Оқушыларға жеңіл атлетика сабақтарында шыдамдылықты үйрету Райыс Айжан Амалбекқызы



бет28/29
Дата07.02.2022
өлшемі395,5 Kb.
#87394
түріСабақ
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29
Байланысты:
7 Райыс Айжан Амалбекқызы Жеңіл атлетика

Қорытынды

Жеңіл атлетикалық әртүрлі жаттығулар жүрістің түрлерінде жүктемені алмастыру, жүгіру, секіру, лақтыруға мүмкіндік береді. Бұлардың көпшілігі қарапайым техникамен орындалады және оқытылуы қарапайым болғандықтан, олар қарапайым алаңдарда орындалады. Жеңіл атлетика түрлері барлық дене шынықтыру тәрбиесінің бағдарламаларында және Президенттік сынамалар өлшеміне енгізілген. Жеңіл атлетиканың даму тарихы көнеден келе жатыр, I олимпиадалық ойындар бағдарламасына жеңіл атлетиканың түрлері енгізілген еді.Жеңіл атлетика түрлерінің жаттығулары өз беінше дене шынықтыру жаттығулары болып табылады.Ең қажетті жеңіл атлетикалық спорттық элементтер 19 ғасырдаң екінші жартысынан басталады.


Жеңіл атлетика келесі бөлімдерге бөлінеді: жүру, жүгіру, секіру, лақтыру, көпсайыс.
Жеңіл атлетикалық жүріс түрлеріне мыналар жатады: спорттық, қатар, жорықтық.
Жүгіру түрлерінің сипаттамасы: тегіс, жермен жүгіру, эстафеталық, корсс, кедергімен жүгіру.
Секіру түрлерінің сипаттамасы: түзу, жазықтық. Түзуге жататындар: бір орнынан алысқа секіру,Жүгіріп келіп секіру, үш дүркін секіру.
Көлденеңге жататындар: жүгіріп келіп жоғарыдан секіру, алты қадамдық секіру.
Лақтыру түрлерінің сипаттамасы: бұрылыстан лақтыру (диск,балға), серпіліс, бастан асыра (найза,граната,ядро). Жеңіл атлетикалық көпсайысқа жататындар:әйелдер көп сайысы-бессайыс,жетісайыс.Ерлер көпсайыс-алтысайыс,сегізсайыс,онсайыс.
Бағдарлама материялдарын меңгеру және оқу тапсырмасын шешу үшін: дәріс,әдістемелер,семинарлық, тәжірибелік сабақтар және оқу тәрбиесі қолданылады. Өзбетінше жұмыстар дене күші сапасын өсіру үшін жаттығулар құрастырылып жазылады,сонымен қатар педагогикалық және жаттықтырушылық болашақ жұмыс құжаттарын жоспарлайды.
Студенттердің назарын ғылым саласына аудару үшін әдістемелік әдебиеттер әдістемесі мен жұмыс жасау қабілетін арттыру қажет
Дәріс сабағында студенттерге жеңіл атлетиканың даму тарихы туралы оның әдіс-тәсілі, спортшыларды даярлау жүйесі,ғылыми-зерттеу жұмысын енгізу әдістемесі,жарысты ұйымдастыру және енгізу туралы маңызды мәліметтер беріледі.
Практика сабағында студенттер жеңіл атлетика оқыту мен жаттықтыру әдістемесін меңгереді, айла-тәсілдерін жетілдіреді және үйренеді.Оқу практикасы студенттердің кәсіби-педагогикалық қабілетін қалыптастыру мақсатында өткізеді.Бұл қабілеттің оқу-тәрбие процесін бекітеді.Студенттер оқу және жаттықтыру сабақтарын өткізе отырып,оқу құжаттарын құрастыру бойынша тапсырмаларды орындайды
Практикада алған сабақтарда алған білімдерін тексереді және бекітеді. Студенттер мықты жеңіл атлеттердің жеке жаттығуларында педагогикалық тәжірибесінен материялдарды сараптап, баяндама мен хабарлама даярлайды.Семинар сабағының бір бөлігін бақылау жұмысын орындау үшін қолданады.Жоғарыда аталған сабақ түрлерінен басқа студенттердің өз бетінше жұмысы мен спорттық шеберлігін арттыруға арналған сабақтар қарастырылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет