Оқушылардың республикалық олимпиадасына іріктеу (мектепшілік кезең) Оқыту орыс тілінде жүргізілетін мектептер үшін



бет3/3
Дата29.03.2018
өлшемі450,33 Kb.
#39754
түріСабақ
1   2   3


Тағылым отбасынан басталады

Шаңырақ құру – күллі адамзаттық дәстүр екені түсінікті. Бірақ жер бетінде қанша халық болса, бұл дәстүрдің сипаттары да соншама сан алуан. Өйткені әр халық өзінің шаңырақ көтеру қуанышын өз тұрмыс-салттарына лайықтап, өздерінше қызықтауға тырысады. Осы үрдісті қазақ халқы да ғасырлар бойы, өздерінше дамытқан. Қазақтың шаңырақ көтеру сәтіндегі өзіндік ерекшеліктері бар.
Халқымыздың ежелгі дәстүрі бойынша, жаңадан көтерілер шаңырақтың мақсаты мен мәні ата-ананың ризашылықтарына негізделіп шешілетін. Мұнда негізгі қағида ретінде, тектілік пен адамгершілік парыздары бағдарға алынатын. Сондықтан бұл дәстүрді қазақ халқы сонау ерте ғасырлардан бері қарай жеті атаға дейін қыз алыспау салтымен орайластыра білгені белгілі.
«Өткенді білмей, келешекті білу мүмкін емес. Бұрынғының парқын білгендер, бүгінгінің нарқын ұғады»,-деген болатын Ғабит Мүсірепов атамыз. Халқымызда бұрыннан бар, әдет-ғұрып, дәстүрге мүмкіндігінше қанық болғанымыз жөн.
Қазақ халқының салт-дәстүріндегі бір ғана бала тәрбиесіне байланысты кәде-жоралғы бойынша даналық кітабын жасаса, кейінгі ұрпаққа асыл қазына ретінде тарту етуге тұрарлықтай кітап шығар еді. Мәселен, өмірге ұрпақ жалғасы нәресте келгендегі ел қуанышының жарқын көрінісі – сүйінші, көрімдік сұрау, байғазы беру өте жарамды дәстүр емес пе? Сол перзентке арналған шілдехана, балаға ат қою, бесікке салу, бесік жыры, бесік тойы, нәрестені қырқынан шығару, тіл ашар, тұсау кесер, атқа мінгізу, сүндет тойы – осының асыл қазына.
Ата-бабамыз ұрпақ тәрбиесіне аса зор мән береді. Өйткені, ұрпақ – болашақ. Оны әбден түсінген халық: «Балаңды беске дейін патшадай күт, он беске дейін қосшыңдай жұмса, он бестен кейін құрдасыңдай сыйла»,-деп бүкіл тәрбиелік тағылымды үш-ақ сөзге сыйдырады. «Патшадай күт» дегені – қамқоршы бол, өсір, мәпеле, жас шыбықтай баулы дегені, «қосшыңдай жұмса» дегені – жәрдемшің ет, жұмысқа сал, буынын бекіт, еріншектерден аулақтат дегені, ал «құрбыңдай сыйла» дегені – балаңа ес кірді, ақыл иесі болды, енді оның отау құруы жақын, оның да түбі өзіңдей ұрпақ қамқоршысы болатынын естен шығарма дегені. Осы ұлағатты сөзде ұрыс, ренжіт, қорқыт, еңсесін түсір деген бірде-бір сөз айтылмайды.

Табиғатқа иелік етер күші болса да, адамды өзге тіршілікпен тең ұстаған да – қазақ. Бесіктегі қимасына «асқарым, асқағым» деп емес, жан-жануармен, жәндік атаулымен тағдырластығын мойындатып, «құлыным, ботам, қошақаным» деп еркелету де, шыбынға да қиянат болмасын деп, «шыбыным» деп айналу да алдымен қазаққа тән.


2-мәтінге байланысты тест тапсырмалары

6. Мәтін мазмұны бойынша дұрыс нұсқасын көрсетіңіз.
Барлық адамзатқа тән дәстүр – ... .
A) Тұсау кесу
B) Сүйінші сұрау
C) Шаңырақ құру
D) Баланы бесігіне салу

Е) Ау құру


7. Мәтін мазмұнына орай толық және нақты нұсқаны таңдаңыз.
Шаңырақ көтеру ... .
A) ата-анасының жағдайына байланысты
B)ата-анасының көңіл-күйіне негізделеді
C) ата-ананың ризашылығына негізделеді
D) тегіне, ата-анасының көңілдеріне байланысты

Е) ата-анасына деген құрметке байланысты.


8. Мәтінге сәйкес нұсқаны табыңыз.
Белгілі жазушының айтқан сөздерінің мағынасы.
A) Өткенді де, бүгінгіні де білу міндет емес.
B) Өткенді білмегенмен келешекті білу керек.
C) Бұрыңғыны білмесе де, бүгінгіні білу керек.
D) Тарихты білмеген адам бүгінгіні дұрыс бағалай алмайды.

Е) Өткенді білмей болашақты болжау мүмкін емес.


9.Сөйлемді жалғастырыңыз: Сәби дүниеге келгенде жасалатын ырым жоралғылар:

A) Тіл ашар, тұсау кесер, атқа мінгізу


B) Жеті атаға дейін қыз алыспау
C) Сүйінші, көрімдік сұрау, байғазы беру
D) Жұмысқа сал, буынын бекіт, еріншектерден аулақтату

Е) Шілдехана, балаға ат қою, бесікке салу, бесік жыры.


10. Сөйлемді толықтырыңыз.
Балаңды беске дейін ... күт, он беске дейін ... жұмса, он бестен кейін ... сыйла.
A) Құрбыңдай, құлыңдай, патшадай
B) Досыңдай, құлыңдай, теңдесіңдей
C) Билеушіңдей, құлыңдай, теңдесіңдей
D) Патшадай, теңдесіңдей, құрдасыңдай

Е) Жолдасыңдай, патшадай, құрбыңдай.




Лексико –грамматикалық тест

1.Антонимдік жұпты көрсетіңіз.

А) күй-күйші

В) немере-бала

С) кәрі-жас

Д)қанағат-еңбек

Е) үй-баспана



2.Екі түбірден біріккен жалпы есімді анықтаңыз.

А) Мұражай.

В) Көкшетау.

С) Екібастұз.

Д) Ақтау.

Е) Ақтөбе.



3. Туынды түбірді белгілеңіз.

А) күзгі


В) көктем

С) көшелер

Д) қыстан

Е)уақыттың



4. Септеулік шылауды табыңыз.

А)әрі


В)ма

С) егер


Д) қатар

Е) және


5. Лепті сөйлемді табыңыз.

А) Қымыз- түрлі аурудың емі

В) Не қалайсыз

С)Ол қандай ереже

Д) Қымыздың қандай түрлері бар

Е)Сізге табыс тілеймін.



6. Толықтауыштың сұрағын табыңыз.

А)Қандай?

В) Не істейді

С)Нені?


Д) Не істеді?

Е)Не істеп жүр?



7. Буын үндестігіне бағынбайтын сөзді көрсетіңіз.

А)Дәреже


В)Үлкен

С) Қарындас

Д) Байлық

Е) Құрмет



8.Сөздің басында қолданылмайтын қазақ әрпін белгілеңіз.

А) Ө


В) Ғ

С) Қ


Д)І

Е) Ң


9.Бұрынғы өткен шақтағы етістікті табыңыз.

А) Бастамақ

В)Оқыған

С)Жүреді


Д)Аяқтар

Е) Бөлді


10.Сөздің тура мағынасын анықтаңыз.

А) Ащы тіл

В) Мінезі ауыр

С)Қалың ой

Д) Қисық мінез

Е) Қисық ағаш



11.Дара сөзді табыңыз.

А) Ауарайы

В) Бидай өңді

С) Тон пішу

Д) Ата баба

Е) Мемлекеттік



12. Сөйлкемді толықтыратын талғаулықты жалғаулық шылауды анықтаңыз.

Тұсаукесер тойында баланың тұсауын....ауылдың құрметті әйелі,... көпті көрген әже кеседі.

А)егер, егер де

В) мен, менен

С) себебі,өйткені

Д) бірақ, алайда

Е) не, не

13.Қатаң дауыссыз дыбысқа аяқталған ұлы тұлға есімін көрсетіңіз.

А)М.И.Әлімбаев.

В)Ыбырай Алтынсарин.

С) Дулат Бабатайұлы.

Д) А.В.Толстых.

Е)Бауыржан Момышұлы.



14.Қандай? қай? –қай сөйлем мүшесінің сұрақтары екенін анықтаңыз.

А) Толықтауыш.

В)Пысықтауыш.

С) Бастауыш.

Д) Баяндауыш.

Е) Анықтауыш.



15.Құрмалас сөйлемді анықтаңыз.

А) Қазақстанның негізгі халқы- қазақ халқы.

В) Бүгінгі Қазақстан – білімді, дербес, жоғары мәдениетті, дамыған ел.

С) Қазақ жері- пайдалы кендерге өте бай.

Д) Қазақстан табиғаты өте әдемі,біз өз Отанымыздың табиғатын сүйеміз!

Е) Біздің жерімізде көптеген өзен, көл мен су қоймалары бар.



16. Ауыспалы мағыналы сөзі бар сөйлемді анықтаңыз.

А)Киім кірі жуса кетеді.

В) Қазақ аяқ киімнің табанына қарамайды.

С) Аяқ киімді үйге кірерде шешу керек.

Е) Көңіл кірі айтса кетеді.

17. Болымсыз етістікті анықтаңыз.

А) Көрме ашылды ма?

В) әкелдің бе?

С)болмайды.

Д) бардың ба?

Е) айтты ма?



18. Мезгіл бағыныңқы сабақтас құрамалас сөйлемді табыңыз.

А) Мұғалім айтқанда,ол жазды.

В) Не ексең, соны орасың.

С) Күз келсе де, жаңбыр жаумады.

Д) Ол көп уайымдап, ерте келді.

Е) Сабақ ерте басталғандықтан, ерте бітті.



19. Қаратпа сөздің сөйлемдегі орнын анықтаңыз.

А) Сөйлемнің тек ортасында тұрады.

В) Жеке сөйлем болып тұрады.

С) Сөйлемнің тек соңында тұрады.

Д) Сөйлемнің тек басында тұрады.

Е) Сөйлемнің басында, ортасында, және соңында тұрады.



20. Мақал-мәтелдің қазақша баламасын анықтаңыз.

Легка ноша, поднятая сообща.

А) Жеті рет өлшеп, бір рет кес.

В) Біреуге ор қазба,өзің түсесің

С) Не ексең соны орасың.

Д) Көз қорқақ, қол батыр.



Е) Жұмыла көтерген жүк жеңіл.

Жауап кестесі 11-СЫНЫП

1

А




2

С




3

Е




4

А




5

А




6

С




7

С




8

Е




9

Е




10

В




ЛЕКСИКА-ГРАММАТИКА

11

С




12

А




13

А




14

Д




15

Е




16

С




17

Е




18

В




19

Е




20

Е




21

Е




22

Д




23

Д




24

Е




25

Д




26

Е




27

С




28

А




29

Е




30

Е





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет