Өзбекстан республикасы жо­Ғары және орта арнаулы бiлiм министрлiгi ө. Байқабылов, Д. Дуйсабаева Қазiргi қазақ әдеби



бет154/190
Дата06.02.2022
өлшемі5,51 Mb.
#28486
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   190
Үстеудің жалпы сипаттамасы
Сөздерді таптастыру ұстанымдарына сай, лексика-семантикалық сипатына, морфологиялық белгісіне, синтаксистік қызметіне қарай бөлінетін сөз таптарының бірі - үстеу.
Үстеулер - қимылдың, іс-әрекеттің мекенін, мезгілін, жай-күйін, мақсатын, сын-бейнесін, себебін білдіріп, грамматикалық жағынан түрленбейтін сөздер. Кеше ғана шуақ өріп жамырап, Тірлік біткен қалып еді жадырап (М.Мақатаев). Қарағым-ай, бұл өмір осылай өтеді екен, Сүймесе дүние бекер екен (Ш.Сариев). Берілген мысалдардағы кеше, осылай сөздері үстеу болып табылады. Осы сөйлемдердегі кеше сөзі қимылдың мезгілін білдіріп, қашан? деген сұраққа жауап берсе, осылай сөзі қимылдың сын - бейнесін білдіріп, қалайша? деген сұраққа жауап беріп тұр. Үстеулердің ішінде бірде үстеу, бірде септеулік шылау болып қолданылатын сөздер бар. Ондай сөздерге мынадай сөздер жатады: бері, кейін, соң, бұрын т.б. бұл сөздер амал-әрекеттің мезгілін, мекенін т.б. белгілерін білдірсе ғана үстеу болады.
Үстеулерді көпшілік ғалымдар түрленбейтін сөз табы деп қарастырса, кейбір ғалымдар оларды аз түрленетін сөз табы деп таниды.
Сөйлемде пысықтауыш қызметінде жұмсалатын есімдер мен көсемше тұлғалы етістіктер бар, бірақ олар үстеулер емес. Бұл туралы А.Ысқаков: «.. қимылдың белгілері пысықтауыш мүше ретінде қолданылатын басқа есім сөздер мен етістік формалары (мысалы, көсемшелер) арқылы да білдіріледі. Бірақ белгілі жағдайда ғана пысықтауыш болып қызмет атқаратын ондай есім сөздер мен етістік формалары өздерінің бастапқы қасиеттерін жоймайды. Осы себептен пысықтауыш мүше болған сөздердің барлығы бірдей үстеу болуы шарт емес» - дейді .
Үстеу сөздер іс-әрекеттің, қимылдың мезгілін, мекенін, сын - бейнесін білдіретіндіктен негізінен етістіктермен тіркеседі. Бірақ үстеу сөздердің есім сөздермен тіркесі де тілімізде жиі кездесетін құбылыс деуге болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   190




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет