Өзбекстан республикасы жо­Ғары және орта арнаулы бiлiм министрлiгi ө. Байқабылов, Д. Дуйсабаева Қазiргi қазақ әдеби



бет3/16
Дата11.01.2017
өлшемі5,51 Mb.
#6800
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

Үнді дауыссыздар

Үнді дауыссыздар деп аздап үні бар фонемаларды айтады. Аздап үні бар деген сөз үнді дауыссыздардың дауысты дыбыстарға жататындығын көрсетеді. Сондықтан да үнді дауыссыздар дауысты дыбыстарға жақын дыбыстар. Осы дыбыстарға жеке-жеке талдау жасайық. Үнді дауыссыздарға р фонемасы кіреді. Р фонемасы тіл ұшы альвеоляр анық тиіп, фонациялық ауа өте қарқынды шығу арқылы жасалады. Сөз ортасында р фонемасы бір рет дірілдейді де, ол сөз аясында 2 рет дірілдейді. Сондықтан да бұл фонеманы вибрациялық (діріл) дыбыс деп атайды. Р фонемасы сөз басында, ортасында, аяғында кездесе береді. Мысалы: рахмет, Жарас, қарар. Сондай-ақ рас, рахмет, рай, рет, рұқсат сөздерінін алдында ы, і және ұ дыбыстары селбесіп айтылады. Мысалы: рахмет-ырахмет, рас-ырас т.б. яғни өзге тілден ауысқан сөздердің р-дан басталуы тиісті сөздерінің алдынан ы немесе і дыбыстары қосылып, протеза жасалып отырады. Ал, орыс тілі арқылы енген сөздерге р фонемасы сол күйінде айтылып, жазылады Мысалы: ракета - ракета т.б.

Үнді дауыссыздар л фонемасы да кіреді.

Л фонемасын айтқанда тіл ұшы альвеольярға бір тегіс, кесе көлденеңдеп тиеді. Осы дыбысты айтқанда имплозия басым болуы себепті фонациялық ауа тілдің екі жағын ала шырады. Сондықтан да л фонемасын олтераль (бүйір) фонемасы деп жүргізеді. Қазақ тілінде бұл фонеманың көп ұшырайтын жері сөз ортасы мен сөз аяғы. Ал, сөз басында сирек кездеседі. Мысалы: лас, лай, лақ, лашын, сала т.б.

Л фонемасы септік жалғауларында кездеседі. Мысалы: ілік септік: бұның, соның;барыс септік: бұрын, соны; табыс септік: бұны, соны; жатыс септік: бұнда, сонда. Сондай-ақ бұл сілтеу есімдіктері жоғарыда айтқандай түрліше септеледі екен. Л фонемасы анықталып сөз алдында да кездеседі. Мысалы: ол - кісі, бұл - кісі, сол - кісі. Ал, ауызекі тілде кей уақыт, ол, бол сияқты етістіктердің соңғы л дыбысы түсіріліп қалып, алсайшы, болсайшы деудің орнына асайшы, босайшы деп л түсіп қалып айтылады.



Үнді фонемаға й дыбыс да кіреді. й фонемасы тіл алды алғы таңдайға жүйткуінен пайда болады. Бұл фонеманы айтқанда екі дыбыстау мүшеміз өзге дауыссыздардай бір-біріне жуысып та, жабысып айтылмайды.

Қазақ тілінде й фонемасы үнемі дауысты дыбыстан кейін келеді. Сондықтан да сөз аяғында кездеседі. Мысалы: той, сай, бай, қой. Сөз ортасында сый және тый сөздерінен өрбіген тыйым, сыйым сөздерде ғана ұшырайды. Түркі тілдерінін қазақ тілінен айырмашылығы сөз басындағы й үнемі ж-ға айналып отырады. Йаман - жаман, йук - жоқ. Сондай-ақ й фонемасы түбір сөзде де, туынды сөзде де келе береді. Мысалы: ай, әй, ой, өй сияқы дыбыс комплексі қазақ тілінде заңды қағида болып келеді. Й фонемасы дауысты дыбыстың алдынан келсе көрінген дауыстымен көрші тұра алмайды.

Йа, йе тәрізді комплекстер тілімізде жиі ұшырайды. Мысалы: таяқ, саяқ, дайын, дейін. Сондай-ақ ұй, үй комплексі тым сирек ұшырайды. Мысалы: абрұйыр, әбүйір т.б.



Үнді фонемаларға у дыбысы да кіреді. У фонемасы интервокаль позицияда және ашық дауыстыдан кейін де, бұрын да тұрып, таза үнді болады. Бұл үнді у фонемасы екі еріннің азын-аулақ дөңгелене келіп, сүйірленуінен пайда болады. Сондықтан бұл фонема ерін үнділеріне кіреді.

У фонемасының негізінен мынадай ерекшеліктері бар. Ол төмендегідей позицияда келгенде дауыссыз, үнді фонемаға айналады:

1.У фонемасы дауыстының алдында тұрғанда үндіге айналады. Мысалы: уақыт, уәде, уәзір т.б.

2.У дыбысы екі дауыстының ортасында келгенде үндіге айналады. Мысалы: жауап, сауап, қауіп т.б.



3.У дыбысы дауыстыдан кейін келгенде үндіге айналады. Мысалы: тау, бау, сау, жеу т.б.

У фонемасы сөз басында, ортасында және соңында келе береді. Осы у фонемасын айтқанда фонациялық ауа ауыз қуысы арқылы шығады. Сондықтан у фонемасы және р, л, й дауыссыздары ауыз жолды үнділер деп аталады.

Үнді фонемаларға н фонемасы да жатады. Н фонемасы тіл ұшы альвеольярға тию арқылы жасалады. Бұл екі мүшенің бір-біріне нық тиюі арқылы фонациялық ауа мұрын қуысы бойынша өтеді. Сондықтан н дыбысын мұрын жолды үнді деп атайды. Қазақ тілінде н фонемасы сөз басында, ортасында және сөз аяғында кездесе береді. Мысалы: нан, наз, намыс, Анар, Жанар т.б.

Н фонемасы ілік септікте кездеседі. Және табыс, шығыс, көмектес септіктерінде де кездеседі. Мысалы: баланың, баланы, баладан, баламен, күннен, іннен т.б.

Үнді фонемалардың тағы бір түрі М дыбысы. М фонемасын айтқанда екі ерін бір-біріне нық тиіп, жымдасады. Фонациялық ауа мұрыннан шығады. Сондықтан бұл фонеманы мұрын жолды үнді дейді. Бұл фонема да қазақ сөздерінің барлық жерлерінде басында, ортасында, соңында кездесе береді. Мысалы: мұрын, мол, намыс т.б. М фонемасы жұрнақтарда да, шылау сөздерде де, жалғауларда да кездесе береді. Мысалы: тәуелдік жалғауы: балам, үнім, күнім т.б.

Жіктік жалғауы: баламын, адаммын т.б.

Көмектес септікте: баламен, қармен, адаммен т.б.

Үнді фонемалардың соңғысы Ң дыбысы. Ң дыбысы тіл арты таңдайға нық тиюі арқылы жасалады. Кішкене тіл төмен түсіп, ауыз жолын кептеп тұрғандықтан фонациялық ауа мұрыннан шығады. Сондықтан мұрын жолды дейді. Ң фонемасы сөз іші мен сөз соңында ғана кездеседі. Мысалы: маңай, маңдай, аңқай т.б.
?! Тақырыпты бекіту үшін сұрақтар мен тапсырмалар


  1. Дауыссыз дыбыстардың артикуляциялық ерекшеліктерін айт.

  2. Үнді дауыссыздарға қандай дыбыстар жатады? Олардың ерекшелігін сипаттап беріңдер.

  3. Эксплозив фонемалар дегеніміз не?

  4. Фрикатив фонемалар дегеніміз не?

  5. Аффрикат дыбыстарға қандай дыбыстар жатады?

  6. Дауыссыз дыбыстардың жіктелу кестесін жасаңдар.

  7. Көркем шығармадан үзінді алып әрбір дауыссыз дыбысқа талдау жасаңдар.


Үлгі: ЕҢБЕКТЕГІ

5 дауыссыз дыбыс бар

Ң – үнді, мұрын жолды, тіл

Б – ұяң, шұғыл, ерін

К – қатаң, шұғыл, тіл ортасы

Т – қатаң, шұғыл, тіс

Г – ұяң, шұғыл, тіл ортасы
Ескерту: «Кубизм» әдiсiн дауысты, дауыссыз дыбыстарды қайталайда пайдалану мүмкiн. Оқушыларды 6 топқа бөлiп, кубиктi алдына тастау арқылы қалай тапсырма орындайтынын үйрету қажет.

1. Салыстырыңыз. Дауысты, дауыссыз дыбыстарды салыстыр.

2. Талқылаңыз. Дауысты, дауыссыз дыбыстар дегенiмiз не? Түрлерiн ата.

3. Ажыратыңыз. Дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажырат.

4. Мысал келтiр. Дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажыратып айта отырып, мысал келтiру.

5. Қолданыңыз. өлеңге қос, не өлең, не әңгiме, не мысалдар жаз.



6. Зерттеңiз. Дауысты, дауыссыз дыбыстарды зертте.

БУЫН ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ
Қазіргі қазақ тілінің буын мәселесі фонетикалық категория. Сондықтан буынға ерекше мән беру керек. Буын деп фонациялық ауаның қарқынмен кілт үзіліп шыққан бір немесе бірнеше дыбыс тобын атаймыз. Әр буында бірден артық дауысты фонема болмайтындықтан, сөз ішінде неше дауысты фонема болса сонша буын болады. Буын ішіндегі дауыссыздардың экспирациялық күшіне қарай, яғни айтылуына қарай күшті бас дыбыс және күшті сонғы дыбыс деп негізінде екі топқа бөлуге болады. Буын ішіндегі екі дауыссыздың алғашқысының экспирациясы соңғысында басым келсе, күшті келсе, күшті соңғы дыбыс болады. Мысалы: буынның бас дыбысы да, соңғы дыбысы да бір түрлі болып келген қақ, тұт сияқты сөздердің алғашкы дыбыстары күшті, айқын айтылады да, сонғы дыбыстары әлсіз, осал айтылады. Егер сөз ішінде немесе сөз аралығында эксплозив дыбыстар қатар келсе, бұл екеуінің түйіскен жерінен буын жігі пайда болады. Мысалы: көк-ке, ап-пақ, тәт-ті, алып бер. Осы мысалдарда көрсетілген, қатар тұрған біркелкі дыбыстардың алдыңғысы имплозив, кейінгісі эксплозив дыбыс болады.

Яғни имплозив дыбыс - буынды аяқтаушы дыбыс. Эксплозив дыбыс -буынды бастаушы дыбыс. Осы сияқты үндестік заңында да, яғни түбір мен қосымша аралығында, сөз тіркестері аралығында біркелкі дыбыстар үнемі қатар тұра алады. Мысалы: қаққа, аққа, текке, т.б.

Сөздің жуан, жіңішке болуы буынмен байланысты болады. Ал; буынның жуан-жіңішке болуы дауысты дыбыспен байланысты келеді. Дауысты дыбыс жуан болса, буын да жуан болады, ал, жіңішке болса, буын да жіңішке болады. Жуан және жіңішке болып келетін жұп-жұбымен айтылатын дыбыстар мыналар: а-ә, о-ө, ы-і, ү-ү;

Тек е мен э дыбыстарының ғана жуан сыңары болмайды. Дифтонгоид дауыстылар алфавитте бір әріппен белгіленген. Бұлардың жуанына бір әріп, ал жіңішкесіне бір әріп белгіленбей екеуіне бір әріп белгіленген. Олар и және у әріптері.

Қазақ тіліндегі буынның түрлері дауыстылар мен дауыссыздардың өзара алмасып келуіне байланысты үш топқа бөлінеді. 1.Ашық буын. 2.Тұйық буын. 3.Бітеу буын.

Ашық буын деп дауысты фонеманың өзінен болған немесе дауыссыздан басталып, дауыстыға біткен буынды айтамыз. Мысалы: а-на, кө-ке, і-ні, ә-же, т.б. Қазіргі қазақ тіліндегі ашық буындар буын ішіндегі дыбыстардың қатысуына қарай құрамы төмендегідей болып келеді 1.Бір дауысты дыбыстың жалғыз өзі тұрып-ақ ашық буын жасай алады. Мысалы: а-на, а-ға. Қатарынан келген екі дыбыстың алдыңғысы дауыссыз, соңғысы дауысты болып тек ашық буын жасай алады. Мысалы: даа, қа-ла, көе. Ашық буынның жалаң түрі өз алдына жеке тұрып та сөз бола алады.

Тұйық буын деп дауыстыдан басталып, дауыссызға біткен буынды айтады. Мысалы: ат, іс, өрт т.б. Тұйық буынның негізгі өзіндік белгілері мыналар: 1. Тұйық буын екі дыбысты болып келеді. Мысалы: ат, іс, ар, ән, ай, ыс т.б. 2. Тұйық буын үш дыбысты болып келеді. Мысалы: ұлт, ант, өрт, т.б.

Сондай-ақ тұйық буын өз алдына сөз болып және бірнеше буынды сөздің басында кездесіп отырады. Мысалы: ұс-таз, ар-ман, т.б.

Бітеу буын деп ортасы дауысты болып, екі шеті дауыссыз болатын буынды айтамыз. Мысалы: тас, жол, тіс, көл, мол, көз т.б. Бітеу буынның негізгі өзіндік белгілері төмендегілер: 1.Бітеу буын үш дыбысты болып келеді. Мысалы: тіс, көл, мол т.б.

2.Бітеу буын төрт дыбысты болып келеді. Мысалы: бұлт, жалт, жұлт, сарт т.б.

Ал төрт дыбысты болып келген бітеу буынның соңғы дыбысы қатаң болып, қатаңның алдында үнді тұрады. Бітеу буын өз алдына сөз болып та, бірнеше буынды сөздің басында да, сонында да кездесе береді. Мысалы: бірліктің, ұлттардың.

Сөйлеу процесінде бір дыбыс екінші дыбыспен, бір буын екінші буынмен, бір сөз екінші сөзбен ұштасып отырады. Сондықтан буындар өзара бірімен-бірі алмасып, кейде бір буынның жігі ажырап, екінші буынның дыбыс саны көбейіп отырады. Сөз ішіндегі бір буын мен екінші буынның бір-біріне жылысуын буын алмасуы дейді. Қазақ тілінде тек қана жалаң ашық буын жинақты келеді де, қандай буынның болса да ықпалына көнбей, оқшау тұра алады. Жалаң ашық буын сөздің дәл басында тұрады да, онан кейінгі буыннын қай-қайсысы болса да онымен жартылай да, түгелдей де алмаса алмайды. Сондай-ақ, жалаң ашық буын тұрақты келуіне орай басқа буындармен кірікпейді де, жылжымайды да. Мысалы: а-ла, і-лім т.б.

Жалаң ашық буын өз алдына жеке сөз ретінде айтылып, одан кейінгі буынның қандайынан болса да пауза арқылы бөлінетіндіктен ешбір өзгеріске көнбей оқшауланып тұрып айтылады. Мысалы: Е, өзің барсайшы, А, айтайық дейсін бе?
Буынның сипаты

Біздің сөзіміз айтылу жағынан ең кішкене единицалар (бөлшектер) –буындарға ажырайды. Буын - фонациялық ауаның кілт үзілуінен не кедергіге ұшырауының нәтижесіде пайда болатын жеке дыбыс, не дыбыстар тобы. Қазақ тілінде буынның маңызы ерекше. Фонетикалық негізгі заңдар осы буынның төңірегінде өрбейді.

Буын болу үшін оның саны біреуден артық болмауға тиіс. Сонда сөздің құрамында қанша дауысты фонема болса, сонша буын болады деген сөз.

Буында мағына болмайды. Кейбір сөздердің әрбір буыны лексикалық немесе грамматикалық мағынасы бар бөлшектерге (морфемаларға) тура келіп қалады .

Тіліміздегі байырғы сөздер бірыңғай не жуан буынды, не жіңішке буынды болып келеді. Егер тілімізде аралас буынды сөздер кездесетін болса, онда олар кірме сөз болғаны.

Тіліміздегі байырғы сөздер, сондай-ақ буындарда екі дауыссыздан басталмайды. Орыс тілінен енген біраз сөздің біздің тілімізде жазылуы соның айғағы бөрене (бревно), жеребе (жребий), кереует (кровать) кінәз (кеязь), үстел(стол). Сондай -ақ тіліміздегі байырғы сөздердің соңында екіден артық дауыссыз тұра алмайды. Оның өзінде негізінен еліктеуіш сөздер: былқ, жалп, күңк, күмп, бырт. Мұндай жағдайда қос дауыссыздың алдыңғысы міндетті түрде үнді, соңғысы қатаң дыбыс болады. Ал, орыс тілінен енген сөздер екі, тіпті үш дауыссызға еркін аяқтала береді: акт, кадр, спорт, пункт, текст, спектр, министр т.б.

Қазақ тілінде басқы буын ғана дауыстыдан басталуы мүмкін, қалған жағдайда буындар дауыстыдан басталмайды. Қазіргі қазақ тіліндегі буындар дыбыстық құрамы жағынан мынандай болып бөлінеді:


  • бір дыбысты: а-та, ә-же, а-па, і-ні, а-ла, а-ла, а-ас,о-қы, а,ә,е,о, отыр. Бір дыбысты буындар тек дауысты болады да, жеке сөз түрінде, не сөз басында ғана кездеседі ;

  • екі дыбысты: ба-ла, қа-ла-да, та-за-ла, жа-ға, ой-на, та-за;

  • үш дыбысты: бас, бет, сөз, көз, өрт, акт, бөл-шек-тер, тас-тақ;

  • төрт дыбысты: қант, төрт, былқ, жалт, жылт, кадр, такт, порт;

  • бес дыбысты: пункт, спорт, текст, скетч, старт, фланг, трест, спирт, стенд;

Сөздердің буын құрамы тіліміздегі сөздер құрамындағы буынның түрлеріне қарай мынандай болып келеді:

  • Бірыңғай ашық буынды сөзформалар: а-на-ла-ры-на, қа-ла-да-ғы, ке-ле-ді т.б.

  • Бірыңғай бітеу буынды сөзформалар: жат-тық-тыр-ған-дар-дың, тас-тай, т.б.

  • Аралас буынды сөзформалар: а-на-ла-ры-мыз-дың, айт-қан-да-рын, қа-на-ғат-тан-ды-рыл-ды т.б.


Буын құрамының өзгеруі

Тілдегі әр түрлі морфемалар бір-бірімен қарым-қатынасқа түсіп, сөйлеу үстінде көбіне бірнеше морфема бірігіп, түйдек құрап айтылады. Әсіресе жеке буын, тіпті жекелеген дыбыс түрінде келетін қосымшалар өз алдына қолданылмайтын белгілі. Олар сөзге жалғанған кезде өздерінің дыбыстық құрамына кейде сақтап, көбіне дауыссыздан басталатын қосымшалар өз алдына буын құрай алады. Мысалы: а-на-лар-ға, а-на-мыз-дың, ал-ма-ды, ой-ла-ды т.б Ал дауыстыдан басталатын қосымша міндетті түрде өзінің алдында тұрған буынның соңғы дауыссыз дыбысын өзіне қосып алады, яғни алдыңғы буынның соңғы дыбысы кейінгі буынның құрамына өтеді, мұны дыбыстың жылысуы деп қараған жөн. Мысалы: ал-а-а-ла, ал-ып-а-лып (көсемше формалы етістік)

Дауыстыдан басталатын қосымшалар жеке дыбыс түрінде, дыбыстардың қосындысы түрінде де болады. Жеке тұрып қосымша алатын дауыстылар:

–а, -е


1) септік жалғау : ойым-а, ойың-а, сөзім-е;

2) көсемшенің жұрнағы : айт-а, жаз-а, кел-е, кет-е;

3) сөз тудыратын жұрнақ : сан-а, бос-а, мін-е, мөлдір-е, шылдыр-а.

–ы,-і;


1) тәуелдік жалғау : ат-ы. ақыл-ы, ес-і,дәптер-і

2) сөз тудыратын жұрнақтар :бай-ы, шыж-ы, қазақ-ы, кем-і

3) -ө,-ү,-ұ

Бұлар жазуда ескерілмейді. Еріндік дауыстысы бар бір буынды сөздерге жалғанатын –е,-ы,-і қосымшалары айтуда сөз жоқ -ө,-ұ,-ү түрде дыбысталады: өлө-өл-е, өсө-өс-е, өнө-өн-е, өрө-өр-е, ұлұ-ұл-ы, қолұ-қол-ы, өрү-өр-і, төсү-тө-сі.

Ал дауыстыдан басталатын тұйық буын қосымшалар тілімізде көп: ай,ақ,ар,ат,ау,ей,ек,ер,ет,ес,еу,ық,ыл,ым,ың,ыз,ыр,ыс,ыт,ыш,із,ік,ім,ін,ір,іт,іш т.б.

Сонымен дауыстыдан басталатын қосымша морфемалар алдыңғы буынның соңғы дыбысын өзіне қабылдау арқылы көрші екі буынның дыбыстық құрамы да өзгеріске ұшырайды.

Сондай-ақ, басқа буындар мынадай жағдайда бір-біріне алмасып отырады. Олар мыналар:

Екі дыбысты ашық буындардан соң жалаң ашық
буын немесе тұйық буын келсе қатар тұрған екі дауыстының алғашқысы түсіп буын ықшамдалып қалады. Мысалы: торы ала - торала (то-ра-ла) .

Жалаң ашық буыны екі дыбысты тұйық буыннан кейін келсе, дауыссыз дыбыс кейінгі буынға сырғып кетеді. Мысалы: ат-ы, а-ты. Яғни бұл буын алмасуын төмендегіше түсіндіруге болады.

Тұйық буын+ жалаң буын, жалаң буын+ ашық буын. Бұл құбылыстың формуласы төмендегідей болады: АВ+А - А+ВА. Яғни тұйық буын +тұйық буын - жалаң буын+бітеу буын.

Екі дыбысты тұйық буын сол тұйық буыннан кейін келсе, алғашқы буынның дауыссызы кейінгі буынға сырғиды. Мысалы: ат-ақ - а-тақ. Мұның формуласы төмендегідей: АВ+АВ - А+ВАВ. Яғни тұйық буын+тұйық буын - жалаң буын+бітеу буын.

Үш дыбысты тұйық буын үш дыбысты бітеу буыннан кейін келсе, алғашқы буынның соңғы дауыссызы кейінгі буынға жалғасады: Мысалы: жоқ+алт - жо+ғалт формуласы төмендегідей. ВАВ+АВВ - ВА+ВАВВ.
Сөздің буын санының артуы мен кемуі

Сөздің буын саны тарихи даму барысында, әр түрлі фонетикалық жағдайларға байланысты артып не кеміп отырады. Мұның біріншісі, негізінен кірме сөздердің фонетикалық жақтан игеруімен байланысты болса, екіншісі тілде қалыптасқан неғұрлым байырғы сөздердің құрамында кездеседі. Кірме сөздердің әр түрлі бөлімде тілдің қалыптасқан тілдің дыбыстық жүйесіне сәйкес келмейтін кейбір жеке дыбыстар мен дыбыс тіркестерінің болуы заңды. Ондай сәйкессіздіктерді реттеу үшін кейде сөздің құрамындағы жеке дыбыстарды түсіруге немесе жаңадан дыбыс қосып айтуға, төл дыбыстармен алмастыруға тура келеді. Тілімізге араб, парсы тілдерінен ертерек енген сөздер бұған дәлел. Олардың фонетикалық жақтан игерілгені сонша, көпшілігінің кірмелігі аңғарылмайды. Мәселен: бөкебай, бөрене, бөтелке, доға, кәмпит, көшір т.б. Кірме сөздердің буын санының артып кетуі де тілімізде кездесетін құбылыс. Сондай-ақ эпентеза құбылысының нәтижесінде сөздің соңында артық буын пайда болатынын біз білеміз. Буын санының кему, әсіресе байырғы сөздерге тән құбылыс деуге болады. Осы күнгі қосымшалардың көпшілігі бір кездегі толық мағыналы сөздердің дыбыстық жақтан ықшамдалуынан жасалғаны белгілі. Бұған әлі де ізі суымаған дәлел ретінде тұрған сөзі ықшамдалып тұрған одан тын, тін жұрнағына айналады. Кейбір кіріккен сөздердің буын жағынан ықшамдалып жасалғаны айқын: әкел-алып кел, апар-алып бар, әкет-алып кет. т.б



Қысқасы сөздің құрамындағы буындар бір-бірімен тығыз қарым- қатынаста болады да, бірде артып, бірде кеміп отырады.
?! Тақырыпты бекіту үшін сұрақтар мен тапсырмалар

  1. Буын дегеніміз не? Оның қандай сипаты бар?

  2. Қазақ тілінде буынның қандай түрлері бар?

  3. Буын құрамының өзгеруі дегенде не түсінесің?

  4. Буын санының артуы мен кемуіне мысалдар келтіріңдер.

  5. Буынның жіктелу кестесін жасаңдар.

  6. Көркем шығармадан үзінді алып әрбір буын түріне мысалдар топтаңдар.


Екпін және оның түрлері
Қазақ тілінің екпіні сөз ішінде соңғы буындарда болады. Сондықтан да қазақ тілінің екпіні сөз және сөз аралығында болу ерекшелігіне қарай үлкен-үлкен екі топқа бөлінеді: 1.Сөз екпіні. 2.Тіркес екпіні.

Сөз екпіні болуының негізгі себебі екпін сөз ішінде болатындықтан және сөз соңында кездесетіндіктен сөз екпіні деп аталады.

Қазақ тіліндегі екпін басқа түркі тілдеріндегі екпін тәрізді сөздің көбінесе соңғы буынында болады. Екі немесе үш буынды сөздер не көп буынды сөздердің бір буыны негізгі екпінге ие болады да, қалған буындарына екпін түспейді. Мысалы: шағала, кереге. Екпіннің сөз ішінде келуіне қарай оларды екі топқа бөлуге болады. 1.Негізгі екпін. 2.Көмекші екпін.

Қазақ тіліндегі негізгі екпін қосымшада болады, яғни қосымшалы сөздер негізгі екпінге ие болады. Ал, көмекші екпін негізгі түбір сөзде болады. Мысалы: о-рақ, о-рақ-шы-лар. Алғашқы буындағы екпін көмекші екпін болады. Кейінгі буындағы (-лар) екпін негізгі екпін болады. Қазақ тіліндегі қосымшалардың көпшілігі екпінді өз бойына тартып алады. Көптік, септік, тәуелдік жалғаулары екпінді болып келеді де, жіктік жалғаулы екпінсіз болады. Мысалы: оқушылар, мұғалімдер дегенде екпін көптік жалғауына түседі. Оқушыға, мұғалімге дегенде екпін септік жалғауына түседі. Сондай-ақ менің студентім, сенің студентің, оның інісі дегенде екпін тәуелдік жалғауына түсіп тұр. Ал мен оқушымын, сен студентсің, сіз мұғалімсіз дегенде екпін жіктік жалғауына түспейді.

Дауыс екпіні бір сөзбен екінші сөздің жігін ажыратумен ғана емес, бір сөз тобы мен екінші сөз тобының жігін ажыратып отырады. Сондай-ақ тілімізде белгілі бір сөз тіркесі немесе сөз шумағы екпінге ие болады. Сөйтіп, оларда акцентуациялық комплекс жасалады. Ал мұндай екпінді фразалық (ритмикалық) немесе тіркес екпіні деп жүргізеді. Қазақ тілінде тіркес екпіні болатын сөз топтары мыналар:

  • Қос сөздер тіркес екпінге ие бола алады. Мысалы: бала-шаға, ығай-сығай, жөн-жосық.

  • Негізгі мағыналық сөздер мен шылау сөздер тіркес екпініне ие бола алады. Мысалы: үйге дейін, ол үшін, өзі ғана, мың қаралы.

  • Күрделі сөздер түйдегі тіркес екпінге ие болады. Мысалы: оқып отыр, ән салды, жығыла жаздады.

  • Пысықтауыш пен баяндауыштан болған сөз тізбегі тіркес екпінге ие болады. Мысалы: кеше келді, жақсы оқыды, қалада болды.

  • Идиома сөздер тізбегі тіркес екпінге ие болады. Мысалы: қабырғаңмен кеңес, сөз байла.

  • Жалғаусыз тура толықтауыш пен баяндауыштан болған сөз тізбегі тіркес екпінге ие болады. Мысалы: газет оқыды, хат жазды, кино көрді.


?! Тақырыпты бекіту үшін сұрақтар мен тапсырмалар

  1. Екпін дегеніміз не? Қазақ тілінде екпіннің маңызын сипаттап, мысалдар арқылы дәлелдеп бер.

  2. Акцентуация қандай құбылыс?

  3. Сөз екпіні дегеніміз не?

  4. Тіркес екпіні дегеніміз не?

ҮНДЕСІК ЗАҢЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ

Қазіргі қазақ тілінде дыбыс үндестігі фонетикалық құбылыс болып табылады. Сөз ішіндегі не сөздер араларындағы дыбыстардың дауыс қатысы және жасалу орнына қарай ішінара жапсарласып, жанасуын дыбыстардың үндесуі дейміз. Қазіргі қазақ тілінде сөз ішіндегі буындар дауысты және дауыссыз дыбыстардың шырайына қарай қиюласады.

Үндестік (гр. бірге және байланыс,үндесу) – түркі тіліне тән аса күшті заң. Осы уақытқа дейін сингармонизм дауысты дыбыстардың үндесуі немесе буын үндестігі делініп жүр. Егер түбір сөздер жуан болса не жіңішке болса жалғанатын жалғау да сондай болып келуі тиіс. Байырғы қазақ сөздері мынандай сингармониялық белгілермен ажырайды:

1.Жуан езулік-жіңішке езулік; тыс-тіс,бас-бәс.

2.Жуан еріндік-жіңішке ерідік; сол-сөл,жон-жөн.

3.Жуан еріндік-жуан езулік, тот-тат,сұр-сыр т.б.

Қазақ тіліндегі дауыстылар да дауыссыздардың да фонологиялық қызметі алдымен буын деңгейінде айқын көрінеді.

Адамның тілі - дыбыстық тіл. Біз өз ойымызды осы дыбыстардың тіркесі, тізбегі арқылы білдіреміз. Алайда дыбыстардың өзара тіркесуінде әр тілдің өзіне ғана тән белгілі бір қалыптасқан заңдылықтары бар. Қазіргі қазақ тілінде түбір мен қосымшаның аралығында қатар келген буындар мен дыбыстардың өзара үйлесімі, яғни тілімізге тән, өзімізге таныс негізгі үндестік заңдар мынандай болып келеді:

1.Түбірдің соңғы буыны жуан болса, оған жалғанатын қосымшалар да жуан буында болады: мал-шы-лар, қа-ла-дан, т.б.

2.Түбірдің соңғы буыны жіңішке буынды болса, оған жалғанатын қосымшалар да жіңішке буынды болып келеді: мек-теп-тер-ің-ді, кел-тір-ің-дер, т.б.

3.Түбірдің соңғы дыбысы дауысты не үнді болса, оған жалғанатын қосымша үнді не ұяңнан басталады: бала-лар, жел-дің, бала-ға, жел-мен, бала-да.

4.Түбірдің соңғы дыбысы ұяң болса, қосымша ұяңнан басталады: қаз-дар, уәж-дан, жез-ге, мұқтаж-дық

5.Түбірдің соңы қатаң болса, қосымша да қатаңнан басталады: мақсат-қа, университет-пен.

Қысқасы, морфемалардың бірыңғай жуан не жіңішке буынды болып және олардың аралығында қатар келген дыбыстардың біріне-бірі акустикалық-артикуляциялық жақтан бейімделіп, үйлесіп тұруын дыбыстардың үндесуі немесе үндестік заңы дейміз.
Тіл үндестігінің ерекшелігі

Дауыстылардың тілдің қызметіне орай бір сөз көлемінде не бірыңғай жуан, не бірыңғай жіңішке ыңғайласып, үйлесіп келуіне тіл үндестігі дейді. Түркі тілдерінде әсіресе қазақ тілінде сингармонизм заңы алдымен тіл үндестігі түрінде танып келеді. Яғни тіл үндестігі сингармонизмге синоним болып келеді. Тіл үндестігінің өзін екіге бөліп қарау керек болады. Түбір тұрғысынан және түбір мен қосымшаның ара қатынасы тұрғысынан қазіргі қазақ тілінде түбір сөз буын құрамына қарай көбіне бір буынды, екі буынды үш буынды және төрт-бес буынды болады. Қысқасы тіл үндестігі – тіліміздегі ең күшті фонетикалық заң. Кейбір азын-аулақ ауытқулар бұл заңға ешқандай нұқсан келтіре алмайды.


Ерін үндестігі

Дауыстылардың бір сөз көлемінде еріннің қызметі жағынан ыңғайласып, үйлесіп келуіне ерін үндестігі дейді. Бұл заң бойынша сөздің бірінші буынында еріндік дауысты болса, қалған буындарының да еріндіктен тұруы да мүмкін. Қазақ тілінде ерін үндестігі бар ма, бар болса неше буынға жетеді дейтін мәселе әлі күнге толық шешімін таба алмай келеді. Ерін үндестігін дұрыс түсіну үшін ерін дауыстыларымен көрші буындарда қатар тұру мүмкіндіктерін ескеру тиіс.

Еріндік дауыстылар сияқты қос ерін дауыссыз да өзінен кейінгі езуліктерге ықпал ете алады. Сонымен ерін үндестігі де тіліміздің өзіндік жарасымын танытады.

Дыбыстар үндесуінің түрлі болуына байланысты үндестік заңы да түр-түрге бөлінеді. Дыбыстардың үндесуі қазақ тілінде өзінің, негізгі ерекшелігіне қарай екі топқа бөлінеді: 1.Буын үндестігі (сингармонизм үндестігі). 2.Дыбыс үндестігі (ассимиляция үндестігі).

Буын үндестiгi (Сингармонизм)

Сөз ішінде дауысты дыбыстардың бірыңғай не жуан, не жіңішке үдесуін тіл ғылымында буын үндестігі (сингармонизм) дейді. Қазақ тіліндегі сингармонизм үндестігі негізінен мынадай жағдайларда келеді:

Түбір сөздің буыны жуан болса, оған жалғанатын қосымша да жуан болып үстеледі. Мысалы: бал-балға, жол-жолға, тон-тонды.

Түбір сөздің соңғы буыны жіңішке болса, оған қосылатын қосымша да жіңішке түрде жалғанады. Мысалы: жер-жерге, іні-ініміз, күн-күнді.

Қазіргі қазақ тілінде сингармонизм көбінесе түбірдің жуан, жіңішке болуына байланысты үндеседі. Ал, сирек кездесетін, буын үндестігіне бағынбайтын орындар да ұшырайды. Мұндай үндесулерге мына төмендегілер кіреді:



1. Көмекші септік жалғауынын -мен, -бен, -пен қосымшалары сөздің соңғы буыны жуан болса да, жіңішке болса да сол қалпында жалғанады. Мысалы: сиямен жаздым, атпен келдім, отпен ойнама, ағашты арамен кесті. Сен Үмбетпен кездестің бе? Соңғы сөйлемде ғана сөздің жіңішке болуына байланысты -пен жалғауы қосылып тұр.

2.Меншіктік ұғым беретін -нікі, -дікі, -тікі құрамдас
қ
осымшалар да, буын үндестігіне бағынбай, сөздің соңғы
буыны жуан болса да, жіңішке болса да осы күйінде жалғанады. Мысалы: Арба Асандікі.

3.-паз, -қор, -қой, -ғой, -кер, -кеш, -хана, -ист, -изм
жұрнақтары да сөздің соңғы буынының қандай болғанына
қарамай, сол күйінде жалғанады. Мысалы: өнерпаз, бейнетқор, әзілқой т.б.

4. X әрпіне біткен сөздерге қосымшалар әрқашан да жуан түрде жалғанады. Мысалы: цехтың, тарихқа т.б.

5.-рк, -нк, -ке, -кт дыбыстар тіркесіне біткен орыс
тілінен енген сөздерге қосымшалар жіңішке түрде жалғанады. Мысалы: парктен, танкті т.б.

6. -Ль әріптер тіркесіне біткен бір буынды орыс тілінен енген сөздерге қосымшалар жіңішке түрде жалғанады. Мысалы: рольді, нульсіз, рульден т.б.

Қазақ тілінде өзге түркі тілдеріндегі сияқты еріндік дауысты дыбыстар үндестігі жоқ, ал қосымшаларда ерін мен езу үндестігі араласа келіп те қалады. Мысалы: орақтардың, орындар, күндізгі сияқты сөздер айтылуда ерін және езу үндестігі бойынша жұмсалады. Жоғарыда біз дауысты дыбыстардың бір-біріне тигізген ықпалын сингармонизм үндестігі десек, ал дауыссыздардың бір-біріне тигізген ықпалын ассимиляция дейміз. Осы дыбыстар өзгеруінің тіл-тілде басты-басты екі түрі бар. Бұл дыбыстар өзгерісінің негізгі дені дыбыстау мүшелерінің қызметіне, яғни артикуляциясына байланысты болады. Осы дыбыстар өзгерісінің екі түрі мыналар:

I. Комбинаторлық өзгерістер.

Комбинаторлық өзгерістер көршілес дыбыстардың біріне-бірі тигізген ыкпалына байланысты болады. Белгілі бір дыбыстың екінші бір дыбысқа алмасуы да, кейде дыбыстың түсіп қалуы да немесе тыңнан белгілі бір дыбыстың пайда болуы да сөздегі өзге дыбыстардың ауанымен байланысты болады. Мысалы: Ол ауылға кетті. Ол қызметке кетті, деген сөйлемдерді алайық. Мысалы ауылға дегеннің қосымшасы -ға өзінен бұрынғы тетелес буынмен үйлесіп тұр.

Ал, қызметке дегенде -ке қосымшасы өзінен бұрынғы буынмен үндесіп тұр. Осы комбинаторлық өзгерістерде бір дыбыс екінші дыбысқа тәуелді болып тұрады. Яғни бір дыбыс екінші бір дыбысқа игеріліп тұрады. Осындай игерулі өзгерістерді комбинаторлық өзгеріске жатқызуға болады. Комбинаторлық өзгерістерді игерулі өзгерістер дейді. Дыбыстар үндесуінің сингармонизм құбылысы да, ассимиляция құбылысы да комбинаторлық өзгерістерге жатады.



II. Спонтандық өзгерістер. Спонтандық өзгерістерде көршілес дыбыстардың бір-біріне тигізген ықпалы болмайды. Ал, мұнда дыбыс өзгерісі өзге дыбыстардың ықпалына жұқпай өздігінен құбылып тұрады. Мысалы: Шелек сөзін кейбір жергілікті жерлерде челек деп айтады. Осы жердегі дыбыстың құбылысы бірде ш, бірде ч болып өзгереді. Міне, осындай өзгеруді спонтандық өзгерістер дейді.
Дыбыс үндестігі (Ассимиляция)

Ассимиляция дауыссыз дыбыстардың үндесуі болып табылады. Түбір мен қосымша аралығында, біріккен сөз сыңарлары, жігінде және сөз тіркесі сыңарларының аралығындағы көрші дыбыстардың бір-біріне тигізетін әсерін дыбыс үндестігі (ассимиляция) дейді.

Қазіргі қазақ тілінде дыбыс үндестігі буын ішіндегі дыбыстардың артикуляциялық жақтан бір-біріне бейімделуіне қарай, негізінен екі түрде кездеседі.

  • Толық түрде кездесетін ассимиляция.

  • Жартылай түрде ұшырайтын ассимиляция.

Толық түрде кездесетін ассимиляция деп бір дыбыстың екінші дыбысты дәл өзіндей етіп еліктіруін айтады. Мысалы:

айтылуы: жазылуы:

Жасса Жазса

Сүссе Сүзсе

Жұмышшы Жұмысшы

Ал жартылай түрде ұшырайтын ассимиляция деп бір дыбыстың екінші дыбысты дәл өзіндей етіп еліктірмей бір жақты дауыс қатысына қарай айтады. Мысалы: қағазға, тасқа. Осындағы түбірдің соңғы ұяң з дыбысының әуенімен қосымшаның да басқы дыбысы ұяңға айналып тұр. Түбір мен қосымшаның, біріккен сөздердің және көршілес дауыссыз дыбыстардың бір-біріне ілгерілі, кейінді әсер етіп өзгеруін ықпал заңы дейді. Дауыссыз дыбыстардың біріне-бірінің тигізген әсерінен туатын ықпал заңы қазақ тілінде негізінен, үш топқа бөлінеді:

  • Ілгерінді ықпал (прогрессивті ассимиляция)

  • Кейінді ықпал ( регрессивті ассимиляция).

  • Тоғыспалы ықпал.

Тіл ғылымында ілгерінді ықпалды прогрессивті ассимиляция, кейінді ықпалды регрессивті ассимиляция деп атайды.

Прогрессивті ассимиляция

Дыбыстар өзгерісінде прогрессивтік ассимиляцияның мәні үлкен. Прогрессивтік ассимиляция деп бір сөз көлемінде немесе бірнеше сөз аралығында алғашқы дыбыстардың кейінгі дыбысқа артикуляция жағынан өзіне ұқсата ықпал жасауын атайды. Қазақ тілінде сөз ішінде кездесетін ілгерінді ықпалдың мынадай үш түрі бар:

  • Түбір мен қосымша аралығындағы прогрессивтік ассимиляция.

  • Біріккен сөз сыңарлары аралығындағы прогрессивтік ассимиляция.

  • Сөз тіркесі сыңарлары аралығындағы прогрессивтік ассимиляция.

Түбір мен қосымша арлығындағы ілгерінді ықпал қазақ тілінде жиі кездеседі. Түбір мен қосымша аралығындағы алғашқы дыбыстың кейінгі дыбысқа тигізетін әсерін түбір мен қосымша аралығындағы ілгерінді ықпал дейді. Түбір мен қосымша аралығындағы ілгерінді ықпалдың мынадай өзіндік белгілері бар:

1.Сөздің соңғы дыбысы ұяң не сонор дауыссыз дыбыс болса, оған жалғанатын қосымшаның басқы дауыссыз дыбысы да ұяң немесе сонор дыбыс болады. Мысалы: аң-дар, мал-ға, аң-ға, мал-мен, аң-нан.

2.Сөздің соңғы дыбысы қатаң дауыссыз болса, оған дауыссыз дыбыстан жалғанатын қосымшаның бірінші дыбысы да қатаң болады. Мысалы: кітап-тар, кітап-қа, орақ-тар, орақ-қа.

3.Түбір сөз қатаң ш дыбысына аяқталып, оған жалғанатын қосымша с дыбысынан басталса, айтылуда қосымшаның басындағы қатаң с дыбысы катаң ш дыбысына айналып естіледі. Мысалы:

жазылуы айтылуы

қашса қашша

ашса ашша

ұшса ұшша
Біріккен сөз сыңарларының аралығындағы ілгерінді ықпалдың мынадай өзіндік белгілері бар:

1. Біріккен сөздің бірінші сыңары қатаң дауыссыз дыбысқа бітіп, екінші сыңары б дыбысынан басталса, айтылуы да бірінші сөздің соңындағы қатаң дыбыстың әсерінен екінші сөздің басындағы ұяң б дыбысы қатаң п дыбысына айналып естіледі:

жазылуы айтылуы

Жүсіпбек Жүсіппек

Кеңесбек Кеңеспек

2. Біріккен сөздің бірінші сыңары не ұяң не сонор дауыссыз дыбысқа бітіп, екінші сыңары қатаң дыбыстан басталатын болса, екінші сынарының басындағы қатаң дауыссыз дыбыс ұяңға айналып естіледі.

Сөз тіркесі сыңарлары аралығындағы прогрессивтік ассимиляцияның мынадай өзіндік белгілері бар: 1.Сөз тіркестерінің алдыңғы сөзі қатаң дауыссыз дыбысқа аяқталып, екінші сыңары ұяң дыбыстан басталса алдыңғы қатаң дыбыстың әсерінен келесі сөздің басындағы ұяң дауыссыз дыбысы айтылуда қатаңға айналады. Мысалы:

жазылуы айтылуы

Алып бар Алып пар

Тоқ бола Тоқ пала

2.Сөз тіркестерінің алдыңғы сөзі дауысты дыбысқа немесе сонор не ұяң дауыссыз дыбыстың біріне аяқталып келесі сыңардың басты дыбысы қатаң қ, к дыбыстарының бірі болса, айтылуы да екінші сөздің басындағы қатаң қ, к дауыссыз дыбыстары ұяң г, ғ дыбыстарына айналып естіледі. Мысалы:

жазылуы айтылуы

Қара қағаз қара ғағаз.



Боз көйлек боз гөйлек.
Регрессивтік ассимиляция

Түбір сөз бен қосымшаның, біріккен сөздің және сөз тіркестерінің аралығындағы соңғы дыбыстың өзінен бұрынғы дыбысқа артикулияциялық жағынан әсер етуін регрессивтік ассимиляция дейді.

Қазақ тілінде регрессивтік ассимиляцияның үш түрі бар:

  • Түбір мен қосымша аралығындағы регрессивтік ассмиляция.

  • Біріккен сөз сыңарлары аралығындағы регрессивтік ассимиляция.

  • Сөз тіркестері аралығындағы регрессивтік ассимиляция.

Түбір мен қосымша аралығындағы, кейінді ықпалдың мынадай өзіндік белгілері бар. 1.Түбір сөз қатаң қ, к, п дауыссыз дыбыстарының біріне аяқталып, оған дауысты дыбыстан басталған қосымша жалғанса, түбірдің соңындағы қатаң қ, к, п дыбыстары өзгеріп ұяң ғ, г, б дыбыстарына айналады.

2.Етістіктің түбірі қатаң п дыбысына аяқталып, оған
көсемшенің -ып, -іп жұрнағы жалғанса, түбірдің аяғындағы қ
атаң п дауыссыз дыбысы үнді у дауыссыз дыбысына айналады. Мысалы: шап-шауып, сеп-сеуіп т.б.

3.Түбір сөз н дыбысына аяқталып, оған ғ, г, б дауыссыз дыбыстарының бірінен басталып қосымша жалғанса, түбірдің соңындағы н дыбысы өзгеріліп ң немесе м дыбысының біріне айналып естіледі. Мысалы:

Жазылуы айтылуы

Бұрынғы бұрыңғы

Жанға жаңға

Дүйсенбі дүйсембі.



4. Түбір сөз с, з дауыссыз дыбыстарының біріне аяқталып, қосымша ш, с дауыссыз дыбысынан басталса с дыбысы өзгеріп ш дыбысына, з дыбысы өзгеріп с немесе ш дыбысына айналып естіледі. Мысалы:

Жазылуы айтылуы

Бозжанов Божжанов

Оразжан Оражжан

5.Біріккен сөздердің бірінші сыңары н дыбысына бітіп, екінші сыңары б, п, к, қ, ғ, г дыбыстарының бірінен басталса бірінші сөздің соңындағы н дыбысы м немесе ң дыбысына айналып естіледі. Мысалы:

Жазылуы айтылуы

Жанғали Жаңғали

Жанпейіс Жампейіс

дауыссыз дыбыстардың үндесуі болып табылады.

Тілдің ауызша фонемасында дыбыстар үндестік заңына сәйкес үнемі үйлесіп, жымдасып қолданылады. Егер айтуда осы үндестік сақталмаса, бұзылатын болса мұның өзі айтуы мен жазуы арасында өзгеріске ұшырайды. Өйткені жазу сөздің айтуын дәл бере алмайды. Оның үстіне морфологиялық принцип басшылыққа алынатын біздің жазуымызда түбірдің соңғы дыбысы көбіне өзгеріссіз жазылады. Мысалы: жан етістігінен өрбитін жанды, жанбады, жанған жоқ сияқты формаларда түбірдің бастапқы қалпы сақталып жазылады. Қысқасы морфемалардың жігінде қатар келіп акустикалық немесе артикуляциялық жақтан тіл табыса алмаған жағдайда дыбыстардың бірі екіншісін өзіне жуық басқа дыбыспен алмасуға мәжбүр болады.

Алмасу - альтернация (лат. және орыс. тілінен чередование) - әр түрлі сөзформалардың құрамында кездесетін бір морфеманың бір дыбысының кіші дыбыстың өзгеруі. Сонымен дыбыстық алмасу - фонетикалық жағдайдың (көрші дыбыстың) нәтижесі, мұны комбинаторлық (лат. біріктіру, тіркесу) немесе позициялық (лат. жағдай, шеп) өзгеріс деп те атайды. Ал сәйкестік спонтанды (лат. кенет пайда болған, байланыссыз) өзгеріс түрде танылады.

Үндестік заңы көрші дыбыстар мен буындардың бір-біріне ықпал етіп, бірінің екіншісіне бейімделіп тұруына негізделеді. Ықпал негізінен морфема мен морфеманың аралығында қатар келген дыбыстар мен буындардың арасында болады. Ал мофеманың өз ішіндегі дыбыстар мен буындар көп буынды сөзге тарихи дамудың нәтижесінде қалыптасқан құйма деп қараймыз да, сол дайын күйінде танимыз. Сонда түбір морфеманың соңғы буынды қосымша морфеманы тілдің қатысы жағынан жуан немесе жіңішке етіп игеріп тұрады: дала-ның, дала-ға т.б

Дыбыстардың бір-біріне ықпал етіп негізінен екі түрлі болады: а) дауыс қатысына қарай (салдыр) немесе айтылу орнына (артикуляциясы) қарай. Көрші дыбыстар айтылу жағынан да бір-біріне азды-көпті ықпал етіп тұрады. Дегенімен түбір мен қосымшаның аралығында қатар келген дыбыстар алдын ала ыңғайласып, үйлесіп келетіндіктен дыбыс алмасулары да онша көп емес. Бұларға қарағанда сөз бен сөздің дыбыстар көбірек алмасуға ұшырайды.

Игеретін дыбыстың орын тәртібіне қарай қазақ тілінде дыбыстардың бір-біріне ықпалы үш түрлі болады.

1.Прогрессивті (ілгерінді) ықпал - алдыңғы дыбыстың кейінгі дыбысты өзіне тәуелді етуі, игеруі. Сөздеріміздің бірыңғай жуан буынды немесе жіңішке болып келуі де ілгерінді ықпалға негізделген.

2.Регрессивті (кейінгі) ықпал - кейінгі дыбыстың алдыңғы дыбысты тәуелді етуі, игеруі.

3.Тоғыспалы ықпал - көрші дыбыстардың ілгерінді, кейінді қарсы әсері.


Каталог: uploads -> books -> 47828
47828 -> Өзбекстан республикасы жо­Ғары және орта арнаулы бiлiм министрлiгi а. Бектаев, Т. Турткулбаева Қазіргі әдеби процесс
47828 -> Науаи мемлекеттік педагогика институты
47828 -> Ш. юлдошева, А. Нисанбаева
47828 -> Методикасы кафедрасы
47828 -> Низами атындағы тмпу-дың Қазақ тілі және әдебиетін оқыту әдістемесі кафедрасының доценті Е. Абдувалитовтың “Абай халық данасы” тақырыбындағы сабақ үлгісі
47828 -> Науаи мемлекеттік педагогика институты
47828 -> Науаи мемлекеттік педагогика институты
47828 -> Өзбекстан республикасы жо­Ғары және орта арнаулы бiлiм министрлiгi ө. Байқабылов, Д. Дуйсабаева Қазiргi қазақ әдеби
47828 -> Низомий номидаги тошкент давлат педагогика университети


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет