Өзбекстан республикасы жо­Ғары және орта арнаулы бiлiм министрлiгi ө. Байқабылов, Д. Дуйсабаева Қазiргi қазақ әдеби


Үстеудің бастауыш қызметінде жұмсалуы



бет162/190
Дата06.02.2022
өлшемі5,51 Mb.
#28486
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   190
Үстеудің бастауыш қызметінде жұмсалуы. Үстеулер субстантивтеніп бастауыш қызметінде жұмсала береді. Нөлдік тұлғада көптік жалғаулары арқылы субстантивтеніп бастауыш болады. Кей жағдайда көмекші сөздермен тіркесіп бастауыш қызметін атқарады. Еріншектің ертеңі бітпес (мақал). Бүгін деген қорқыныш пен үміттің екі ұдай аралығы (Ә.Кекілбаев).
Үстеудің баяндауыш қызметінде жұмсалуы. Үстеулер сөйлем соңында жіктеліп баяндауыштың қызметін де атқарады. Мысалы, Киім формасы өзгешелеу екен өзінің (К.Тоқаев). Мен сенімен біргемін (Ғ.Сланов).
Үстеудің толықтауыш кызметінде жұмсалуы. Үстеулер заттанып тура толықтауыш та, жанама толықтауыш та бола алады. Тура толықтауыш қызметінде жай септікпен бірге тәуелдеулі септік формасында да жұмсала береді. Мысалы, Азын-аулақ қазақшаны да далбарлайтын болған (М.Әуезов). Жанама толықтауыш болып барыс, шығыс және көмектес септіктерінде келе береді. Мысалы, Соншаны көріп, біліп келіп, ішке тығып тастағандай едіңіз (Бұл да).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   190




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет