АяқI- адам мен жан-жануарлардың жүріп-тұру қызметін атқаратын дене мүшесі.
АяқII – ағаштан ойып жасалған тамақ ішуге арналған үлкен ыдыс.
(ҚТОС. 36бет)
Тұрақты сөз тіркестері:
1. Аяқ астынан – кенеттен.
2. Аяқ жетер жер – таяу жер.
3. Аяғын аңдап басты- сақ жүрді.
4. Аяғына тұсау болды – бөгет болды.
Аяқ– адам мен жан-жануарлардың жүріп-тұру қызметін атқаратын дене мүшесі.
(ҚТТС. 79бет)
Сөз тіркестері: аяқ басу, аяқ асты, қамыт аяқ, тобан аяқ
Саусақ – палец
(Қаз.орыс.с713бет)
Тұрақты сөз тіркесі:
1. Саусағынан бал тамған – өнерлі, шебер.
Саусақ– қол басының алақанға қосылған салалы бөлігінің бірі.
(ҚТТС. 716бет)
Сөз тіркестері: он саусақ, саусақ санау, бес саусақ, ақ саусақ.
Қорытынды
Қорытындылай келе, біз ұсынып отырған әзірге шағын сөздікте дене мүшелеріне қатысты барлық сөздер шағын тақырыптарға бөлінген, бұл есте сақтауда қиындық тудыратын сөздерді кезең-кезеңмен меңгеруге ұтымды жағын байқадық.
Алдағы уақытта жаңа сөздерді игерту мақсатында түрлі амал-тәсілдер қолданылатын жаттығулар ұсынуға болады. Олар сөздердің қазақша аудармасын, айтылуын, жазылуын есте сақтауға, дұрыс жазып, дұрыс сөйлеуге көмектеседі.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Р. Сыздықова, К. Ш. Хусайын «Қазақша- орысша сөздік» «Дайк- Пресс» баспасы -Алматы 2008
С. Бизақов «Синонимдер сөздігі» «Арыс» баспасы - Алматы 2005
С. Аманжолов «Қазақ жұмбақтары» «Ана тілі» баспасы - Алматы 2003
Т. Жанұзақов «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі» «Дайк-Пресс » баспасы -Алматы 2008
А. Ысқабаев«777 жұмбақ»«Ана тiлi»баспасы - Алматы 2002
Қазақ жұмбақтары «Ана тілі» баспасы – Алматы 1893,112б
Х. Махмудов, Г. Мусабаев «Казахско - русский словарь» «Өнер» баспасы - Алматы 1995
«Балалар әдебиеті» -Алматы 2011
«Жаңылтпаштар» «Өнер» баспасы - Алматы 2002
3- сынып дүниетану оқулығы«Мектеп» баспасы – Алматы 2008
Достарыңызбен бөлісу: |