Жеңіл атлетикадағы жаттығу әдістемесінің негізі
Жылдамдық әрекеттің түріне байланысты әр түрлі дамиды және оны дамытатын, өзіне әсер ететін қасиетіне ие болады. Циклді характерде де, жүгіру, жүзу т.б. жаттығулары тездікті екі жол мен дамытуға болады.
Әрекеттерді тұтас мүмкіншілігі барынша ең жоғары тездікпен орындау арқылы.
Әрекеттерді бөлімдерге ажыратып айырым бөліктерінің тездігі өз алдына дамыту арқылы жүгірудің тездігін дамыту үшін әр түрлі тездікті пайдаланылады.
Жоғарыдан төменге қарай жүгіру, аяқтарға, қолдарға айырым жаттығулар беру, тездігі күшті спортшының соңынан еріп жүгіру т.б.
Циклді әрекеттерде тездікті дамытудың айырым ерекшеліктері бар. Мысалы, жай әрекет реакциясы тосыннан болатын хабарға жауап беріп таныс әрекеттерді тез, жылдам орындау мұғалімнің командасы бойынша Сүреден шығу, әрекеттің бағдарын өзгерту т.б. Көбінесе әр түрлі топтармен әрекетті ойындарды түрліше ұйымдастыру жолымен тездік дамыту мүмкін. Жай жаттығулардан беруге болады. Әсіресе әрекеттердің бағдарын өзгертіп орындайтын жаттығулар көбірек беріледі және олардың күрделілігі жоғарылап бару қажет. Тездік жаттығуларын қайталау және қайта орындағанда оқушы мүмкіндігінше ең жоғары тездікте жүгіру жолымен дамытуға болады. Ең жоғары тездікті оқушы 2-3 секунд сақтауы мүмкін. Сондықтан жүгіретін аралық шектелген болуы тиіс (мысалы, 20-40 м). Айырым жағдайда максималь тездіктің 90-95% құрайтын мұғдардағы жаттығуларды пайдаланып жаттығу өзгертіліп тұруы тиіс. Бұл жағдайда жүгірудің аралығы 60-80 ге дейін ұзартылады. Барлық жаттығуларды оқушы орындаған кезде оның техникасы мен орындалуын бақылап бару қажет. Дем алу аралығын сақтап жүгіру ұсынылады. Бұл оқушының жұмыс іскерлігін сақтауға мүмкіншілік береді. Тездікті дамытуға берілген жаттығулар тездігі төмендегенше қайталануы тиіс. Әр қандай қайталанған жаттығулардан кейін оқушылардың денесінің өзіне келуін, жүректің минуттық ұруын анықтау жолымен бақылап барған дұрыс.
Дене шыдамдылығының дамуы көптеген жағдайларға байланысты. Бұлардың ең бастысы дене мүшелерінің функционалдық мүмкіншілігі (жүрек, дем алу мүшелері) және ұзақ жұмыс істеген кездерде сыртқы ұнамсыз әсерлерге тұрақтылығы т.б.
Шыдамдылық балалардан бұрын орындап жүрген жұмысы көлемінен артық мұғдарда жаттығу қайталау арқылы дамиды. Дене кем-кемнен мұндай жағдайда жоғарылаған жұмысқа бейімделе бастайды және оның өзіне келу мүмкіншілігі арта бастайды.
Балалардың шыдамдылықты дамыту мүмкіншілігі жоғары болады.
Денсаулығы мықты және жақсы дамыған балалардың қан айналысының минуттық көлем көрсеткіші үлкен адамдарға жақын болады. Олар жұмыс істегенде жүрек циклінің жалғасуы үлкен адамдардікінен қалыспайды. Жасының өсуі және шапшаңдықтың артуымен аэробтық және анаэробтық мүмкіншілігі арта бастайды. Жұмысқа бейімделу мен әрекет динамикасы жақсыланады. Мұғалім балалардың жас ерекшелігін, олардың жұмыс істеу мүмкіншілігін жақсы білуі тиіс. Себебі балалардың 11-14 жасында жүрегінің (морфорлогиялық, функционалдық) дамуы әлі толық жетілмеген. Сондай-ақ басқа мүшелері де толық қалыптасып болмаған. Сондықтан шыдамдылықты дамытатын жаттығуларды ұқыпты беру қажет.
Оқушылардың шыдамдылығын дамытудағы жұмыс мұғдарын шектеп анықтау маңызды. Демек бұл жұмыс көлемінің артып баруы және сан, сапа жағынан дене дамуына жағдай жасау. Жүгіру сабақтарында пайдаланатын жаттығулардың интенсивтілігі және жалғасуы бойынша бірнеше басқышқа ажыратылады.
Денені жетілдіру адамның дене дайындығы мен дене дамуының жоғары деңгейі. Мұндай жетістікке жүйелі дене тәрбиесі процесі нәтижесінде жетуге болады. Дененің жетілуі денсаулық нығайтумен қатар, ағзаның биологиялық негізі мен морфофункционалдық жүйесін жетілдіре отырып, тұқым қуалаушылық қабілет пен алғышарттын толық ашылуына септігін тигізеді. Бұл деңгейге тұлғаның жан-жақты даму бағдарламасы заңдылықтары (адамгершілік, ақыл-ой, эстетикалық т.б.) мен өмір сүру жағдайына сәйкес қол жеткізуге болады. Мұндай түсінік негізінде денені жетілдіру тұлғаның болашақ белсенді және жаңашыл әлеуметтік іс-әрекетінің іргетасы қызметін атқарады.
Қазіргі таңда дене тәрбиесі жүйесінің дамуымен қатар «дене тәрбиесі қызметі» деген ұғым пайда болды. Бұл ұғым дене тәрбиесі механизмдерінің қоғамдағы орнын айқындауға мүмкіндік береді.
Дене тәрбиесі қызметі дегеніміз – адамның қоршаған ортадағы дене тәрбиесі құндылықтарын жасақтау, сақтау, меңгеру, қайта жаңғырту, қолдану және тарату болып есептеледі. Өз мәнінде ұйымдастырылған дене тәрбиесі қызметі дене дайындығы мен спорттық жаттығулар негізінде жүзеге асырылады. Белсенді дене тәрбиесі қызметі арқылы дене мәдениеті құндылықтары меңгеріліп, жеке тұлға жетістігіне айналды. Адамның өзін-өзі жетілдіруі мен өзін-өзі шынықтыруы – дене тәрбиесі қызметінің құнды мазмұны болып саналады.
Мұнда дене тәрбиесі жүйесін қалыптастыруда адамның өзіндік қызметі жетекші роль атқарады, себебі іс-әрекет арқылы адам өз қажеттіліктері мен сұранысын қанағаттандырып, өз тәжірбиесін ортаға сала алады және өз табиғатын жетілдіреді. Яғни, дене тәрбиесі қызметінің адам өмірінде маңызы зор, адамның әр даму кезеңінде әр түрлі рөл атқарушы, дене тәрбиесі құндылықтары мен адамның денсаулық деңгейін қамтамасыз етуші, қоғамда өзіндік орны бар іс-әрекеттің негізгі түрі болып есептеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |