Ән: «Ұстазым»
5-оқушы: «Мұғалім» бұл адамның ардақты аты
Білімдік бар биікке шығар саты
Ең алғаш басталады осы адамнан
Сүйеді сондықтан да жақын, жаты
Ар жағы иероглиф, бергі әріп
Арқылы қандай тілде, қандай халық
Хат білсе, санасына мұғалімнен
Түседі бірінші рет сәуле-жарық
Білімнің шарлағанда талай өрін,
Жаңалық ашқан шақта нелер керім
Бар ғалым, барлық қоғам мұғалімді
Сыйлайды мәңгі бақи беріп төрін.
6-оқушы: Ел ісін басқаратын көсем бол, сен.
Бал тамған таңдайыңнан шешен бол сен
Батыр бол қол бастаған тағы сондай
Салада қанша биік өсе берсең.
7-оқушы: Ежелден елге сүйкімді
Ұстазы болу баланың
Өзім де сүйіп біртүрлі
Жаныма жақын баладым.
Жасыңнан алып қасыңа
Баланы баулы қаршадай
Ұқсадың қимас досыңа
Болысқан әсте шаршамай
Тыныштық көрмей түн қатып
Шығарып құдық инемен
Ғажайып қиын тіл тартып
Сөйлестің тосын дүниемен.
8-оқушы: Сәбидің шағын көңіліне
Сыйғызып дүние сәулесін
Орнаттың шырақ өміріңе
Жалықпай жалғап зердесін
Қайдағы жолсыз қиынға
Қажымай бардың қайратпен
Қарызым ұстаз ойыма
Қалаулы нем бар саған тең.
Кәдеңе жырым жараса
Тартайын оны сендерге
Қарыздар болған адамша
Жүрейін сақтап кеудемді.
«Түрік биі». Орындайтын қыздар тобы.
Достарыңызбен бөлісу: |