Өзбекстан республикасы жо­Ғары және орта арнаулы бiлiм министрлiгi ө. Байқабылов, Д. Дуйсабаева Қазiргi қазақ әдеби


?! Тақырыпты бекіту үшін сұрақтар мен тапсырмалар



бет110/190
Дата06.02.2022
өлшемі5,51 Mb.
#28486
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   190
?! Тақырыпты бекіту үшін сұрақтар мен тапсырмалар



  1. Зат есімнің зерттелу тарихы жайлы не білесіңдер?

  2. Зат есімнің жалпы сипаттамасы

  3. Зат есімнің лексика-грамматикалық сипаты

  4. Зат есімнің грамматикалық категорияларына жеке-жеке мәлімет беріңдер.

  5. Зат есімнің синтаксистік қызметі қандай?

  6. Зат есімнің жасалу жолдары мен тәсілдері жайлы мәлімет беріңдер.



Сын есімнің жалпы сипаты


Сын есім - өзіндік мағынасы, морфологиялық белгілері, синтаксистік қызметі бар жеке сөз табы. Сын есім жеке сөз табы ретінде А.Байтұрсыновтың «Тіл-құрал» оқулығында танылған. Оқулықта сын есімге - Сөздің кейбіреулері нәрсенің сынын атайды. Осындай нәрселердің сынын көрсететін сөздер сын есімдер деп аталады. Сын есімнің сұрауы: қандай? деген қысқаша анықтама берілген.
Ғалымның қазақ тілді пән ретінде үйрететін оқулығындағы жеке сөз табы ретінде танылған сын есім туралы пікір кейінгі еңбекгерде де жалғасын тапты.Қ.Жұбанов "Қазақ емлесі мен грамматикасының кейбір мәселелері" атты мақаласында заттың не істің сипат белгісін көрсететін, шырай үстеулері мен үстеуіштерін ертетін, зат есімге де, етістікке де анықтауыш бола алатын түбірді сын есім деп атаған. Кейінгі қазақ тіл білімінің жетілу, даму кезеңінде жарық көрген оқулықгарда сын есімге "заттың сапасын, сипатын қасиетін, көлемін, салмағын, түсін (түр-реңін) және басқа сол сияқты сыр-сипаттарын білдіретін лексика-грамматикалық сөз табы," "Сын есімнің табиғи қызметі ешбір өзгеріске түспей-ақ зат есіммен тіркесіп, заттың алуан түрлі қасиетін, сындық белгісін білдіруі", - деген анықтамалар берілген. Олай болса, сын есім зат есімнің сын-сипатын білдіріп, зат есімді ғана анықтайды. Мысалы, терең көл, қатты ағаш, ұзын арқан, тұнық су, сұлу қыз, ақылды жігіт, биік тау т.б.Бірақ сын есім кейде етістікті де анықтайды Мысалы, Қайтып кірер есікті қатты серіппе. Жасы өзгелерден кішірек аласа бойлы, жұқа жүзді Айтқазы болыс, өзгенің бәрінен бұрын, Базаралымен жақсы амандасты (М.Әуезов).Осы сөйлемдердегі қатты, жақсы деген сөздер - сын есімдер. Олар сөйлемдердегі етістікгерге қатысты болып, олардың сындық сапасын айқындап, пысықтауыш қызметінде тұр. Бұл жөнінде проф. М.Балақаев еңбегінде анық айтылған: "Сын есімдердің етістіктермен тіркесуі сирек кездесетін құбылыс. Барлық сын есім етістікке тіркесе бермейді, барлық етістікке сын есім бірдей қатысты бола бермейді. Сын есімдер етістіктермен тіркескенде қимылға не күйге тән қасиетті, сапаны білдіреді. Сын есімді сөз тіркестерін құрайтын етістіктер сан жағынан көп емес тек кісінің (не заттың) ішкі сезімін, күйін, қабылдау қабілетін білдіретін сөйлеу, түсіну, оқу, жазу, секіру, ойнау сияқты және кейде қимылды, қозғалысты білдіретін кес, піш, байла, тура тәрізді сабақты етістіктер бірқатар сын есімдермен мағыналық байланысты бола алады,"-дей келіп, бұл пікірін одан әрі" олардың (сын есімдер.Ж.Б.) лексикалық мағыналары етістіктердің мағыналарымен үйлесімді, солармен тіркесе алады,"-деп нақтылаған, есім болса, аз ғана сын есімнің санаулы етістікпен тіркесіп келуі сын есімнің негізгі табиғи қызметін-зат есіммен тіркесіп, заттың алуан түрлі сындық белгісін білдіруден өзгертпейді.
Сондықтан да "Қазақ тілінің грамматикасында"(1967) "Бір қатар сын есімдердің зат есімдерді анықтаулармен бірге, етістікті де анықтап, сөйлемде пысықтауыш қызметін атқарып, үстеу ретінде қолданылуына қарап оларды бірде сын есім, бірде үстеуге жатқызуға болмайды, үстеу қызметінде жұмсала отырып, өз мағынасын жоймайды, яғни соның өзінде де сын есім болып тұрады ", - деп көрсетілген.
Сын есімдерді басқа сөз табынан ерекшелейтін белгісі-бір түрлі сындық белгінің ақиқат өмірде түрлі дәрежеде болуын білдіретін, оның шырай категориясы. Осы категорияны жан-жақты зерттеген Ғ.Мұсабаев.Ғалым бұл еңбегінде шырай категориясының зерттелуіне қысқаша сипаттама беріп, шырайлардың түрлері және олардың жасалу жолдарына тоқталған. Ал Ж. Шакенов қазақ тіліндегі сын есім категориясын жан-жақты қарастырған еңбек жазды.Ғалымның еңбегінде түркі тілдерінде сын есімк атегориясының XIX ғасырдан бастап зерттеле басталғандығы айтылған. Автор сын есім мәселесін алғаш сөз еткен проф. А. Казембек екендігін оның еңбектерінен үзінділер келтіре отырып дәлелдеген. Бұдан кейін А.К. Боровков, И.А. Батманов, Н.К. Дыренкова, А.Н. Кононов, А. Басқаков, Н.К. Дмитриев, М. Терентьев, П.М. Мелиоранский, В.В. Катаринский секілді түркологтар еңбектеріндегі сын есімге қатысты пікірлерге талдау жасаған. Сондай- ақ қазақ тіл біліміндегі сын есім мәселесіне байланысты көзқарастарға тоқтала келіп, автордың бұл еңбекті жазудағы негізгі мақсаты- "сын есім мәселесінде айтылатан бұрын-соңды пікірлерді қамти отырып, бүтіндей қазіргі қазақ тіліндегі сын есім категориясын белгілі жүйеге түсіріп айтып беру " болған. Ғалым осы мақсатына сай сын есімнің түркологияда, қазақ тіл білімінде зерттелуіне шолу жасай отырып, сын есімнің мағыналық түрлеріне, шырайларына және олардың жасалу жолдарына, сын есімнің тұлғасына және құрылысына қарай бөлінуіне, сын есімнің сөйлемдегі қызметі, сын есімнің зат есім, етістік, үстеумен байланысы, сын есімнің қызметінде жұмсалатын тұрақты сөз тіркестерін де қамти отырып, белгілі бір жүйеде сипаттаған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   190




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет