Жекеше
|
Көпше
|
Мен бар-айын, кел-ейін
|
Біз бар-айық, кел-ейік
|
Сен бар-, кел-
|
Сендер бар-ыңдар, кел- іңдер
|
Сіз бар-ыңыз, кел-іңіз
|
Сіздер бар-ыңыздар, келіңіздер
|
Ол бар-сын, кел-сін
|
Олар бар-сын, кел-сін
|
Әрине, 1 және 3-жақтарда бұйрықтық мағына 2-жақтағыдай емес. Ол түсінікті де, өйткені адам өзіне-өзі (1-жақ) немесе көрінбеген бөгде біреуге (3-жақ) тыңдап отырған адамға (2-жақ) қаратылған сияқты толық мәнде бұйыра алмайды. Сол ерекшелігіне және 1 мен 3-жақтың қосымша тұлғасына қарап, кейбір ғалымдар, 1 және 3-жақтарда бұйрық рай жүйесінен бөліп қарау керек деген де пікір айтқан. Бірақ бұлардың ондай мағына ерекшеліктері оларды бөлек-бөлек грамматикалық категорияның я парадигманың керсеткіші деуге негіз бола алмайды.
Осы жүйедегі 2-жақтың жекеше, сыпайы түрі мен 2-жақтың көпше анайы және сыпайы түрінің тұлғаларына назар аударайық. Олардың қосымшалары: 2-жақ жекеше сыпайы түрінде -ңыз, -ңіз, -ыңыз, -іңіз, көпше анайы түрінде -ңдар, -ңдер, -ыңцар, -іңдер, сыпайы: -ңыздар, ңіздер, ыңыздар, іңіздер. Бұл қосымшаларды -ың (-ің, -ң), -ыз(-із) -ың (+ін. +ң), -дар -(дер), -ың (-ің, -ң) ыз(із)+дар(дер) көптік ұғымның көрсеткіші, -ыз{із)-сыпайылық мәнді білдіруші, ал ~ың, -ің, -ң- екінші жақгың көрсеткіші. Демек, бұйрықтық және 2-жақтық (категориялық) грамматикалық мағынаны білдіретін арнайы грамматикалықформа, яғни, етістіктіңтүбір тулғасынан өзге екенін көрсететін грамматикалық көрсеткіші осы болған. Ол жеке тұрғанда (2-жақ анайы, жекеше түрінде) түсіп қапып қолданылған да, бұл форма сырттай ғана етістіктіңтүбір тұлғасымен ұқсас болып кеткен, ал басқа қосымшалармен қабаттасып келгенде, оның құрамында сақталып қалған. Бұл процесс кейінгі кездің жемісі емес, ертеректе болған, сөйтіп, бұйрық райдың 2-жақ жекеше, анайы түрінің мағынасы сақталып, грамматикалықформасытүсіп қалып, нөлдік тұлғада жұмсалуы, яғни етістіктің түбір тұлғасымен сырттай сәйкес келуі тұрақты нормаға айналған.
Сөйтіп, біріншіден, етістіктің түбір тұлғасы мен бұйрық райдың 2-жақ тұлғасы бір емес, олар сыртқы түрі жағынан ғана сәйкес келеді, сондықтан оларды ажырата білу керек, екіншіден етістіктүбірлері тікелей жіктелмейді, түбір тұлғасында белгілі бір мағына қимыл білдіргенмен, түбір күйінде тікелей сөйлем ішінде қолданылмайды, тек етістіктің белгілі грамматикалық тұлғаларын (есімше, кесемше, шақ, рай т.б.) жамылып және сол тұлғалар негізінде ғана жіктеліп барып жұмсалады. Тек қана қазіргі тілімізде отыр, тұр, жатыр (жат), жүр деген қалып етістіктері тікепей жіктеліп, қолданылады. Қалып етістіктері тек тікелей жіктеле апу жағынан ғана емес, басқа да сипаттары жағынан ерекшеленеді: 3-жіктік тұлғасы мен бұйрық райдың 2-жақ тұлғасы сәйкес келеді: ол отыр - сен отыр, ол тұр - сен тұр, ол жүр - сен жүр, тек жатыр етістігі ғана 3-жақта ол жатыр болып, бұйрық райдың 2-жағында сен жат болып беріледі.
Сондай-ақ қалып етістіктері есімдерше, етістікту тұғаларының ішінде есімдерше жіктеледі.
Мен отырмын, тұрмын, жатырмын, жүрмін, көрермін;
Сен отырсың, тұрсың, жатырсың, жүрсің, көрерсің;
Сіз отырсыз, тұрсыз, жатырсыз, жүрсіз, көрерсіз;
Ол отыр, тү.р, жатыр, жүр, көрер.
Біз отырмыз, тұрмыз, жатырмыз, жүрміз, көрерміз;
Сендер отырсыңдар, тұрсыңдар, жатырсыңдар, жүрсіңдер, көрерсіңдер;
Сіздер отырсыздар, тұрсыздар, жатырсыздар, жүрсіздер, көрерсіздер;
Олар отыр, жатыр, тұр, жүр, көрер.
Қалып етістікгерінің мұндай ерекшелікгері олардың түбір тұлға емес екендігінен болып отыр. Қазіргі кездетүбір деп айтылып жүргенмен, етістіктің белгілі формалары негізінде қалыптасқан да, онда сол формалардың грамматикалық қасиеті қалып қойған. Жатыр етістігінің жат түрінде қолданылуы оның түбір емес екендігін көрсетеді. Сондай-ақ отыр етістігі ол тұр - ол турар тұлғасынан қалыптасқандығы белгілі. Ал тұр мен жүр де, етістіктің тұрұр және жүрүр тұлғаларынан қалыптасқан, кейін соңғы -ұр, -үр қосымшасы түсіп қалғанмен, оның грамматикалық қасиеті, процессуальдық мәні сақталып қалудың нәтижесінде қалып етістіктері осындай ерекшеліктерге, яғни әрі түбір тұлға ретінде 2-жақ буйрық рай тұлғасымен омоним форма құрап, әрі процессуальдық мәні сақталып, осы шақтың (нақ осы шақгың) негізгі грамматикалық көрсеткіші болып саналып, 3-жақжіктікжалғау тұлғасында, нөлдік формада жұмсалуға ие болған.
Сонда қалып етістігінің осы мәндері бір тұлғадағы ерекшеліктері ме? Деген сұрақ туады.
Қалып етістіктерінің осындай әр түрлі мәндері бар бір ғана тұлғасының көрінісі емес. Мысалы, тұр - түбір десек, сен тұр - бүйрық райдың 2-жағы (жекеше, анайы түрі), ол тұр - 3-жақта жіктеліп қолданылған, бұлардың мағынапары қандай әр түрлі болса, формалары да сондай әр түрлі, түбірден басқасы - әр грамматикалық категорияның нөлдік формалары.
Негізгі және көмекші етістіктер
Толық лексикалық мағыналы етістіктер жетекші етістіктер деп аталады. Мысалы, Кешкі алты боп қалды, қонақ үйдің фоэсіне жинала бастадық (Ш.Жиенқу.лова). Мү.ндағы жетекші етістік жиналу лексикапық мағынаны білдіріп түр, ал осы тіркестегі баста етістігінің тойды баста дегендегі қолданыстағы бастау мағынасы жоқ, сондықган оның лексикалық мағынасы болмағандықтан, ол жетекші етістікемес, грамматикалық мәндегі көмекші етістікболады.
Жетекші етістіктің барлығы сөйлемде субъекгінің іс-әрекетін білдіреді. Мысалы, -Әже, мынау өзіміздің ... - деп ұмтыла бергенде Балзия оның иығынан тартып қалған (СЖүнісов).
Жетекші етістікке тән бірнеше белгілер бар:
1. Жетекші етістіктің міндетті түрде лексикалық мағынасының болуы қажет.
2. Жетекші етістік көмекші етістіктен бұрын тұруы керек, Бұл орын тәртібі үнемі тұрақгы болып келеді.
Тіліміздігі кез-келген лексикалық мағынасы бар етістіктіңбәрі бірдей жетекші етістікболабермейді. Мысалы, келе берді, айтасалды, кездесе қалды, жылап жіберді, оқып шықты, жазып бітті т.б.
Грамматикалық дамудың нәтижесінде өзінің бастапқы лексикалық мағынасынан айырылып, грамматикалық қызметке көшкен етістіктүрі көмекші етістіктердеп аталады. Тілде көмекші етістіктердің саны аса көп емес. Бірақ олардың тілде атқаратын қызметі орасан зор. Қазақ тілінде отызға тарта көмекші етістіктер бар. Олар: ал, баста, бар, бер, біл, бақ, де, еді, ет, екен, емес, жазда, жатыр, жүр, тұр, отыр, кел, кет, қой, көр, жібер, жөнел, сал, түс, таста, қал, шық, қара, ет, біт.
Көмекші етістіктердің өзіне тән бір ерекшелігі - көмекші етістіктердің лексикапық мағынасыныңболмауы. Мысалы, Екі көзі көкпеңбек, беті-мүрны қызарған, сағал сары Баймағамбет Абайдың мінезіне күліп жіберді (М.Әуезов). Берілген сөйлемдегі жібер көмекші етістігі қолданылған, ол етістікте ешқандай лексикалық мағына жоқ, күліп жіберді дегенде әңгіме күлу туралы болып отыр.
Профессор А.Ысқақов көмекші етістіктердің қызметі туралы былай дейді: «Олардың көмегі арқасында, мағыналары қаншалықты олқы бола тұрса да, мағынасын толық дербес сөз арқылы білдіре алмайтын неше алуан өте нәзік семантикалық, грамматикалық абстракты мағыналар жасалып я беріліп отырады. Мысалы, шөлдеп кеттім және шөлдеп қалдым, серпіп жібердіжэнесерпіп тастады... деген етістіктердіңбірі-бірінен ерекшеленетін нәзік реңктерін тек көмекші етістіктердің жетекші етістіктерге үстейтін мағыналарынан ажыратуға болады» [63,246].
Көмекші етістіктер жетекші етістікке көсемше, есімше жұрнақтары арқылы тіркеседі. Мысалы, кел + е қойды, кет + іп қалды, кел + ген еді, келе + тін болды, кел + се екен, кел + іп алды т.б.
Кейде бір жетекші етістікке бірнеше көмекші етістікгер тіркесе береді. Мәселен, біткелі қалып еді т.б.
Көмекші етістікгердің қолданылу аясы, жетекші етістікке тіркескенде оларға қосатын мағынасы мен түрлену сипаты жағынан бәрінде бірдей емес. Сондықган олардың өзі іштей толымды және толымсыз көмекші етістіктер болып екіге бөлінеді.
Толымды көмекші етістіктердің қатарына келесілер жатады: ал, бер, бар, баста, бақ, бол, біт, жатыр, жібер, жүр, жөнел, кел, кет, көр, қал, қара, қой, таста, түр, отыр, өт, сал, шық, де, қыл.
Толымды көмекші етістіктер әрі жетекші, әрі көмекші қызмегте жұмсала алады. Мысалы, Ол жұдырықпен қойып қалды, олардан қалып қойды дегендегі алдыңғы тіркесте қал етістігі көмекші, екінші тіркесте жетекші болып тұр-
Ал толымсыз көмекші етістіктерге е, ет, жазда, де сөздері жатады. Олар тілде үнемі көмекшілік қызметте ғана қолданылады. Көмекші етістік-тердің бәрі категориялар мағынасын білдіріп, категориялардың анапитикалық формаларын жасауға қатысады.
Достарыңызбен бөлісу: |