Бекітемін:
Мектеп директоры:
Д.Е.Самбетова
«Өз ұстазыңды құрметте»
/челлендж/
Өткізген: Өмірхан.С.Е.
2019-2020 оқу жылы
Тақырыбы: «Өз ұстазыңды құрметте».
Мақсаты: «Ұстаз болу – жүректің батырлығы» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өте отырып, оқушыларға ұстаз өмірі туралы мағлұмат беру. Оларды ұстазды сыйлауға және құрметтей білуге тәрбиелеу
Көрнекілігі: Қабырға газеті, ұстаз туралы мақал-мәтелдер мен қанатты сөздер.
Жүргізілуі: І-бөлім:
Музыкалық бағдарлама.
ІІ-бөлім:
Ұстаздарды құттықтау
Сыйлықтар тапсыру.
Қорытынды.
1. Құттықтау сөз.
Құрметті ұстаздар! Бүгінгі мерекенің қадірлі қонақтары! Сіздерді бүгінгі мерекелеріңізбен құттықтаймыз! Сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз. Еңбектеріңіз әрқашан жемісті болсын демекпіз!
1-жүргізуші: Ұстаз деген - өміріңнің шырағы,
Ұстаз деген – білімнің бай бұлағы.
Ұстаз деген – шәкіртіне ой берген,
Жас ғұмырдың тағдырының пырағы.
2-жүргізуші: Бесігінде білімнің
Әлдиледің, сөйлеттің.
Қадіріңді ұғындым,
Өзіңе ұқсап бой жеттім.
1-жүргізуші: Жаңа оқу жылы жемісті
Мерейі үстем жыл болсын
Шәкірттеріңіз өрісті
«Елім» дер ұл мен қыз болсын!
1-оқушы: Ұстаз, ұстаз, ұстаз жолы шежіре
Ол бастаушы өнер, білім, кеніне
Ұшырады алтын мектеп ұяңнан
Қызмет ет,- деп сүйікті еліңе.
Ұстаз сені тәрбиелер анаңдай
Білім беріп өсіреді санаңдай,
Соның бәрі оңайлықпен келмейді.
Бола алмасаң білім, құмар табанды.
2-оқушы: Ой жіберсем жотасынан жылдардың
Бүгін біздің жүрегіміз тыңдар күн,
Ол сөйлейді ақиқаттың тілімен,
Өткірірек барлығынан сындардың
Жүрек көзі ұстаздарға қадалар
Болса бойда таза намыс, адал ар
Әділеттің мінбесінен тұрып ап,
Сөйлер олар, барлық ісін бағалар.
Барлық бақыт байланысты сонымен
Айлық шындық ақиқаттың жолымен
Біздің қоғам болашағы жарқырап
Жасалады жас өркеннің қолымен.
3-оқушы: Бақытың да – жақсылардың көптігі,
Жамандықтан биік тұрар шоқтығы
Бәрі соның – ұстаздардың арқасы
Еш шәкірттің ұстазынсыз жоқ күні
Шын білімге есікті кең ашатын
Жаңа күнде жаңа мектеп жасайтын
Тәуелсіздік сызып берген жолымен
Барар алға бақытының басы айқын.
Ұстазбын деп ардақтаса кім өзін
Жөндер ұрпақ ақыл-ойын, мінезін
Мына тұста жарқыратып көрсетер
Құттықтаймын мұғалімдер күнімен.
4-оқушы: Өмірге алғаш қадам басқаныма
Мысқылдап мейірім төгіп жас жаныма
Ұстазым арманыма ақ жол бастап
Жұлдыз боп күліп тұрдың аспаныма
Сен менің анамдайсың, ағамдайсың
Мен үшін армандайсың, алаңдайсың.
Дүниеде сенен артық ақылшым жоқ
Ұстаз боп тумысыңнан жаралғайсың.
Ертең мен ғалым, яки болсам ақын
Өзіңсің елден бұрын қол соғатын
Ұрпаққа арнаса ғой жұрттың бәрі
Бар өмірін, бар сағатын.
2-жүргізуші: Ақыл қосып ойыңа
Талпындырар асыл шың
Мұғалімдер тойына
Әннен шашу шашылсын.
Достарыңызбен бөлісу: |