Оқушылардың сенсорлық жүйесінің анатомиясы, физиологиясы және гигиенасы Тапсырмалар Көздің жалпы құрылысы мен маңызы



бет1/3
Дата13.09.2023
өлшемі21,31 Kb.
#180903
  1   2   3
Байланысты:
Оқушылардың сенсорлық жүйесінің анатомиясы, физиологиясы жәнÐ


Оқушылардың сенсорлық жүйесінің анатомиясы, физиологиясы және гигиенасы Тапсырмалар Көздің жалпы құрылысы мен маңызы




Оқушылардың сенсорлық жүйесінің анатомиясы, физиологиясы және 
гигиенасы 
Тапсырмалар 
1. Көздің жалпы құрылысы мен маңызы.
Көз — оптикалық жүйе. Жарық адамдардың айналадағы нәрселерді көруіне
мүмкіндік беретін энергияның бір түрі. Алайда көру арқылы ғана біз
қоршаған әлемді танимыз. Көру мүшесі – біздің көзіміз.Көз өзінің құрылысы
жағынан оптикалық жүйе ретінде фотоаппаратқа ұқсас, бірақ көздің
оптикалық жүйесі әлдеқайда күрделі. Адам көзінің пішіні шар тәрізді,
шамалы қысыңқы , диаметрі 23-25 мм. Көз сыртқы жағынан үш қабықтан
қапталған . Сыртқы ақ түсті қатты және мықты қабығы склера немесе ақ 
қабық деп аталады. Ол көздің ішін механикалық зақымданудан сақтайды.
Склераның алдыңғы мөлдір бөлігі – қасаң қабықша деп аталады. Көздің
қалған бөліктеріндегі склера мөлдір емес , ақ түсті, ол белок деп
аталады.Склераның ішкі жағынан көзді қоректендіретін күрделі өрімделген
қан тамырларынан тұратын тамырлы қабық жанасқан. Бұл екінші қабық –
көздің алдыңғы бөлігіндегі әр адамда әр түске боялған сұр, қоңыр, көгілдір
және т.б. түсті қабыққа өтеді. Көздің сыртқы мөлдір қабығының ортасында
қарашық деп аталатын тесік болады. Жарық қарашық арқылы көз алмасының
ішіне өтеді. Түсту қабық – күрделі тамырлы бұлшықет тарамдары. Ол
деформациялану арқылы қарашықтың диаметрін өзгерте алады. Көздің
қарашығы – ерекше келген тірі диофрагмалар.Тамырлы қабықтың ішкі
бетінде торлама немесе торламалы қабық орналасқан. Ол көздің алдыңғы
бөлігінен басқа түбін толық жабады. Артқы жағынан қабық арқылы көзді
мимен жалғайтын көру жүйкесі кіреді.Торлама негізінен көрі жүйкесі мен
олардың ұштарындағы талшықтардың тармақталуынан тұрады және көздің
жарық сезгіш бетін құрайды.
Түсті қабықтың артында мөлдір серпімді дене – көз бұршағы бар. Ол өзін
склерамен жалғайтын бұлшық еттермен қоршалған. Көз бұршағының
диаметрі- 8-10 мм кішкентай көздөңіс линза.Қасаң және түсті қабықтардың
аралығында су тәрізді сұйық зат бар, ал көз алмасы қоймалжың затпен —
шыны тәрізді денемен толған.Көз « объективі » — фотоаппарат тәрізді көз
торында нәрселерді шын, кішірейтілген және төңкерілген кескінін береді.
Тордың жүйке талшықтарымен тітіркенуі- көру жүйкесі арқылы миға беріліп
адамға көру әсерін туғызады, соның нәтижесінде адам нәрселерді көреді.
Көру процесі мида түзетіледі , сондықтан біз нәрсені тікелей
қабылдаймыз. Көз торламасында нәрсе кескінінің пайда болуынан көру
сезімі басталады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет