Оқушыларға жеңіл атлетика сабақтарында шыдамдылықты үйрету Райыс Айжан Амалбекқызы


Жеңіл атлетикадағы ғылыми зерттеулер. Зерттеу объектісін анықтау



бет16/29
Дата07.02.2022
өлшемі395,5 Kb.
#87394
түріСабақ
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   29
Байланысты:
7 Райыс Айжан Амалбекқызы Жеңіл атлетика

Жеңіл атлетикадағы ғылыми зерттеулер. Зерттеу объектісін анықтау.

Жеңіл атлетикалық жаттығу – бұл ұйымдасқан және әдістермен тиімді басқарылатын педагогикалық үрдіс, сондықтан да спорттың мәселелерін шешу кезінде бәрінен бұрын зерттеудің педагогикалық әдістеріне негізделеді. Бұл әдістермен қатар, медициналық, биологиялық, психологиялық, әлеуметтік және басқа да зерттеудің әдістері пайдаланылады.


Жаттығу әдістерін жетілдіруге қол жеткізу-спортшылардың олимпиадалық ойындар мен басқа халықаралық жарыстарда жақсы көрсеткіштерге қол жеткізуіне жағдай жасайды. Бұған спортшыларды жарыстарға дайындау мен қатысуы кезінде жүзеге асырылатын кешенді зерттеулер үрдісінде (процесінде) алынған құнды ғылыми мәліметтер орасан зор рөл атқарады.
Педагогикалық зерттеулерге мына, әдістемелік талаптар: шынайылықты нақты зерттеу, құбылыстардың өзара байланысы мен дамуын қарастыру және оны талдау, құбылыстардың ішкі қайшылықтарын ашу мен оларды жеңіп шығудың жолдарын іздеу жатады. Бұл кезде зерттеудің педагогикалық әдістері спорттық құбылыстардың ерекшеліктерімен зерттеліп отырған мәселелер, міндеттердің ерекшеліктеріне де сәйкес келуі тиіс. Бақылау да, эксперимент сияқты кез келген ғылымда көрінетін сипатты белгілерге ие болады. Алайда, ғылыми әдістерде болатын нақты формалар, олардың құрылымы, спорттық педагогиканың зерттеу пәніне сәйкес келуі тиіс. Зерттеуді жүзеге асыру үшін қандай әдісті таңдау керектігін шешіп, ол үшін зерттеліп отырған құбылыстың табиғатына назар аудару, зерттеудің мақсаты мен міндеттеріне зер салу керек [21].
Бұқаралық көпшілік спорттың кеңінен дамуы, білікті спортшыларды дайындаудың жүйесін жетілдіру, бұл салаға мамандарды көптеп шақыруды талап етеді. Жаттықтырушы, оқытушы, мектептің мұғалімі, денешынықтыру нұсқаушысының жұмысы - бұл өзекті мәселелерді шешудің жаңа жолдарын іздеу, тиімді әдістерді, спортшыларды дайындаудың ұйымдастырушылық формаларын дайындау болып табылады. Спорт саласындағы зерттеу бағыттары алуан түрлі болып келеді, алайда қазіргі жағдайда бірінші кезекке мына төмендегідей мәселелерді ескеру қажет: бұқаралық спорттық теориялық - әдістемелік негіздері, жас спортшыларды дайындау жүйесі, жоғары білікті спортшыларды дайындау үрдісін басқару мәселелері.
Жеңіл атлетика саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу әдістемесі мен жаңадан бастаған зерттеушіге көмек беру.
Жеңіл атлетиканы оқыту әдістеріне қысқаша сипаттама, сонымен бұқаралық және жасөспірімдер спортының мәселелеріне қолданылу ерекшеліктері туралы жалпы мәліметтер беріледі.
Спорттың өзекті мәселелерін зерттеу кезінде зерттеудің мына төмендегідей түрлері пайдаланылады: теориялық, тәжірибелік және зертханалық ғылыми тәжірибелік зерттеулер. Көптеген зерттеулер үшін біреуі жетекші болатын әдістердің кешені пайдаланылуы тән болады. Қандай әдістерді зерттеу бағдарламасына енгізу, мына төмендегідей шарттарды қадағалау кезінде ғана мүмкін болады: зерттеліп отырған (әдістер) құбылыстардың табиғатын терең және жан-жақты зерттеу, зерттеудің міндетін, мақсатын айқын қою, сол саладағы зерттеушінің құзырлылығы, зерттеу нысанының техникалық жабдықталуы, зерттеуші топтың материалдық мүмкіншілігі мен басқа да зерттеу міндеттерін сәтті шешу үшін маңызы бар шарттарды ескеру қажет.
Зерттеумен қатар-жаттығудың табиғи жағдайы мен зертханалық ғылыми тәжірибелік зерттеу барысында ұйымдастырылуы мүмкін. Зертханалық ғылыми тәжірибенің артықшылығына барлық жанама құбылыстар мен кемшіліктерді жою мүмкіндігі мен шарттарды қатаң түрде стандарттау жатады. Спорттық тәжірибедегі зерттеу мәліметтері мен зертханалық зерттеулер нәтижелерінің үйлесуі оқу-жаттығу процесінің заңдылығын терең ашуға мүмкіндік береді.
Алда тұрған зерттеуге академик И.П.Павловтың: «Іс тәжірибенің санында емес, бақылаудың сапасында» деген сөзін естен шығармай, жақсы тыңғылықты дайындалу қажет.
Жеңіл атлетиканың педагогикалық зерттеу шамамен мына төмендегідей бірізділікпен жүзеге асырылуы тиіс:

  1. Зерттеу тақырыбын таңдау

  2. Зерттеуді жоспарлау

  3. Зерттеудің мақсатын, міндетін және гипотезасын құру

  4. Зерттеу әдістерін таңдау

  5. Нақты мәліметтерді жинау және өңдеу

  6. Жиналған ғылыми материалдарға теориялық түсініктеме беру

  7. Қорытынды мен тәжірибелік ұсыныстарды жасау

  8. Зерттеу нәтижелерін дайындау

  9. Зерттеу нәтижелерін тәжірибеге енгізу

Зерттеу жұмыстарынын негізгі кезеңдерінің мазмұнын қысқаша сипаттайық.
1. Зерттеу тақырыбын таңдау. Зерттеу тақырыбын таңдай отырып мына төмендегілерді ескеру қажет:
- зерттеуші жұмыс істейтін ғылыми ұжымның зерттеу тақырыбы (тематикасы);
- зерттеушінің теориялық және тәжірибелік дайындығының деңгейі;
- білікті ғылыми басшылықтың мүмкін болуы;
- зерттеуді ұйымдастыру үшін қажетті шарттар мен құралдардың болуы;
- зерттеу тақырыбына кіретін мәселелердің шектен тыс ауқымды болмауы;
- тақырыптың іс жүзінде орындалуы.
Ғылыми – зерттеу жұмысының тақырыбын таңдау кезінде зерттеліп отырған мәселе бойынша негізгі әдебиеттермен танысу қажет. Осы мақсатта сұрақтардың тізімін жасап, оларды мына төмендегідей топтарға бөлу керек: а) әдебиетте ғылыми көпшілік қауымның жалпы көңілінен шыққан мәселелер; ә) одан әрі дайындауды талап ететін, пікір таласушы, жеткілікті дайындалмаған сұрақтар; б) бұрын жүргізілген зерттеулер нәтижесінен келіп шыққан мәселелерді қоюда дайындалмаған мәселелер.
Әрбір ғылыми – зерттеу жұмыстары тақырыптық атын құрастырудан басталады, жұмыстың аты зерттеу мазмұнын, мақсатын айқын көрсетуі тиіс. Зерттеу жұмысының атына нақты жұмыстың мәнін білдіретін сөз кіруі керек, мысалы: «Жас футболшыларды жылдамдық – күшке дайындаудың тиімді құралдары мен әдістері».
Зерттеуді жоспарлау. Зерттеуді бастамас бұрын оны мұқият жоспарлау қажет. Бәрінен бұрын мәселе туындатқан жағдайды анықтап, олардың ішінен негізгілерін бөліп алып, зерттеуге жататын мәселені қою керек. Зерттелетін мәселенің жағдайын анықтау дегеніміз – зерттеуге жататын мәселенің көзін табу және зерттеліп отырған мәселені сипаттау болып табылады. Зерттеліп отырған салаға сәйкес теориялық қорытынды мен істің жағдайы негізінде зерттелетін мәселені қоюға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет