Оқушылардың ОҚу-танымдық Әрекетін тексеру және бағалау



бет5/7
Дата13.12.2021
өлшемі67 Kb.
#100109
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
14 дәріс!!!-2

Бақылау әдістері арқылы оқушылар жұмысының тиімділігі мен мазмұны туралы кері байланыс қамтамасыз етеді. Бақылау әдістеріне ауызша, жазбаша және графикалық бақылау әдістері жатады. Бұл әдістерге қарағанда бағдарламалық бақылау әдістемелерінің өзіндік ерекшелігі бар. Олар машинасыз және машиналы бағдарламалық бақылау әдістеріне бөлінеді.

Машинасыз бағдарламалап бақылау әдістері бойынша перфокарталар және бақылау карталарын қолданып, оқушылардың теориялық және практикалық білімдерін анықтайды. Мұғалім оқыту және білім беру мазмұны бөлімі бойынша 20-25 сұрақтар дайындап әрбір сұраққа 4 вариантты жауаптың мазмұнын жазады. Олардың ішінен бір сұраққа ғана жауап беріледі. Қалған сұрақтар варианттары: дәл емес, толық емес немесе басқа тектес ұғымдарға сәйкес келеді.

 Бақылаудың тағы бір бөлігі, кейбір жағдайда тапсырмалар түрі деп ұғынылады. (жазбаша бақылау жұмысы, тестік жұмыс, зертханалық-тәжірибелік жұмыс, зачет, шығарма, диктант, т.б.).

Білімді бақылау және бағалау ғылыми дәлелденген, тәжірибеде қолданған принциптер негізінде жүргізіледі, олар: әділдік, жан-жақтылық,  жүйелілік, жеке-даралық, дифференциалдық және тәрбиелік.

Әділдік, шындық (білім сапасының нақтылығы, баға өлшемі мен ережесі нормасына қатысты) – бұл субъективтік факторларды болмауды көздейді.

Жүйелік, бірізділік - әрбір сабақ, тақырып бойынша оқушылар оқу әрекетінің басқа буындарымен байланыстырыла қаралып, оқыту процесінің барлық кезеңдерігнде бақылау жүргізуді көздейді: түйінді сұрақтар бойынша оқыту нәтижесін қорытындылау, тақырыптық бақылау, сабақтар бойынша балл қою.

Жеке-дара қатынас-әрбір оқушының ерекшелігін бағалау (оның қабілеті, бейімділігі, денсаулығы, оқу әрекеті т.б.) қарастырады.

Жан-жақтылықтабақылау оқу бағдарламасыныбарлық бөлігін қамтиды, оқушылардың теориялық білімдерін, интеллектуалдық және практикалық білімдерін білік пен дағдысын бақылауды қамтамасыз етеді.

Дифференциалдық қатынас - әрбір пәннің ерекшелігін, жекелеген бөлімдерін, сонымен бірге оқушылардың жеке-дара қасиетін ескеріп, соған сәйкес бақылаудың әртүрлі әдістері мен мұғалімнің педагогикалық әдеп сақтауын талап етеді.

Жоғарыда айтылған талаптарды орындау, ең алдымен бақылаудың сенімділігін және оқыту процесінде өздерінің алдында тұрған міндеттердің орындалуын қамтамасыз етеді, бақылауда әр түрлі қателіктер мен сәтсіздіктердің болмауына кепілдік жасайды.

Оқушылардың білім, білік және дағдыларын бақылау, бағалау педагогика ғылымы мен практикасында белгілі бір әдістерді қолдану негізінде жүзеге асады. Олар мыналар: - ауызша баяндау (әңгіме, жеке дара, топтық, фронтальдық сұрақ).

- жазбаша бақылау (диктант, шығарма, таблица, схема, суреттер құрастыру)

- практикалық бақылау (лабораториялық жұмыстарын, еңбек операцияларын орындау, тәжірибе жүргізу)



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет