Өзбекстан республикасы жо­Ғары және орта арнаулы бiлiм министрлiгi ө. Байқабылов, Д. Дуйсабаева Қазiргi қазақ әдеби


Шығыс септігін меңгеретін септеуліктер



бет177/190
Дата06.02.2022
өлшемі5,51 Mb.
#28486
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   190
Шығыс септігін меңгеретін септеуліктер
Гөрі септеулігі зат есіммен, есімдікпен және -қан (-ған) -кен (-ген) формалы есімшелермен тіркесіп таңдау, талғау мәнінде жұмсалады. Мысалы, Желі бойындағы жылқылардың биелерінен гөрі жарау семіз, саяқ аттары көп (М.Әуезов). Өзге баладан гөрі басқа бір ермек, бөлек бір дос тапты (Бұл да).
Бері септеулігі есімдіктерге, -қан (-ған, -кен, -геи) формалы өткен шақ есімшеге тіркесіп, мезгілдің басталу шегін білдіреді. Мысалы, Аңнан Абай қайтып келгеннен бері Баймағамбет қалаға үш рет барып қоржын толтыра кітап апарып, толтыра ала қайтып, Абайдың ендігі ой-азығын жиі-жиі ауыстырумен жүр (М.Әуезов). Түннен бері, дәл таңатып, ел тұрғанша тыныш таппаған (Сонда).
Кейін, соң септеуліктер зат есімдерге, есімдіктерге, қимыл атауына және есімшеге тіркесіп, мезгілдік мағынаны білдіргенде бір істің не нәрсенің орындалу шегінен соңғы жағдайды нақгылайды. Мысалы, Осыдан кейін тағы үш күндей Салиқа дауының, Керей-Найман ылаңының тынымсыз тергеуі өтті (М.Әуезов). Алты күннен соң, осы Құнанбай ауылдары көшкен жолмен тағы бір мол көштер келе жатты (Сонда).
Соң септеулігі кейде мезгілдік мағынадан басқа реттік, яғни, бір нәрседен немесе біреуден кейін деген мағына да береді. Мысалы, Жаңағы шешелерден басқа: жеңгелер, көрші үйлердің қатындары, бірен-саран тыста жүрген шал-кемпір, онан соң ауылдың барлық үйлерінен шығып, жүгірісіп келе жатқан балалар бар (М.Әуезов).
Бұрын септеулік шылауы зат есімдермен, тұйық етістіктермен тіркесіп, іс-әрекеттің істелген мезгілін басқа бір іс-қимылдың алдында болғандығын білдіреді. Мысалы, Ол Абайдан бұрын үйленіп, сол жылы енші алып, бөлініп шыққан (М.Әуезов). Оған кетуден бұрын, әуелі өзімде бармен сенде барды ортаға шығарып, үлеске салып кетемін (Бұл да).
Бетер септеулік шылауы іс-әрекеттің бұрын істелген іс-әрекеттен неғұрлым күшті болғанын білдіреді. Мысалы, менен бетер, одан бетер.

Көмектес септігін меңгеретін септеуліктер


Көмектес септікті меңгеретін септеуліктерге қатар, бірге септеуліктері жатады. Бұл септеуліктер іс-әрекетті бірнеше субъектінің бірігіп жасағанын білдіру үшін қолданылады. Мысалы, Сол жаймен қатар Мырзахандар айтып келген ерлік ертегісі де бұл өңірдің жас баласына дейін түгел жетті (М.Әуезов). Ол тағдырда адаммен бірге жаратылған нәрсе, оны адам өзі жора тапқан емес (Абай).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   190




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет