Құлақ –адам мен жануарлардың есту мүшесі.
(ҚТТС. 536бет)
Сөз тіркестері: Сақ құлақ, саңырау құлақ, қалқан құла
Тұрақты сөз тіркестері:
1. Құлағы елең етті – құлағын тіге қойды.
2. Құлағының мүкісі бар – нашар естиді.
3.Құлағына құйды – қайта-қайта айту
4. Құлақ жарды – даусы қатты шықты.
5. Құлағы шалды – естіді.
6. Құлағына ілмеді – естімеді.
7. Құлағы тыныш – ешкім мазасын алмады.
Мұрын – нос
(Қаз.орыс.с. 625бет)
Тұрақты сөз тіркестері:
1. Мұрны қышыды – бір нәрседен дәмелену
2. Мұрнын бет қылды – соққыға жықты.
3.Мұрын жарды – иісі кең жайылды.
4. Мұрнынан шаншылды – жұмыстан босамады.
Синонимдік қатары:
Мұрын, танау
(ҚТСС. 421бет)
Сөз тіркестері:дөңес мұрын, құс мұрын, қыр мұрын, пісте мұрын
Мұрын – адам мен жан-жануарлардың негізгі дем алу, дем шығару органы және иіс сезу мүшесі.
(ҚТТС. 603бет)