Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті
Патриоттық тәрбие беру ҒЗИ
С.Д. ШАЙМҰХАНОВА
САРА АЛПЫСҚЫЗЫ НАЗАРБАЕВА –
қоғам қайраткері, «Өзін-өзі тану» білім жобасының авторы
Қарағанды 2014
АЛҒЫ СӨЗ
Әр адам үшін өз тәні мен жан саулығының қамын ойлау өте маңызды. Жан туралы ойлау және қам жеу қаншалықты қажетті екендігіне балаларды біз сәби шағынан иландыруымыз керек деп есептейді Сара Назарбаева. Бірақ махаббатсыз адам жаны жүдеу. Көпшілігіміз әлі де болса махаббат сөздерінен ұяламыз, бойын билеген сезімді адамдарға, өз жақындарына қалай айту керектігін, қалай жеткізу керектігін білмейді... Біз бұл өмірге сүю және сүйікті болу үшін келетініміз даусыз. Сара Алпысқызының бар болмысы осында.
Бұл туралы айту жеткіліксіз, әрекет ету керек. Осылайша мектеп пәні «Өзін-өзі тану» пайда болады. Ол – бірегей пән, өз-өзіңді түсінуге, өз ішкі әлеуетіңді ашуға, қоршаған ортамен үйлесімде өмір сүруге, оның дербес және сонымен қатар, ажырамас бөлшегі болуға мүмкіндік береді. Балалардың бұл пәнді қуанышпен қабылдауының тағы бір себебі – бұл пәнді зерделеу ерекше беріледі. Өйткені мұнда олардың заттарға және өмірге деген өзіндік көзқарасы, пікірі ескеріледі. Сонымен бірге, бұл пән қандай да бір уақыттық шеңбермен шектелмейді, ол өмір бойы жалғасады.
Балаларды қорғау ісіне қосқан көрнекті үлесі үшін оған ЮНИСЕФ-тың арнайы марапаты – ана мен бала бейнесі бар күміс мүсінше табысталған. Ана мен баланы қорғау ісіндегі жанқиярлығына осылайша ТМД секілді беделді әлемдік ұйым да қызығушылығын білдірді және әлем жұртшылығы да баға берді.
Сара Алпысқызы жаңа сана-сезімді тәрбиелеудің маңызды міндеті – адамды беруге үйретуде, барлық жүйені жақын адамға, әсіресе, балаларға беруге, сыйлауға және қамқор болуға қайта жасауда деп есептейді. Адам – жасаушы, құрушы. Ол әлемге зұлымдық, бүліншілік емес, игі істер және ойлар әкелуі керек. Және ол Жер ғаламшарында, яғни, өз үйінде не болып жатқанына жеке өзі жауап береді. Себебі әлемдік тепе-теңдіктің сәл ғана бұзылуы түзеуге келмейтін салдарларға алып келуі мүмкін. Қандай жағдай болмасын біз және біздің балаларымыз, немерелеріміз, шөберелеріміз барлық өмір сынынан адамның жоғары атағын лайықты түрде алып шығуымыз керек.
Өмір мектебі деп Сара Алпысқызының жалпы адамдық құндылықтар туралы терең философиялық ойлар табуға болатын «Путь к себе», «Во имя жизни», «Этика жизни» кітаптарын атауға болады. Бұл жай ғана сөздер емес, бұл – әрекетке әрдайым орын бар өмір ұстанымы. Және де осы арада Беслан трагедиясын еске алғым келіп отыр. Ол да бірінші ханымның жүрегі арқылы өткен. Беслан балалары «Махаббат сабағының» қонақтары болған. Осыдан кейін Қазақстан халқына, екі ел елшілігінің жетекшілеріне және Қазақстанның бірінші ханымы Сара Алпысқызына Қазақстан жеріндегі әр минут сайын сезінген көмек, махаббат, көңіл және қамқорлық сезімдері үшін алғыстарын айтты...
«Өзін-өзі тану» курсы адамның өзін-өзі табуына, ең жақсы қасиеттерін ашуға, өзінің кейпін өзгертпеуге, адамгершілігін және әрқашан адам қалпын сақтауға көмектеседі. Негізінде, адамзат тарихының өзі адамгершілік тұрғысынан өзін-өзі жетілдірудің тұрақты және үздіксіз процесі болып табылады.
Назарбаева Сара Алпысқызы
Қазіргі Қазақстанның бұл шоқтығы биік әйел азаматының есімі ел аумағынан тыс жерлерде де кеңінен танылған және әлемдік қауымдастық оның қазақстандық балалар үшін жасаған ізгі еңбегіне тиісінше баға берді.
Назарбаева Сара Алпысқызы 1941 жылы 12 ақпанда Қарағанды облысының Қызылжар аулында дүниеге келген. 1962 жылы Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа тұрмысқа шыққан, үш қызы, үш немере ұлы, үш немере қызы және шөбересі бар. Қарағанды металлургия комбинаты жанындағы ЖТОО-заводын бітірген, экономист, ҚазМУ-дың құрметті профессоры. ЖТОО-ны аяқтағаннан кейін Қарағанды металлургиялық комбинатында жұмыс істеген.
1992 жылы 27 наурызда жиырмадан астам мемлекеттік және қоғамдық ұйым құрылтайшыларының жиналысы өтті. Бұл жиналыста «Бөбек» балалар қайырымдылық қорын құру туралы шешім қабылданды. 20 жыл бойы атқарылған белсенді және тиімді жұмыс қорға бүкіләлемдік танымалдылық пен мәртебе әкелді. Мүгедек балаларға, жетімдерге, тұрмысы төмен және көп балалы отбасыларға қамқорлық жасау, өсіп келе жатқан ұрпаққа өнегелі-рухани білім беру, ана мен баланы қорғау – «Бөбек» қорының президенті Сара Алпысқызы Назарбаева алдына осы сынды міндеттер қояды.
Өсіп келе жатқан ұрпақтың құқықтарын және заңды мүдделерін қамтамасыз етумен, балаларға өнегелі-рухани білім және тәрбие берумен байланысты проблемаларды шешуде қор қоғамға нақтылы көмек көрсетуде. 1994 жылдың тамызынан бастап «SOS – Қазақстанның балалар ауылы» («Киндердорф Интернационал» Австрий қорының филиалы) қорының президенті. 1999 жылдың наурызынан бастап «Демография» қайырымдылық қоры қамқоршылар кеңесінің төрайымы. І дәрежелі «Достық» орденімен марапатталған (2001), «Өзін-өзі тану философиясы мен оқу мәдениетіне қосқан зор үлесі үшін» Шыңғыс Айтматов атындағы Алтын медальға иегері (2003), Халықаралық «Алтын жүрек» сыйлығының лауреаты (2006), балалардың құқығын қорғау саласына зор үлес қосқаны үшін ЮНИСЕФ-ББҰ Балалар қорының ескерткіш медалімен марапатталған (2007), денсаулық сақтау, қайырымдылық және өскелең ұрпақты рухани тәрбиелеу саласындағы ерен еңбегі үшін «Курманджан Датка» сыйлығының лауреаты, «Мээрман Эне-98» атағының иегері, ҚР құрметті білім қызметкері.
Қор президенті әмбебап кешеннің – балаларды адамгершілік құндылықтарға, өзін-өзі тануға, қоршаған ортамен үйлесімді қарым-қатынас құруға үйрететін, екі мектеп-гимназиясы және гуманитарлық колледжі бар, «Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық білім беру және сауықтыру орталығының құрылуына бастамашы болды.
Еліміздің көптеген жетім қалған балалары үшін Сара Алпысқызы туған анасы әспетті. Ана махаббатының күші оған тағдыр тәлкегіне түскен балаларды, өскелең ұрпақты қорғауға арналған өз ойларын, жобаларын ең жоғарғы мемлекеттік деңгейде қорғауға құқық береді. Көп жыл бұрын, Қазақстан Республикасының Парламент депутаттары алдында сөз сөйлеген кезде, ол жетім балаларды қолдау және лайықты тәрбиелеуге арналған жаңа әлеуметтік құрылым құру туралы заң қабылдау қажеттілігіне депутаттардың көздерін жеткізді.
«Біз бүгін гуманизм, жоғары құлықтылық және рухтандырушылық прициптеріне негізделген жаңа қоғам құрамыз. Және балаларды көптеген әлеуметтік ауыртпалықтан қорғау жалпы ұлттық іс болуы керек. Жетім балаларды тәрбиелеудің мемлекеттік жүйесінің артықшылықтары мен кемшіліктерін біле отырып, оларды тәрбиелеу мен асырау мекемелерін бірте-бірте жаңаша, отбасылық типте қайта құру керек деп ойлаймын. Тағдырдың жазуымен ата-ана қамқорлығынан, туыстық қарым-қатынастан айрылған әр бала жасанды құрылған болсын, бірақ үлкендердің ілтипаты пен қамқорлығына бөленген отбасында өмір сүруге тиіс», - деп айтқан болатын бірінші ханым [1, 49 б.].
Осылайша, Сара Алпысқызының оң бастамасымен елімізде «Үміт Үйлері» пайда бола бастады. Бұл жетімдікке қарсы күрестің ең алғашқы қадамдары болды. Үміт Үйі перзентханада-ақ өз баласынан бас тартатын жас аналардың қайғысын жеңілдету үшін құрылған. Оларды сәбиді мүлде тастап кетпеуге, уақытша Үміт Үйіне беруге көндіреді. Олармен шарт жасалады және осы шартқа сәйкес олар балаларынан бас тартпауға, оларға келіп тұруға, олармен араласуға тиіс. Үміт үйлерінің қамқорлығындағы 80 пайызға жуық баласы жетімдік қамытын кимей, өз отбасыларына қайта оралады.
Алғашқы жылдары «Бөбек» қорының істері тек қайырымдылыққа ғана бағытталған болатын, бірақ уақыт өте келе оның қызмет саласы айтарлықтай кеңейді. «Бұрын барлық істер медицинамен одақтаса атқарылатын: дәрі-дәрмектер алынатын, қайырымдылық акциялары өткізілетін, гуманитарлық көмек көрсетілетін, бірақ қазір мен мұндай жолмен – материалдық игілікпен қамтамасыз етумен барлық мәселе шешілмейтінін түсіндім, – деді қор Президенті өз сөздерінің бірінде. – Жалпы адамдық құндылықтар туралы білімді қайта жаңғырту керек. Тек балаларға ғана емес, біздің барлығымызға, жалпы қоғамға адмгершілік-рухани бағыт қажет. Балалар отбасынан, сәби шағынан академиялық біліммен қатар, бұл жайлы да білім алуы керек. Қайталап айтудан жалықпаймын: біздің барлық ауруларымыздың – тән және рухани аурулардың себебі – жанымызда: арам ниет, көкірекшілдік, көреалмаушылық, жалқаулық, тоқмейілдік. Әрқайсымыздың рухани өзіншілігіміз шынайы жанданбайынша, адамзаттың сауығуы мүмкін емес екендігіне көзім жетті» [2, 25 б.].
Сара Алпысқызы жалпы адами рухани-адамгершілік құндылықтардың жандануы бойынша жаңа білім жобасын әзірлеу бастамасымен мемлекетік деңгейде сөз сөйледі. «Бұл жобаны біз «Өзін-өзі тану», - деп атадық дейді жоба авторы Сара Алпысқызы. – Себебі адам өзін-өзі, өз қабілеттерін, өз тағдырын танып білмесе, ол тағдырдың ойыншығына айналады. Егер біз кім екеніміз, қайдан келгеніміз, бұл өмірге неге келгеніміз және қайда баратынымыз жайлы терең философиялық сұрақтар туралы ой толғай бастасақ – бұл өз білімсіздігімізді ұғынуымызға жасалған алғашқы қадам, яғни, дүниеге деген көзқарасыңды, өзінің ішкі «Меніңді» жақсы жағына өзгертуді білдіреді... Жаңа бағыттың басты мақсаты – адамға өзін-өзі табуға, өзінің жақсы сапаларын ашуға, сатқындық жасамау, ар-намысын сақтап, әрқашан адам қалпынан таймауға көмектесу. Біздің бақытымыз бен бақытсыздығымыздың, сәттілігіміз бен сәтсіздігіміздің себептері біздің өз ішімізде. «Өзін-өзі тану» адамға Жоғарғы Заңдар мен құндылықтарға сәйкес өзінің ішкі әлемін тәртіпке келтіруге мүмкіндік береді».
«Өзін-өзі тану» деп аталатын, рухани-адамгершілік құндылықтарды жаңғырту бойынша білім жобасының авторы: оның басты мақсаты – жалпы адами құндылықтарды жаңғырту, балаларды өз-өзімен және қоршаған ортамен үйлесімде өмір сүруге үйрету. Сара Алпысқызы әр қазақстандық кішкентайдың тағдырына алаңдайды. Өз қамқорлығымен ол балалар өз елінің патриот азаматтары болып өсу үшін оларға үміт сыйлайды. Оның халықаралық аренада сөйлеген барлық сөзі бала жанын сақтауға және жас ұрпақтың бақыты үшін өмірді өзгертуге үндеу болып табылады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев өзінің халыққа Жолдауында: «Біз әрбір адамның абыройын, адамгершілігі мен беделін бағалайтын, жоғары өнегелі, эстетикалық стандарттары мен рухани құндылығы бар қоғам құруымыз қажет» деп баса айтты. Бұл талаптар өскелең ұрпақтың тәрбиесін және рухани-адамгершілік білім берудің артықшылығын күшейтуге бағытталған «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының жалпы мақсатымен тоғысады [3, 15 б.].
Қазақстан Республикасында 2001 жылдың 12 шілдесінде Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің №566 бұйрығымен бекітілген «Өзін-өзі тану» курсының жобасын әзірлеу мен сынамалау бойынша өткізілген тәжірибе табысты түрде жүзеге асырылуда. «Өзін-өзі тану» курсы жеті жылдық сынамалаудан кейін республиканың барлық аймақтарында ата-аналар мен педагогтар қоғамының белсенді қолдауына ие болды.
Қазақстан қоғамындағы өскелең ұрпаққа адагершілік-рухани білім және тәрбие беру жалпы адамдық, жалпы ұлттық, этномәдени және жеке құндылықтардың үйлесімді синтезіне бағытталған, олар адамға, қоғамға қызмет етуде өзін бар қырынан көрсетуге, өмірдегі өз ролін және өз тағдырын ұғынуға мүмкіндік береді. Өзін-өзі тану білімнің құндылықты мағынасын нығайта отырып, риясыз сүю, өз-өзіне және өз күшіне сену, жақсылық жасау, көбірек тануға және өзін-өзі жетілдіруге, физикалық, психикалық, рухани, әлеуметтік және шығармашылық даму тұрғысынан үйлесімге жету мүмкіндіктерін дамытады.
Балаларды қорғау комитеті «Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығы өткізген ғылыми-зерттеу қызметтерін есепке ала отырып, жүйелі, кешенді тәсіл прициптерінің негіздерінде «Өзін-өзі тану» аймақтық білім жүйесі туралы мәліметтердің электронды республикалық банкін құру үшін материал жинады.
Бұл өзін-өзі тану өз сезімін ұғына алатын, игере алатын және басқара алатын, Махаббат-Ақжүректік-Өзара түсінушілік негізінде айналасындағы адамдармен өзара қарым-қатынасын жасай алатын толық тұлға қалыптастыруға сеп болады.
ҚР Білім және ғылыми министрлігінің қолдауымен жобаны әзірлеуде Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңы, білім берудің мемлекеттік даму бағдарламасы, баланың құқығы туралы БҰҰ-ның келісімшарты, Қазақстан Республикасының «Баланың құқығы туралы» Заңы басшылыққа алынды. «Өзін-өзі тану» жобасын әзірлеуге республиканың білім беру мекемелерінің практикалық қызметкерлері мен жаңашыл-педагогтары, жетекші ғалымдары қатысты [4].
Оқу пәні ретінде «Өзін-өзі тану» пәнінің мақсаты тұлғаның рухани-адамгершілігін дамытуда. Қазақстандық қоғамда өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеу және рухани-адамгершілік білім беру жалпы ұлттық, адамзаттық, этномәдениеттік және жеке тұлғалық құндылықтарға негізделген. Олар адамға қоғамда қызмет етуде өзін толықтай танып білуіне, өмірдегі өзінің орнын ұғынуға және ролын түсінуге мүмкіндік береді. Өзін-өзі тану білім берудің құндылығын күшейтеді, тұлғаның ең маңызды риясыз сүюін ашып және дамуын көрсететін, өзіне және өзінің күшіне сенуге, жақсылық жасауға, физикалық, психикалық, рухани, әлеуметтік және шығармашылық дамуда үйлесімге жетуде өзін жетілдіруге және түсінуге мүмкіндік береді.
«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім берудің жалпы мақсаты: әрбір оқушының жеке тұлғалылығын және ішкі әлемін ойлауды қамтамасыз ету; өмірдегі ең маңызды құзіретті мақсатты дамытудың негізінде үйлесімді тұлғаны қалыптастыруға үлесін қосу: өзінің өмірлік айқындамасын анықтау; адамгершілік нормаларына сәйкес әр түрлі сұрақтарды конструктивті түрде шешу; өзіне, адамдарға және қоршаған ортаға ізгі көңіл бөлу; адамдарға көмек көрсету, жақындары мен туысқандарына қамқорлық жасау; өз-өзімен үйлесімде өмір сүру; ойларында, сөйлеген сөздерінде және әрекеттерінде шынайы болу; жасампаздық белсенділікті, азаматтылықты және отансүйгіштікті көрсету; адамгершілікті таңдауда дайындығын көрсету және өзінің ойына, сөйлеген сөзіне және әрекетіне жауапты болу; қоғамға қызмет етуді тәжірибеде дамыту. Жалпы мақсаттар күнделікті тәжірибеде: тұлғаның өзін-өзі толықтай көрсетуге және ұғынуға көмектесетін жалпы адами құндылықтарды оқыту негізінде тұтас білім беру процесін құру арқылы; балалардың жас ерекшеліктерін есепке ала отырып, тұлғаның рухани-адамгершілік әлеуетін дамытуға әсер ететін ақпараттық және білім беру кеңістігін құру арқылы; басқа жалпы білім беру пәндерінің мазмұнының тұтастық ұғымын күшейту арқылы; қоғамға қызмет етуге бағытталған білім беруден және мектептен тыс қызметтерде тәрбиенің ролін күшейту; мектеп пен отбасының әлеуметтік серіктестігін, мұғалімдер мен ата-аналардың, қамқоршылар мен тәрбиелеушілердің тығыз ынтымақтастығын дамыту арқылы тұлғаның рухани-адамгершілігін қалыптастыру үшін оң алғышарттар жасау арқылы жүзеге асырылу мүмкін.
Өзін-өзі тану бойынша білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшелігі өзін-өзі тану пәнін толықтай жүзеге асыру үшін балабақшалар мен мектептерде жалпы адами құндылықтары басым ерекше атмосфера жасау.
Өзін-өзі тану бойынша тұлғалық-бағдарлық білім беру процесі: баланың бар мүмкіндіктері мен қызығушылықтарын, талаптарын ескеретін құндылықты қатынас орнатуды; тұлғаның өзін-өзі жетілдіруі және өзін-өзі тануы үшін барлық қолайлы жағдайларды жасауды; дамытушы білімнің формалары мен әдістемелерінің әр түрлілігін, ойлап-толғану және адамгершілік таңдау үшін өмірлік тәлімдермен және жағдайлармен пән мазмұнын толықтыруды; оқушылардың рухани өсуін, жеке басының ішкі динамикасына назар аударуын; білім беру процесінде субъектілердің тілектестік диалогтарын ұйымдастыруды; мектептің, отбасының, қоғамның тығыз ынтымақтастығын және өзара әрекетін; білім беру мекемелерінде жақсылық, махаббат, әділдік және өзара түсінушілік атмосферасын жасауды қарастырады.
Өзін-өзі тануға үйрету білім беру процесіндегі әрбір қатысушының тұлғалық ерекшеліктерін мойындай отырып, интерактивті әдіс негізінде жүргізіледі. Адамгершілік құндылықтар әр түрлі жасқа қолжетімді әлемді түсіну арқылы сіңіріледі. Өзін және басқа адамдарды тануды, қоршаған ортамен қарым-қатынасты, ақиқатты және махаббатты адамзат өмірінің ең жоғарғы мағынасы деп түсіну балалар еркін ойлана алатын, өзінің пікірін білдіре алатын, өзінің дарындығын және қабілеттілігін ашып көрсететін, сенімді, ресми емес жағдайларда орын алады. Өзін-өзі тану сабақтарында мұғаліммен ашық диалог жүргізіледі, әлеуметтік-ролдік ойындар мен тренинг кезінде адамдардың қарым-қатынастық әлемі зерттеледі, өмірлік бақылауларымен алмасу жүргізіледі, қоғамға қызмет етудің іс жүзіндегі дағдылары дамиды.
Өзін-өзі танудың ерекшеліктерін ескере отырып, денсаулық сақтау әлеуетіне ие стандартты емес сабақтардың әртүрлері қолданылады: ойлау сабақтары, пікірталасу сабақтары, театрланған сабақтар, шығармашылық сабақтары, конкурс-сабақтар, қиял-сабақтар, концерт-сабақтар, экскурсия сабақтары, ойын сабақтары және т.б. Өзін-өзі тану оқыту процесінде бірнеше әдістемелік тәсілдер қолданылады:
«Қуаныш шеңбері» – әдетте сабақтың басында қолданылатын әдістемелік тәсіл. Мұғалім оқушылармен шеңбер жасайды, онда барлығы бір-бірімен еркін сөйлеседі, әр түрлі әндерді орындайды, өлеңдер оқиды. «Қуаныш шеңберінің» педагогикалық ұғымы әрбір баланың өзі басқаларға және басқалар өзіне сенетін, өзіне таныс үлкен достық шеңберге қабылданғандығын сезіну болып табылады.
«Бейне материалдарды қарау (кинолардан, мультфильмдерден және т.б. үзінді)» – оқу ақпараттарын қолайлы көрнекі формада көрсетуге мүмкіндік беретін әдістемелік тәсіл. Айқын көркем бейнелер балалардың оқылатын материалды меңгеруін және қабылдауын күшейтеді.
«Жүректен, жүрекке» шеңбері» – әдетте сабақты қорытындылаушы әдістемелік тәсіл, алған әсерлерімен, бір біріне тілектерімен бөлісуді қарастырады және оқытушыға әрбір баланың эмоциялық жағдайын, оның сабақ тақырыбын қандай деңгейде түсінетіндігін анықтауға мүмкіндік береді. Өзін-өзі тану бойынша оқу процесін ұйымдастырудың маңызды шарты балалардың жасына, психофизиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес, эмоционалды жайлылықты қамтамасыз ететін пайдалы денсаулық сақтау ортасын жасау болып табылады. Сабақта қызметтің әр түрін кезектестіру сабаққа деген оң уәжді қамтамасыз етеді. Өзін-өзі тану бойынша сабақ топ бөліктерінде (10-15 адам) аудио және бейне техникаларымен, көрнекі және дидактикалық материалдармен жабдықталған арнайы кабинеттерде жүргізіледі. Өзін-өзі тану бойынша сабақты жүргізудің әдістері мен формаларын кеңінен түрлендіру оларды арнайы кабинеттерден (концерт залында, мектеп жанындағы алаңда, табиғат аясында, мұражайда, театрда және т.б.) тыс жерлерде ұйымдастыруды қарастырады [5, 45 б.].
Өзін-өзі тану бойынша сабақтан тыс қызмет игерілген білімді күнделікті өмірде іс жүзінде қолдануды және қоғамға қызмет етуге белсенді қатысуды қарастырады. Білім берудің әр деңгейі үшін типтік бағдарламадан, хрестоматиядан, оқу-әдістемелік құралынан, оқулықтан, өзін-өзі тану бойынша оқу дәптерінен, көрнекі-иллюстрациялық, дидактикалық, аудио және бейне материалдарынан тұратын оқу-әдістемелік кешен қолданылады. Өзін-өзі тану процесінде негізгі роль тәрбиелеудің және білім берудің қазіргі әдістерін меңгерген, психологиялық білімі бар, балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, педагогикалық процесті өз бетінше құрастыра білетін мұғалімге жүктеледі. Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі сабақтарында әркелкі білім берудің дәстүрлі және дәстүрлі емес, интерактивті формалары мен әдістерін қолданады, бұл тұлғаның шығармашылығын, оның қабілеттілігі мен мүмкіндіктерін ашуға көмектеседі.
Балаларға деген махаббат, әрбір баланың бірегейлілігін мойындау, сабырлылық, «адал ақыл» және «ақылды жүрек» – қоғамға қызмет етудің үлгісі болуға тиіс өзін-өзі тану пәні педагогінің ең басты сапалары. Өзін-өзі тану мұғалімі қызметінің құндылықты-бағдарлық бағытты оқушыларға білім алуға, адамның мәдени жетістіктерін, даналықты ұғынуына, барлық мүшелерімен оң қарым-қатынас жасауына мүмкіндік береді. Мұғалім әрқайсысының ерекшеліктерін ескере отырып, қоршаған әлемдегі өзінің «Мен» тұлғалылығын түсінуіне көмектеседі. Ол дайын білімді бермейді, өзін-өзі тану процесін басқара отырып, өмірге қажетті қабілеттерді және дағдыларды меңгеруіне жетекші болады. Ол балалармен дауласады және ойланып-толғанады, жаңалық ашады, таңданады және күдіктенеді, шығармашылық тұрғыда өмірлік шындыққа жетуді көздейді, сыныпта игілікті атмосфера жасайды.
«Өзін-өзі тану» бағдарламасын ендіруден күтілетін нәтижелер – балалардың өздерінің саналы түрде басқаруға жағдай жасайтын, жасөспірімге тұлғалық өсудің мақсаттын, бағдарламасын түсінуге және ұғынуға және осының негізінде өзіне деген, айналасындағы адамдармен өз қатынасын үйлестіруге көмектесетін базалық тұлғалық құзыреттілік. «Өзін-өзі тану» білім беру бағдарламасын меңгеру нәтижесінде әрбір жас кезеңінде даралық өзін-өзі жүреді, оқушылардың бірегей тұлғалық ұқсастығы қалыптасады. Саналы білім, меңгерілген әлеуметтік сапалар, тәрбиелік сезімдер рухани және физикалық тұрғыдан өзін-өзі жетілдіруге; азаматтық және жалпы ұлттық өзін-өзі тануға, отансүйгіштікке деген талпынысты оятуға; сондай-ақ, адамды сүюшілік, ынтымақтастық, жауапкершілік принциптерінің негізінде қазіргі әлеуметтік кеңістікке қажетті бейімділік дағдыларды қалыптастыруға мүмкіндік жасайды.
Қазіргі уақытта жалпы адами құндылықтарды дамыту және нығайту маңызды мәнге ие. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын ендірудің арқасында оқу-тәрбие процесінің жүйесінде әрекеттер спекторы дамытылуда.
Адамның рухани-адамгершілік дамуының сұрақтарын қарастыру мақсатында 2012 жылдың 2 сәуірінен 6 сәуіріне дейінгі аралықта «Бөбек» Ұлттық сауықтыру және білім беру орталығының өкілдері Қарағанды облысына келді. «Бөбек» Ұлттық ғылыми-тәжірибелік, білім беру және сауықтыру орталығының адамдардың үйлесімді дамуы институтының әлеуметтік-педагогикалық қызмет бөлімінің басшысы Калачева Ирина Владимировна және адамдардың үйлесімді дамуы институтының ғылыми хатшысы Жакыпакынов Бейбіт Бектұрсынұлы Қарағанды облысының білім беру мекемелерінде «Өзін-өзі тану» пәнінің жүргізілу жағдайын байқап білді. Қарағанды, Теміртау, Шахтинск, Саран қалаларының және Абай ауданының бала бақшалары, гимназиялары, жалпы орта білім беру мектептері адамның рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын қолданған кезеңіндегі өздерінің жетістіктерін ұсынды. «Өзін-өзі тану» пәнінің оқытушылары «Бөбек» Ұлттық ғылыми-тәжірибелік, білім беру және сауықтыру орталығының адамдардың үйлесімді дамуы институты қызметкерлерінің ұсыныстарын тыңдауға мүмкіндік алды. Мектеп оқушылары, балабақша тәрбиеленушілері ашық диалог жағдайында қонақтармен «Өзін-өзі тану» пәніне деген өздерінің қарым-қатынастарын және әсерлерін айтып әңгімелесті.
Қазіргі уақытта бүгінгі қоғамның өміріндегі рухани-адамгершілік дамудың проблемалары ең маңыздылардың бірі, өйткені Қарағанды облысының төрттен бір бөлігін балалар құрайды. Оны шешуде «Өзін-өзі тану» бағдарламасының ролі маңызды болды.
«Өзін-өзі тану» - жоба ретінде мектепке дейінгіден университетке дейінгі білім беру жүйесінде адами рухани-адамгершілік құндылықтарын оқып үйретуге бағытталған мемлекеттік эксперименттік жоба болып табылады. «Өзін-өзі тану» эксперименттік пәнін әзірлеудің негізгі идеясы оқу және тәрбие өмірінің мағынасын түсініп білуіне процесінде балаларды, жасөспірімдерді, жастарды рухани-адамгершілік құндылықтарына тарту болып табылады. «Өзін-өзі тану» пән ретінде баланың және жасөспірім тұлғасының рухани-адамгершілік мәдениетін дамытуға, өз өмірінің мәнін түсінуге, «Мен» – өзін өзі тану арқылы адамның жоғары жаратылысын меңгеруге бағытталған.
Балалардың құқығын сақтау бойынша Департаменттің ролі келесідей:
- білім беру мекемелерінде берілген бағдарламаны табысты ендіру үшін жағдай жасау мақсатында барлық қызығушылық танытқан құрылымдардың қызметін үйлестіру;
- қоғамда рухани бағдарлар мен адамгершілік артықшылықтарды қалыптастыру, өскелең ұрпақты жалпы адамдық құндылықтарға, адамгершілік мұраттарға және тәртіп нормаларына тарту.
Департамент біліктілікті көтеру институтымен бірілесе отырып, Қарағанды облысының аумағында «Өзін-өзі тану» бағдарламасын үйлестіру бойынша жұмыстың негізгі бағыттарын әзірледі:
• 12 жылдық білім беруге көшу және «Өзін-өзі тану» бағдарламасын ендіру жағдайында педагогикалық кадрлар қорын құру;
• әр түрлі білім беру институттарының қатысуымен рухани-адамгершілік білім беру проблемалары бойынша біліктілікті көтеру формасын байыту;
• білім беру мекемелерімен ұйымдастыру-әдістемелік жұмыстардың жүйесін дамыту;
• «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының мазмұнын насихаттаудың тиімді әдістерін іздеу;
• балаларды рухани-адамгершілікке тәрбиелеуді зерделеуге, балаларды рухани-адамгершілікке тәрбилеу жағдайы мен барысын зерделеуге арналған диагностикалық аспаптар дайындау, рухани-адамгершілікке тәрбиелеу жүйесін дамыту және үйлестіру бойынша аналитикалық есеп пен ұсыныстарды әзірлеудің зерттеу қызметі;
• жалпы адамдық, ұлттық, этномәдени, аймақтық, тұлғалық сапаларға, бағытталған, білім беру кеңістігін дамыту облыстың білім беру мекемелерінде халықаралық және республикалық қорларды пайдалану және білу бойынша жобаларды («Бала қарым-қатынасына тілектестік мектебі», «Балаға жақын қала», еріктілер мектебі) жоғарыда аталған жобаны таратуға көмек ретінде жалпы адами, ұлттық, этномәдени, аймақтық, жеке құндылықтарды білім беру кеңістігінің мақсаты ретінде дамытудың жобалық қызметі;
Қарағанды облысында бұл бағдарламаны ендіру және сынамалау тәжірибесі 2002 жылдан жүзеге асырылуда.
Қазіргі күнге облыста «Өзін-өзі тану» бағдарламасы енгізілген «Бөбек» Ұлттық ғылыми-тәжірибелік, білім беру және сауықтыру орталығының ғылыми-зерттеу институтының есебімен жүйелі, кешенді тәсілдердің принциптерінде 21 эксперименттік алаң пайдаланылуда: 7 балабақша, 7 жалпы білім беру мектебі, 2 мектеп-интернат, 3 «Мектеп – балабақша» кешені және 2 ЖОО. 2008 жылдың 10 желтоқсанындағы жағдай бойынша экспериментке қатысушы балалардың жалпы саны – 2901. Оның ішінде: балабақшаларда – 365, жалпы білім беру мектептерінде – 1379, мектеп-интернаттарда – 246, «Мектеп-балабақша» кешендерінде – 152, ЖОО-да – 759.
Адамгершілік принциптері бойынша құрылған «Өзін-өзі тану» курсы оқушылардың үздіксіз рухани-адамгершілік білім алуын қамтамасыз етеді және әр алуан педагогикалық әдістер мен тәсілдерді шоғырландырады.
Тәжірибеге қатысатын педагогтарды технологиялық және әдістемелік жабдықтау үшін облыстық біліктілікті көтеру институты және Балалардың құқығын қорғау департаменті (әзірлеуші авторы - облыстық біліктілікті көтеру институтының аға оқытушысы Н.П. Чеснокова) әдістемелік жұмыстар мен білім беру және тәрбие қызметі шоғырланған «Жан энергиясы» кеңістіктіктік-орта жобасын әзірледі және ендірді.
Берілген жоба баланың тұлғалық және әлеуметтік қалыптасуын, сонымен қатар, «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын молайтады. Жобаның негізгі мақсаты – өзін-өзі жүзеге асыруға, баланың тұлғалық мүмкіндігін ашу және дамыту, педагогтардың көркемдік-педагогикалық шығармашылығын және кәсіби рефлексияға дайындығын қолдау, балалық-ересек қоғамның бірлігін арттыру бағытталған өзін-өзі тану сабақтарынан тыс жағдайлар жасау [6, 25 б.]. Берілген жобаны жүзеге асыру бойынша эксперименттік алаң жұмысының қорытындысы 2008 жылдың 5 қарашасында өткен БКИ және ПГС РО «Өзін-өзі дамытудың кәсіптік аумағы» өзін-өзі тану күнінде шығарылды.
Өзін-өзі тану күнінің мақсаты: эксперимент қатысушыларының ғылыми-әдістемелік және шығармашылық мүмкіндіктерін дамытуға бағытталған ұйымдастырушылық-әдістемелік жағдайлармен қамтамасыз ету. «Жан энергиясы» кеңістіктік-орта жобасының модулі бойынша бала шығармашылығы мен әдістемелік есеп беру көрмесі ұйымдастырылды, «Рухани-әлеуметтік тәрбиелеуді жүзеге асыруда педагогтарды тұлғалық дайындау» мастер-класы, тәжірибелік алаңы жобасын жүзеге асыру бойынша әдістемелік мини-конференция өткізілді. Берілген жобаның шеңберінде 2008 жылдың сәуір-қараша айларында рухани-әлеуметтік дамытудың интергралданған сабақтардың әдістемелік әзірлемелерінің облыстық сайысы өткізілді, бұл облыс падагогтарының кәсіби өсуі және жетілдірілуі үшін қосымша уәждеме болды.
Қарағанды облысының тәжірибелік алаңдарында «Өзін-өзі тану» пәнін сынамалау және ендіруге жайлы жағдай жасау мақсатында оны білім беру мекемелерінде жаппай ендіру алдында Департамент жоспарына сәйкес 2008 жылы Қарағанды, Теміртау, Жезқазған қалаларының білім беру бөлімдерінде әдістемелік қызмет көрсету жұмыстарына талдау жасалды.
Тәжірибені жүргізу бойынша әдістемелік кабинеттердің жұмысына жүргізілген талдау «Өзін-өзі тану» пәнін ендірудің қол жеткізілген деңгейлерін белгілеуге, 2009 жылдың сәуірінде Қарағанды облысының «Өзін-өзі тану» рухани-адемгершілік білім беру ғылыми-әдістемелік бағыттағы республикалық семинарында «Өзін-өзі тану» пәнін апробациялау мен ендіру бойынша лайықты жұмысты ұсыну үшін олардың проблемалы алаңдары мен оларды шешу жолдарын анықтауға мүмкіндік береді.
Осымен біздің барлық үйлестіруші, ағартушылық, ақпараттық және насихаттау жұмыстарымыз баршаға жалпы барлық мақсаттарға жету үшін, атап айтқанда, білім беру процесі арқылы жалпы адами құндылықтарды қайта жаңғыртуға, білім беру құндылықтарын мүмкіндігінің толық күшейтуге және оның әрбір адам тағдырына үлесін күшейтуге бағытталған. Бұл мақсаттарға жету адам ресурстарының дамуымен байланысты.
Қазақстан Республикасы Президентінің «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» жолдауында стратегиялық артықшылықтардың бірі ретінде білім беру процесінің тәрбиелік бағыттылығын күшейту мәселесі белгіленді. Осыған байланысты еліміздегі бала мүдделерін қорғайтын және ұлттық білім беру жүйесінің құндылықты мүмкіндігін күшейту жолында бүгінде өзінің 20 жылдығын атап отырған, Қазақстандағы белгілі қайырымдылық ұйымы – «Бөбек» қорының үлесін айтпай өтуге болмайды [7]. Ұйым тағдыры – балаға деген шексіз қамқорлықпен толған өмір, адамдарға жоғары қызмет көрсетудің үлгісі және талассыз жалпы адами құндылықтарды – махаббатты, аяныш білдіруді, шыдамдылықты, ақ пейілділікті, шынайылықты нығайту.
Тәуелсіздік алу Қазақстан мен көп ұлтты халқының тарихында бетбұрысты кезең болды. Егемендіктің алғашқы жылынан бастап, елдің қоғамдық өмірінің барлық салаларында терең қайта құрулар басталды. Қазақстан үшін осы күрделі кезеңде жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар қиын жағдайда қалды. «Бөбек» балалар қоры Қазақстан тәуелсіздігінің алғашқы жылы өмірдің қиын жағдайында қалған балаларды қолдау мақсатында құрылды. Ол кезде қор қызметінің басты бағыты республиканың барлық аймақтарында балалар үйі мен денсаулық сақтау балалар мекемесіне гуманитарлық көмек көрсету болды. Қоғамдық приюттардағы балаларға қамқорлыққа алу және тәрбиелеудің толымсыздығын сезінген «Бөбек» қорының Президенті Сара Алпысқызы жетім балаларға бүкіл әлеммен қамқор болу сияқты қазақ халқының гуманистикалық дәстүрін жаңғырту үшін көп күш салды.
Қазақстанның балалар үйін қайта қалыптастыру үшін отбасы үлгісіндегі балалар ауылы мен жасөспірімдер үйін құру жөніндегі халықаралық «SOS Киндердорф» қорының тәжірибесі қолданылды. Бұл ұйымдарда жетім балалар өздерінің жаңа ата-аналарын, ағалары мен апаларын және отбасылық бақытқа кенеледі. Ал балаларынан бас тартқан жас аналарға өмір қиындықтарын жеңгеннен соң өз балаларына қатысты құқықтарды пайдалануға мүмкіндік беретін үміт үйлері таза қазақстандық «ноу-хау» болып табылады.
Қордың қайырымдылық қызметінің басты бағыты ата-ана қамқорлығынан айрылған балаларға әлемнің жарқын бояуларымен (яркие краски мира) рақаттануға: білім алуға және демалуға, денсаулығын түзеуге және шығармашылықпен айналысуға, өз қабілеттерін дамытуға және достасуға мүмкіндік беретін, мамандандырылған «Бөбек» қорын құру болды.
Қоғам қайраткері және публицист дарыны арқасында Сара Алпысқызы Қазақстанда балаларды әлеуметтік экономикалық тұрғыдан қолдау институтын толық және анық ұйымдастырушылық ресімделуіне қол жеткізді. «Бөбек» қорының ең айтулы жетістіктерінің бірі – балаларды әлеуметтік тұрғыдан қолдау мен проблемаларды шешуде мемлекеттің жауапкершілігін ресми түрде бекіткен «Отбасылық үлгідегі балалар ауылы мен жасөспірімдер үйлері туралы» Заңның қабылдануы. ҚР БҒМ құрылымында Балалардың құқықтарын қорғау комитетін және балаларды қорғау облыстық департаментінің құрылуымен жас қазақстандықтарды мемлекеттік қамқорлыққа алу тұрақты жүйелі сипатқа ие болды. Аталған барлық шаралар балаларды бүкіләлемдік қорғауға мақсатында жалпы жұртшылықты жұмылдыруға бағытталған. Олар біздің мемлекетімізге өте уақытылы және аса қажет болды. Ральф Уолдо Эмерсонның сөзімен айтқанда, «шын мәнінде өркениет деңгейін халық санағы емес, қалалар көлемі емес, жиналған өнім емес көрсетпейді – жоқ, оны ел жасап шығаратын адамның сапалары көрсетеді». Ал балалар – кез-келген халықтың ең бағалысы, олар мемлекет болашағы.
Халық даналығы: «Әке ұлды, шеше халықты тәрбиелейді» дейді. «Бөбек» қорының Президенті өзінің әр сөзімен және өзінің әр қадамымен шынайы адам өмірінің мәнін растайды, яғни, қоршаған әлемді жақсы жағына өзгерту, мәңгілік өмірге жақсылық нәрін себу, өз артында махаббат мұрасын қалдыру. Ол кез-келген қайырымдылық бағдарламасы егер рухани-адамгершілік ағартумен, балаларды адамзатты сүю рухында тәрбиелеумен нықталмаған болса, тек қана қысқа мерзімді нәтиже береді. Ел амандығы мен халықтың рухани саулығы көп жағдайда балалар мен жасөспірімдердің құндылықтары мен мұраттарына байланысты екендігін түсінген, балалардың құқықтарын қорғауда жалпыұлттық қозғалыстың негізін салушы Сара Алпысқызы егемен Қазақстанның педагогикалық жұртшылығына «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын әзірлеуді жүктейді.
Нақ осы жерде соңғы он жыл ішінде ғалымдардың, әдіскерлердің және практиктердің бірлесіп күш салуымен балаға деген махаббат негізгі тасы болып табылатын, адамның үйлесімді дамуының біртұтас педагогикалық жүйесі құрылды.
Қазіргі таңда балалар қорының президенті тәрбиелеп шығарған «Бөбек» ұлттық орталығы ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру қызметін табысты түрде іске асыратын көп салалы ұйым болып табылады. Оның құрылымына балаларды сауықтыру қызметі, балабақша, гимназия, колледж, обсерватория, институт кіреді. Бақыт пен өмір жолындағы сәттілікке қол жеткізу бойынша практикалық басшылық ретінде қазақстандық мектепке дейінгі және орта білім беру жүйелеріне, сонымен қатар, педагогтарды даярлаудың білім беру бағдарламаларына енгізілген жаңа жалпыға міндетті «Өзін-өзі тану» пәнін қарастырған жөн. Өзін-өзі тану қазіргі білім берудің жүйесіндегі жетпей тұрған топтың орнын толтырады, балалар мен білім алушы жастардың өмірлік маңызы бар құндылықты бағыттарының қалыптасуына сеп болады.
Өзін-өзі тану сабақтарында оқушы мәні Абайдың «махаббат пен әділдік сезімі кімде көбірек болса, сол кісі – ғалым, сол – кісі дана» сөздерімен жеткізілетін қарапайым ақиқатты ұғынады. Бұл пәннің негізінде адамға өз-өзімен және әлеммен үйлесімде өмір сүруге мүмкіндік беретін өзекті рухани-адамгершілік құндылықтар мен тұлғалық сапалар жатыр. Басқа пән салаларының маңыздылығын кемітпей, олардың тұлғалық-бағдарлық сипатын еселей отырып, өзін-өзі тану оқушының адамгершілік, адамзатты сүю және қайырымдылық рухында тәрбиеленуіне көмектеседі.
«Өзін-өзі тану» пәнін білім берудің ұлттық жүйесі жаппай енгізу жүрісі мониторингінің нәтижесі оның Қазақстанның білім беру мекемелерінде тәрбие жүйесінің негізі және білім беру мазмұнының өзегіне айналғандығын растады. Тәуелсіз сарапшылар «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын еліміздің кең жұртшылығы (білім алушылар, ата-аналары, педагогтар) жақсы қабылдады. Бұл оны қазіргі Қазақстандағы мәдени-жаңғырту процестерінің негізгі нүктесі деп санауға негіз береді.
«Бөбек» қоры тұрақты түрде ата-анасы жоқ білім оқушыларға және тұрмысы төмен отбасынан шыққан студенттерге әлеуметтік көмек көрсетеді. Мектеп түлектері Сара Алпысқызының атаулы білім беру грантын алу құқығына үміткер болу мүмкіндігіне ие болады. «Бөбек» қоры дарынды жетім және тұрмысы төмен отбасынан шыққан, Қазақстанның ЖОО мен колледждерінде оқитын балалардың оқу ақысын төлейді. Бұл нағыз ана махаббаты мен қамқорлығының көрінісі, себебі білім – өмірдегі ең сенімді жолдама.
Байқағанымыздай, «Бөбек» қорының тарихы – қоғамның сау ғибратты күші жұмылдырылған, игі істер мен ақталулардың үздіксіз эстафетаның жарқын шежіресі. «Бөбек» қоры қызметінің артықшылығы қазіргі кезеңде өзін-өзі тану идеясын қазақстандық қоғамда тарату болып табылады. Бұл ұлттың басты мүдделерін сай келеді, себебі ата-бабамыз айтып кеткендей: «Даналық мақсаты – еркіндік, мәдениет мақсаты – кемелдік, білім мақсаты – махаббат, оқу мақсаты - тұлға».
Әдебиеттер тізімі
1. Орлин В.С. «Детка» Порфирий Иванова // Москва: Советский спорт 1991. – 49 с.
2. Золотарев Ю.Г. Советы Порфирий Иванова. Как жить не болея // Издательство: Диля Паблишинг. 2007. – 25с.
3. Бах.Б. «Система природного оздоровления по методу Порфирий Иванова». // М.: АСТ, Сталкер, – 2009. – 15 с.
4.Закон Республики Казахстан «Об образовании» // Казахстанская правда, 27 июля 2007 года.
5.Горелова О. «Порфирий Иванов – откровения учителя» // Издательство: Питер, 2010. – 45 с.
6. Назарбаева С.А. Самопознание: Учебник для нового одноимённого учебного предмета в Казахстане. Алматы, 2009. 25 с.
7. Послание Президента Н.А. Назарбаева народу Казахстана «Социально-экономическая модернизация – главный вектор развития Казахстана» // Казахстанская правда, 27января 2012 года.
Достарыңызбен бөлісу: |