3-7 жас арасында.
3.Жыныстық жетілу кезеңінде.Сонымен қатар, бала организміндегі жеке мүшелер мен мүшелер жүйесінің өсіп дамуы да гетерохронды түрде өтеді. Баланың алғашқы жылғы өмірінде миы тез өседі: бір жылдың ішінде салмағы 2-2,5 есе артады (жаңа туған бөбекте миының салмағы 360-390 г). 7 жасқа жеткенше оның миы ересек адамның миының 80-90 % шамасында болады. Мұның себебі – баланың сыртқы ортамен байланысы негізінен ми арқылы іске асады, барлық мүшелердің қызметі жүйке жүйесінің, әсіресе, орталық жүйке жүйесінің қызметіне тікелей байланысты. Ал лимфа ұлпаларының өсіп дамуы 10-12 жаста күшейеді, жыныс мүшелерінің өсіп жетілуі 12 жастан әрі қарай болады. Сол сияқты, бір мүшенің өсуі мен қызметінің дамуы да кезектесіп отырады: мүше өскенде қызметі онша дами қоймайды, мүшенің қызметі дамығанда ұзындыққа өсуі баяулайды.