Өзбекстан республикасы жо­Ғары және орта арнаулы бiлiм министрлiгi ө. Байқабылов, Д. Дуйсабаева Қазiргi қазақ әдеби



бет180/190
Дата06.02.2022
өлшемі5,51 Mb.
#28486
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   190
3.Нақтылау демеуліктері -ды/ді, -ты/ті өткен шақтағы сөздерді нақгылайды. Мәселен, Осының алдында Құрманбек екеуіміздің басымызға күн туып жас шаңырақтың уықтарын солқылдатқандай ауыр жағдай өткен-ді (Ш.Жиенқұлова).
-Тын/тін демеулігі -ды/ді демеулігімен мағыналас өткен уақыттағы ойды нақтылау мағынасын береді. Мысалы, Болымсыз нәрседен шатақ шығаратын жайсыздау кісі-тін (Б.Нұржекеев). Үрия мінезге бай әйел еді, тек жалғыз ғана осал жері - еркектің (Е.Брусиловский).
4.Шектеу демеуліктері ғана/қана үнемі шектеу мағынасын үстейді. Мысалы, Кімде-кім өзін билеп, ілім мен өнер үйренген жағдайда ғана баянды бақытқа қолы жетеді (У.Кайкавус). Халық тәжірибесі тек бізге ғана емес, біздің келер ұрпақтарымыз үшін де қымбат қасиет (Б.Момышұлы). Кітап аяулы досы бола бастаған шақтан былай ғана әрбір жан өзін интеллигент бола бастадым деп санауына болады (М.Әуезов). Ғана/қана демеуліктері тек демеулігімен қатар айтылып, сөздерге күшейту, шектеу мағынасын қосады. Мәселен, Тек қана оқу менен өнер білім керек (С.Торайғыров).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   190




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет