Өзбекстан республикасы жо­Ғары және орта арнаулы бiлiм министрлiгi ө. Байқабылов, Д. Дуйсабаева Қазiргi қазақ әдеби



бет170/190
Дата06.02.2022
өлшемі5,51 Mb.
#28486
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   190
1. Ыңғайластық жалғаулықтары бірыңғай сөйлем мүшелерін байланыстырады. Ыңғайластық жалғауларының ішінде тілде аса жиі қолданылатыны -және жалғаулығы. Және жалғаулығы ыңғайлас келген екі немесе одан да көп бірыңғай мүшелерді, сөйлемдерді байланысқа түсіреді. Және жалғаулығы сөз табын талғамайды. Мысалы, Меніңше адамның ең бір үлкен бақыты - күресе білу, қуана білу, жұмыс істей білу және басқалардан қалыспай, өмірге ілесе білу (В.Н.Терешкова).
Және жалғаулығы салалас құрмалас сөйлемдер құрамындағы жай сөйлемдерді де ыңғайластыра байланыстырады. Мысалы, Жомарттың бүгін жүре қоярлық ниеті жоқ еді және оның ниетіне қарай даяр көлік те болмады (Ғ.Мұстафин).
Және жалғаулығы ойды айқындай, нақтылай, толықтыра түсу мақсатында жұмсалады. Мәселен, Әйелдің өз перзентін үйретіп, өсіруге ұмтылуы қанында бар және оның мұнымен бірге осыған сай қабілеті бар (К.Д.Ушинский).
Мен (6ен,пен) жалғаулықтар тек зат есімнен немесе субстантивтенген басқа сөздерден болған сөйлем мүшелерін байланыстырады. Тілде өте жиі кездеседі. Мысалы,... ғылым мен мәдениет барлық дүниенің алтын алқасы болып отыр (М.Әуезов). Құлақтан кіріп бойды алар, Жақсы ән мен тәтті күй (Абай).
Мен жалғаулығы арқылы сөздер байланысқанда жалғау соңғы сыңарға жалғанады. Мысалы,... халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе-білім (М.Әуезов). Өлең халық көңіліндегі қайғы мен қасіреттің, қуаныш пен шаттықтың серігі (П.Лафарг).
Әрі жалғаулығы заттың, нәрсенің, қимылдың сапасын, қасиетін білдіретін мүшелерді байланыстырады. Мысалы,... олар кеніштегі қым-қуыт жұмыстарды мінсіз әрі сапалы жүргізуге мүмкіндік әпереді (Д.Қонаев).
Әрі жалғаулығы кейде салалас құрмалас сөйлемдердің құрамындағы жеке сөйлемдерді де ыңғайластыра байланыстырады. Мысалы, Әбіштің сөздерінде әрі саясаттық шеңберлік бар, әрі Семейдің үркек қорқақ чиновниктерін сескендіру де бар (М.Әуезов).
Да, де, та, те шылаулары жалғаулықта, демеулік те болады. Бұл жалғаулықтардың ең басты қызметі - сөз бен сөзді, сөйлемдерді ыңғайластыра байланыстыру. Мысалы. Бар дүние жансыз да, ажарсыз (Ғ.Мүсірепов).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   190




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет