Өзбекстан республикасы жо­Ғары және орта арнаулы бiлiм министрлiгi ө. Байқабылов, Д. Дуйсабаева Қазiргi қазақ әдеби



бет174/190
Дата06.02.2022
өлшемі5,51 Mb.
#28486
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   190
Септеуліктер
Объекті мен объектінің арасындағы әр қилы грамматикалық қатынасты білдіріп, белгілі бір септік жалғауын керек етіп тұратын сөздерді септеуліктер деп атаймыз.
Септеулік шылаулар мағынасы мен қызметіне қарай септік жалғауларына ұқсайды. Сондықтн да олар өзі тіркескен сөзінің белгілі бір септікте тұуын қажет етеді. Септеуліктер өздері тіркескен сөздерге себептік, бағыттық, мақсаттық, мезгілдік, болжалдық, бірлестік, талғау, таңдау т.б. мағыналар үстейді. Мысалы, Қай істің болсын өнуіне үш түрлі шарт бар. Ең әуелі ниет керек, одан соң күш керек, одан соң тәртіп керек (М.Әуезов). Халықтың кемеліне келіп өркендеп өсуі ушін ең алдымен азаттық пен білім қажет (Ш.Уәлиханов). Ана тілі халық болып жасалғаннан бері жан дүниесінің айнасы, өсіп-өніп, түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі (Ж.Аймауытов). Қабілеттілік те бұлшық ет тәрізді жаттығумен жетіледі (В.Обручев). Таптырмайтын ең асыл нәрселер: өнеріміз жайлы, жеткен, жетпеген жақтарымыз жайлы айтылған, дуалы ауыздан шыққан құнды пікірлер болды (Ш.Жиенқұлова).
Септеулік шылауларды зерттеген ғаламдардың бірі - Ф.Кенжебаева. Ол септеуліктердің негізгі қызметі мен мағыналық түрлерін, басқа шылаулармен ұқсастығы мен айырмашылығын көрсетеді. Ғалым Ф.Кенжебаева септеулік шылаулардың негізгі бірнеше ерекшеліктерін атайды: «Септеуліктердің бірінші ерекшеліктері - септік жалғауларындағы сөздерді меңгеріп, өздерінің әрбір септікті меңгеруіне қарай топталуы болса, екінші ерекшелігі - сол меңгерген септіктеріне үстеме мағына қосып, олардың ұғымын нақтылауы. Үшіншіден, септеулік шылаулар септік жалғауындағы сөздердің құрамына еніп, сол сөздерді келесі сездерге септестіре байланыстырады да, олардың сөйлемдегі қызметін нақтылайды» .
Көптеген еңбектерде септеулік шылаулардың қандай септікпен тіркесетіндігі туралы ғана айтылып жүргені мәлім. Кейбір зерттеушілер мәселеге тереңірек барады. Септеулік шылаулардың белгілі бір септік формасындағы сөзбен тіркесетіндігі жайында ғылымда бірізді пікір қалыптасқан деуге болады. Мәселен, профессор Н.Оралбаева: «Септеулік шылаулар белгілі септік формасына байлаулы, әр септік формамен қолданылатын тілде түрлі септеуліктер бар. Септеуліктер өзі тіркескен сездің белгілі септікте тұруын қажет етеді» - дейді . Ғалым септеуліктер сөйлемде дербес сөзбен бірге бір мағынаны білдіреді, сөйтіп олар біртұтас элемент кызметін атқарып, сөйлемнің мағыналы бір бөлшегі қызметінде жұмсалады деп санайды. Ғалым Н.Оралбаева септеулік шылауларды аналитикалық септікке жатқызады: «Әрине, септеулік шылаулардың заттардың арасындағы апуан түрлі қатысты білдіретіні сөзсіз және олардың септеулік аталуы да белгілі дерекке негізделген. Олардың тіркесетін тұрақты септіктері бар. Басқаша айтқанда, олар белгілі септіктердің мағынасын ғана толықтырады. Осы тұрақтылық тегін емес. Сондықтан қазақ тілінде де акалитикалық септік нақтылы арнайы зерттеуді керек етеді» .
Септеулік шылаулар дербес сөз формасын таңдап, талғап тіркесетіндіктен, олар барлық септік жалғауларымен қолданыла бермейді. Септеуліктер атау, барыс, шығыс және көмектес септікте тұрған дербес сөздерге ғана тіркеседі. Септеуліктердің дербес сөз тұлғасын таңдауы, сол септеуліктің өзінің мағынасы мен тіркесетін септіктің мағынасының жақындығына байланысты.
Септеуліктер де басқа шылаулар сияқты өзіне жалғау, жұрнақ жалғамайды, яғни түрленбейді.
Септеуліктер зат есімдерге, заттанған басқа сөз таптарына, қимыл атауына (есіміне) тіркеседі. Оларға септеуліктер мынадай тұлғалардан кейін барып тіркеседі:

  • Атау септігін меңгеретін септеуліктер: үшін, сайын, сияқты, секілді, тәрізді, туралы, арқылы, бойы, бойымен, бойынша, жайлы, жайында, шамалы, шақты, қаралы.

  • Барыс септігін меңгеретін септеуліктер: шейін, дейін, таман, жуық, тарта, қарай, таяу, салым.

  • Шығыс септігін меңгеретін септеуліктер: гері, кейін, соң, бері, әрі, бұрын, бетер.

  • Көмектес септігін меңгеретін септеуліктер: қатар, бірге, қабат.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   190




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет