Өзбекстан республикасы жоғары білімдендіру, Ғылым және иновациялар министрлігі



бет2/2
Дата20.05.2023
өлшемі0,59 Mb.
#177293
1   2
Байланысты:
ҚОЖАБЕРГЕНОВА ЖАНАЙ

Қорытынды
Көрнекі құралдар оқушылардың кеңістік жөніндегі түсініктері мен конструктивтік қабілеттерін дамытуға көмектеседі. Мәселен, өзара тең екі үшбұрыштан параллелограмм салу есебін шығарғанда сызбаға қарағанда үшбұрыш модельдерінің берері мол. Сонымен бірге, көрнекі құралдар оқушылардың кейбір практикалық іскерліктерін шыңдауға ықпал етеді. Расында, егер оқушы қолына эклиметрді (бұрыш өлшегіш) ұстап көрмесе, қанша айтқанмен оның вертикаль жазықтықтағы бұрышты өлшеу жөніндегі түсінігі қажетті дәрежеге көтерілмейді. Сондай-ақ көрнекі құралдар математикалық объектілерді жүйелеуге және сараптауға жәрдемдеседі. Мысалы, математика сабағында шамалардың арасындағы тәуелділікті түсінуін жеңілдетеміз.
Бүгінгі таңда мектептер өндіріс орындарында жасалған қажетті көрнекі құралдармен толық жабдықталған. Алайда ішінара кейбір ауыл мектептерінде көрнекі құралдардың толық комплектісі болмауы мүмкін. Сондықтан көрнекі құралдарды қолдан жасау күн тәртібінен түскен жоқ.
Ескеретін бір нәрсе, көрнекілікті қалай болса солай қолдана бермей қажетінше, тиімдісіне қарай пайдалана білудің маңызы зор. Мысалы, математика сабағында геометриялық фигураларды өткен кезде фигуралардың әр түрлі моделдерін көрсету оқушылар үшін пайдалы болады да, кейінірек кеңістік қиялын дамытқанда кері әсер етеді.
Математика сабақтарында көрнекілікті қолдану оқушылардың белсенділігін арттырады, көрнекі құралды пайдалана отырып, мұғалімнің жетегімен, оқушылар өздігінен оңай қорытындылар жасай алады, есепті тез шығара алады. Есеп шығаруда көрнекіліктер әр түрлі мақсаттар мен пайдаланылады: жаңа материалды таныстыру үшін, білімдері, біліктерін, дағдыларын бекіту үшін, материалдың қаншалықты игерілгенін тексеру бекіту үшін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет