Өзбекстан республикасы жо­Ғары және орта арнаулы бiлiм министрлiгi ө. Байқабылов, Д. Дуйсабаева Қазiргi қазақ әдеби



бет181/190
Дата06.02.2022
өлшемі5,51 Mb.
#28486
1   ...   177   178   179   180   181   182   183   184   ...   190
5.Болжалдық демеуліктері -мыс/міс өзі тіркескен сөзге тек болжалдық мағына жамайды. Ол көбінесе етістіктермен тіркесіп, болжалдық мәнді береді. Мысалы, Ойратқа сонау дүрбіт, торғауыт, төлеуіт тайпалары жатады-мыс (Ә.Кекілбаев).
6.Қомсыну демеулігіне тек қана екеш демеулігі жатады. Екеш демеулігі үнемі қомсыну мәнінде жұмсалады. Мысалы, Жан рахатын құс екеш құста біледі (Ш.Мұртаза).
7.Салыстыру демеуліктеріне жататын түгел, тұрсын, тұрмақ демеуліктері сөз таптарына қалай бірдей тіркессе, сөзге үстейтін мағыналары да сондай ұқсас. Мысалы, Мұны естігенде, Күләштің қаптырағаны былай тұрсын, зәрем зәр түбіне жеткендей жүректен жүрек қалмады (Ш.Жиенқұлова).


?! Тақырыпты бекіту үшін сұрақтар мен тапсырмалар

  1. Шылаулардың зерттелу тарихы жайлы мәлімет беріңдер.

  2. Шылаулардың жалпы сипатттамасы

  3. Шылаулардың түрлері жайлы не білесіңдер? Олардың әрбіріне мінездеме бере отырып мысалдар топтаңтар.

  4. Шылау сөздердің өзіндік сипаты мен жіктелуіне сызба жасаңдар.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   177   178   179   180   181   182   183   184   ...   190




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет