4. Себептік жалғаулықтарға себебі, өйткені шылаулары жатады. Бұл жалғаулықтар тілде аса көп кездеседі. Себептік жалғаулықтар салалас құрмалас құрамындағы жай сөйлемдерді байланыстырып, соңғы сөйлем апдыңғы сөйлемдегі айтылатын ойдың себебін білдіреді. Мысалы,... бойдағы аз кемшіліктің өзін жою үшін де күресе білу керек, өйткені, жамандық, кемшілік деген ит жанды келеді, бойға ұялампаз (Е.Букетов).
5. Салдарлық жалғаулықтар құрмалас сөйлемнің басыңқы сыңарындағы болған іс-әрекеттің нәтижесін, салдарын білдіру қызметін атқарады. Жалғаулықтардың бұл туріне сондықтан, сол себепті, сонан соң шылаулары жатады. Мысалы, Мен қорықпаймын, әжем кеше сұрап алған, Түйебайдың сылтауы шамалы, сондықтан оның таяқ жейтініне менің де, өзінің де көзі жетеді (Б.Майлин). Жер жақын болып екеуіңіз жеңісе алмадыңыз, содан соң алысқа айдап отырмын (Ғ.Мұстафин).
6. Шарттық жалғаулықтар сөйлемдер арасындағы шарттық қатынасты білдіру үшін жұмсалады. Жалғаулықтардың бұл түріне егер, онда шылаулары жатады. Көбінесе егер жалғаулығы бағыныңқы сөйлемнің бас позициясында қолданылады. Ал онда жалғаулығы көбінше басыңқы сөйлемнің басында тұрады. Егер мен онда жалғаулықгары бір сөйлемнің ішінде екеуі де қатар келетін кездері де болады. Мысалы, Егер алдамшы сезімнің арбауына түспесем Ажарға жолар ма едім (Б.Мұқаев). Ал, Әбіш, жаңағы сөзің мен Долгов сөзі анық дұрыс сөз болса, онда мен де кеше Құнанбай жазықсыз қанын төккен Қодардың ұлы ұрпағы болсам не деді (М.Әуезов).
Достарыңызбен бөлісу: |