Өзбекстан республикасы жо­Ғары және орта арнаулы бiлiм министрлiгi ө. Байқабылов, Д. Дуйсабаева Қазiргi қазақ әдеби



бет178/190
Дата06.02.2022
өлшемі5,51 Mb.
#28486
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   190
Демеуліктер
Демеуліктер - шылаулардың құрамына енетін көмекші сөз таптары. Өздері тіркескен сөздерге әр алуан грамматикалық мағына қосатын сөздерді демеулік шылаулар деп атаймыз. Демеуліктер - грамматикаланудың нәтижесінде лексикалық мағынасынан айырылып, тек көмекші қызметке көшкен сөздер. .
Ғалым Ы.Шақаман демеуліктердің морфологиялық ерекшеліпнің бірі ретінде олардың сөзге жалпылама тіркесе беретін қасиетін айта келіп, оларды үш топқа бөледі: «1) еліктеуіш, одағай сөздерден басқа барлық сөз табына тіркесетін демеулік шылаулар: да/де, ма/ме, ғана/қана, қой/ ғой, -ақ, -ды/-ді, -тын/-тін және одағайға да тіркесетін демеуліктер: -ай, -ау; 2) есім сөздер таптарына, есімдерше түрленетін етістікгерге тіркесетін демеулік шылаулар: екеш, түгіл, тұрсын, тұрмақ; 3) жіктелген етістікке ғана тіркесетін демеулік шылау; -мыс/-міс» . Демеулік шылаулардың мағыналары тек сөйлемде, контексте көрінеді. Мысалы, Қой асығы демеңдер, қолына жақсы сақа қой, жасы кіші демеңдер, ақылы асса аға ғой (Қазақтың би-шешеңдері). Тіл дегеніміз қай халықтың болмасын кешегі, бүгінгі ғана тағдыры емес, бүрсүгінгі де тағдыры (Б.Момышұлы). Берілген мысалдардағы қой, ғой шылаулары нақтылау, тұжырымдау мәндерін білдірсе, ғана демеулігі шектеу мәнін білдіру мақсатында қолданылған. Демеулік шылаулардың білдіретін мағыналары алуан түрлі. Олардың тілдік жүйедегі қалыптасқан неізігі мағыналары мынадай:

  • Күшейткіш демеуліктер: -ақ, -ай, -ау, да/де, та/те;

  • Сұраулық демеуліктер: ма/ме, ба/бе, па/пе, ше;

  • Нақтылау демеуліктері: ды/ді, ты/ті, тын/тін, қой/ғой;

  • Шектеу демеуліктері: ғана/қана, тек;

  • Болжалдық демеуліктері: мыс/міс;

  • Қомсыну демеулігі: екеш;

  • Салыстыру демеуліктері: түгел, тұрсын, тұрмақ;

1. Күшейткіш демеуліктердің қатарына -ақ, -ай, -ау, да/де, та/те шылаулары жатады. Бұл топтағы демеуліктер сөйлемде айтылған ойға күшейту реңін қосу үшін қолданылады. Дә/де, та/те демеуліктері күшейткіш мәндерін үнемі сақтайды. Мысалы, Қызметін істесе де қарайласқысы келмегені ғой! (М.Әуезов). Көше сондай қараңғы да емес қой (Н.Ғабдуллин). Сөйлемдерде демеуліктер етістікпен, сын есіммен келіп, оларға күшейту мәнін үстеген. Бұл демеуліктер жалғаулық, септеуліктермен тіркесе береді және өзінің күшейту мағынасынан айырылмайды. Мәселен, Егер де маған сенбесеңіздер ояздың өзінен сұраңыздар (Ә.Әбішов).
-ақ демеулік шылауы өзі тіркескен сөздерге күшейткіш реңін қосады. Мысалы, Амантай өз ойын Қайырға әлдеқашан-ақ айтып қойған ғой (Ғ.Мүсірепов). Қапаның адамдарын қысылтпайын-ақ дейсің, бірақ амал жоқ (Б.Нұржекеев). Ахмет Қуанұлының семьясы үлкен еді, бірақ ол нан-тұзын ұсынып, қонақжайлық білдіру парызын адал-ақ атқарды (Е.Брусиловский). Мұнда -ақ демеулігі есімдік, етістік және сын есіммен тіркесіп күшейткіш мәнін беріп тұр.
-ау демеулігі көбінесе сөйлемге эмоциялық реңк береді. Мысалы, Көп күн жүріп жеттік-ау (Ш.Жиенқұлова). -Айтыңыздаршы, Жұртым-ау Құрманбектірі ме?- дедім үнім дірілдеп (Ш.Жиенқұлова).
-ай демеулік шылауы толық мағыналық сөздерге тіркескенде оның күшейткіш мәні басымырақ болады. Ал -ай шылауы зат есімнен болған сөздерге тіркескенде ол сөздерге ой екпінін түсіріп ерекшелеп тұрады. Мысалы, Қайран ер көңілді аналар-ай!-дедім менде ішімнен (Ш.Жиенқұлова). Жарықгық-ай, бұл күнді де жұрттың көретін күні бар екен-ау (Б.Майлин). Мұнда әрі таңдану, әрі таңырқау мәні бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   190




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет