Өзбекстан республикасы жо­Ғары және орта арнаулы бiлiм министрлiгi ө. Байқабылов, Д. Дуйсабаева Қазiргi қазақ әдеби


Етістіктің лексика-грамматикалық категориялары



бет146/190
Дата06.02.2022
өлшемі5,51 Mb.
#28486
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   190
Етістіктің лексика-грамматикалық категориялары
Тілдің грамматикалық жүйесінде сөз таптарының морфологиялық құрамына қарай түбір және әр түрлі грамматикалық түр-тұлғаларға бөлінуі етістікке деген құбылыс. Етістік- қазіргі кезде түбір күйінде қолданылмайтын, түбір тұлға және неше тұрлі грамматикалық мағынаның тұлғалық көрсеткіштері мен формалардың түрлену жүйесінің бірлігінен тұратын сөз табы.
Етістік - ең күрдел і сөз табы ретінде субьекгінің іс-әрекетін ғана емес, табиғатта, қоғамда, жалпы өмірде ұшырасатын жайлардың және адамның ой-санасы арқылы туған түрлі амал-әрекет, іс-қимыл, жай-күй сияқты процестерді білдіретін сөз табы екендігі оның лексика-грамматикалық қасиеттері мен семантикалық ерекшеліктерінен, түбір тұлғасы мен грамматикалық формаларының қат-қабаттылығынан және олардың өзара арақатынасы мен грамматикалық категорияларыныңәр түрлілігінен, қолдану аясы мен сөйлемде атқаратын қызметінен айқын байқалады. Осы қасиеттеріне байланысты етістік категориялары, бір жағынан, лексика-грамматикалық, екінші жағынан, таза грамматикапық, үшінші жағынан, өзара жеке грамматикалық категория жасауға (шақ категориясын) негіз болатын формалары (есімше, көсемше) немесе бүтіндей басқа сөз табының грамматикалық сипатын ғана көрсететін айрықша түрі (тұйық етістік) тұрғысында қарастырылып, әр категориялары бір-бірінен грамматикалық және семантикалық сипаттары жағынан ажыратылады да, олар тұлғалану және түрлену ерекшеліктеріне орай және білдіретін мағыналарына қарай түр-түрге бөлінеді. Осыдан келіп етістіктің әр категориясы өзіндік сипатқа ие болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   190




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет