Өзбекстан республикасы жо­Ғары және орта арнаулы бiлiм министрлiгi ө. Байқабылов, Д. Дуйсабаева Қазiргi қазақ әдеби


Еліктеу сөздердің мағыналық түрлері



бет165/190
Дата06.02.2022
өлшемі5,51 Mb.
#28486
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   190
Еліктеу сөздердің мағыналық түрлері
Еліктеу сөздердің біразының семантикасы табиғатта ұшырасатын әр алуан дыбыстармен байланысты мағыналарды білдірсе, кейбірінің мағыналары сол табиғаттағы әр қилы көріністердің бейнелерін білдіреді. Мысалы, «мылтық тарс етгі», «қарға қарқ етті» деген мысалдарда, «тарс» мылтықгың атылуынан шыққан, «қарқ» қарғаның қаңқылдауынан пайда болған дыбыстардың мағынасын беріп тұрса, «Алшаңбасып аю келеді», «Абай кілт бұрылып, жалт қарады» дегенде «алшаң, кілт, жалт» сөздері бейнеге еліктеу мағынасын білдіріп тұр.
Еліктеу сездер ішкі мағыналық ерекшеліктеріне орай екі салаға бөлінеді, бірі - елікгеуіш (еліктеме) сөздер, екіншісі - бейнелеуіш (бейнелеме) сөздер аталады. (63.360-366.).
1. Еліктеуіш (еліктеме) сөздер дегеніміз - өзіне тән лексика-семантикалық мағынасы адамның есту мүшесі құлақ арқылы дыбысқа еліктеу ұғымын білдіретін еліктеу сөздердің бір мағыналық түрі.
Адамның тыныс мүшесі арқылы шығарылатын дыбыстау мағынасын білдіретін еліктеуіш сөздер тілімізде едәуір. Мәселен, бір ғана ұйықтауға байланысты еліктеу сөздер ішкі мағыналық реңіне қарай «қор-қор, пыс-пыс, быр-быр» сияқты сөздермен беріледі.
Адамның көңіл-күйіне қатысты күлудің он бес түріне Ш.Сарыбаев мына еліктеу сөздерді атайды: «ду күлу, жырқ-жырқ күлу, кеңк-кеңк күлу, қарқ-қарқ күлу, мыңқ-мыңқ күлу, мырс етіп күлу, сақ-сақ күлу, солқ-солқ күлу, сық-сық күлу, сылқ-сылқ күлу, сыңғыр-сыңғыр күлу, таңқ-таңқ күлу, тарқ-тарқ күлу, шаңқ-шаңқ күлу, ырқ-ырқ күлу, т.б.» (46) келтіреді.
Түрлі жан-жануарлар, хайуан, аң-құстардың дауыстарына еліктеуден пайда болған түрлі еліктеуіш (еліктеме) сөздер де бар. Мысалы: «Бақ-бақ еткен текені, қар жауғанда көрерміз...» деген сөйлем ішінде келген «бақ» еліктеуіш сөзі еркек жынысты ешкі малы шығаратын дыбыс мағынасын білдірсе, «Құлындар шіңгір-шіңгір кісінесіп, ойнақтап тұяғымен көтерді шаң» деген өлең жолындағы «шіңгір-шіңгір», жылқы малының құлына тән кісінегенде шығаратын дыбысқа еліктеуден туған еліктеуіш сөз.
Адам организмінде болатын алуан түрлі сезім құбылыстары су-су, дүрс-дүрс, зырқ-зырқ, лүп-лүп, лып-лып, дір-дір, зу-зу, зың-зың, зырқ-зырқ, даң-дұң, әңкі-тәңкі, шың-шың, дың-дың, астан-кестен, ың-жың, мең-зең, алай-түлей, ұйқы-тұйқы, алау-жалау, сап-сап, әлем-жалам сияқты еліктеме сөздер арқылы беріледі. Еліктеуіш сөздер тілде қолданылған жеріне әрдайым әсемдік, ықшамдылық сипат беріп, шығарма тілін көріктендіріп турады. Мысалы: Бермеймін демеймін-ау, салдыр-гүлдір жүрісіңнен қорқамын «Ә.С.). Аюкеме оңашалана бергенде, күңк етіп қалып едім, шоқ басқандай зыр ете түсті.
2. Бейнелеуіш сөздер -табиғаттағы құбылыстар мен заттардың және неше алуан жан-жануарлардың сыртқы сын-сипаттары мен әрекет қимылдарын көру мүшесі - көз арқылы қабылданған бейне - көріністердің атаулары. Бейнелеуіш сөздер адамның, не түрлі заттардың қимыл-әрекетінің бейнелі еліктеу мағынасын білдіреді. Мысалы, «Саусақтары бұлың-бұлың етті де кетті» (Ғ.С.); «Аттар борт-борт желіді» (С.М.); «Бұланбай мен Алшағырдың үй іштері көшіп келіп, абыр-сабыр болып қалды»(Ғ. М.) - деген сөйлемдерде адам саусағының, аттың жүрісінің, адамдардың түрлі қимыл әрекетінің көрініс бейнелері «бұлың-бұлың, борт-борт, абыр-сабыр» бейнелеуіш (бейнелеме) сөздерінің мағынасы арқылы берілген.
Бейнелеуіш сөздер адамның не заттың қимыл процесін ғана көрсетіп қоймай, олардың сыртқы көрінісінің бейне-сипатына байланысты қалыппын да білдіреді. Мысалы, «дал-дал, ойқаң-тойқаң, пара-пара, дода-дода, әлем-жәлем, опай-топай, алақ-жалақ, мылжа-пылжа» сөздері заттың сыртқы тұлғалық көрінісінің бейнесін білдіретін сөздер. Осылардың біразын сөйлем ішінде келтірейік: «Алға!» - деп, құшырланып тиіскенде, дал-дал боп қақ жарылған мидай тақыр» (Бекежанов). Үстіндегі ер тоқымы пара-пара (Ә.Көшімов). Скважина ауызы ойқан-тойқан болып қалды (Ғ.Мұстафин).
Бейнелеуіш сөздерге жалпы жарық сәуленің қатысы арқылы көзге шағылысу бейнелерінің мағыналарын білдіретін оттың жануы, күннің жарқырауы, жалтыр нәрсенің жылтылдауы байланысты мағыналарды білдіретін «жалт-жұлт, жарқ-жұрқ, лап-лап, лау-лау» сияқгы сөздер де жатады. Етістік сөздерден -аң, -ең, -ң жұрнағы арқылы жасалынған туынды еліктеу сөздер де бейнелеуіш сөздердің мағынасын білдіреді. Мысалы, сүйрең, қисаң, созалаң. Жалпы адамның, тірі жанның, нәрсенің қимыл-қалпын көру, қабілеті арқылы қабылдаудан пайда болған еліктеу мағынасындағы сөздер бейнелеуіш сөздер тобына кіреді.
Адамның көру қабілеті арқылы танылатын бейне-құбылыстар, тірі жанда болатын сезім-күйлер семантикалық жақтарынан құбылып түрліше мағынаны білдіруіне байланысты, өз ішінде бірнеше топтарға бөлінеді.
1. Адам мен хайуанаттардың, құстардың жүрістерінің бейне-сипатын білдіретін бейнелеуіш сөздер тобына «алшаң-апшаң, тайраң-тайраң, апыл-тапыл, қаз-қаз, қақшаң-қақшаң, митың-митың, байпаң-байпаң, күйбең-күйбең, талтаң-талтаң, маң-маң, қойқаң-қойқаң, тепең-тепең, шоқаң-шоқаң» т.с.с. сөздер жатады.
2. Адамдар мен хайуанаттардың, құстардың қимыл, іс-әрекеттерінің сырт тұлға көріністерін бейнелейтін сөздерге «қылт-қылт, қылтың-қылтың, елбек-елбек, елең-елең, еңкең-еңкең, мықшың-мықшың, қыбжың-қыбжың, қутың-қутың, елбек-елбек, сылқ-сылқ, былқ-былқ, қалт-құлт, ербең-ербең, шыбжың-шыбжың, қаужаң-қаужаң, шошаң-шошаң» сияқты сөздер жатады.
3. Көру сезімі арқылы танылатын әр қилы заттардың құбылып көрінуі және адамның бет пішінінде болатын қуаныш, реніш сияқты реңктердің, құбылыстардың бейнелерін білдіретін сөздер тобына «жарқ-жұрқ, жалт-жұлт, мөлт-мөлт, жымың-жымың, лау-лау, лап-лап, лып-лып, алау-жалау, жылт-жылт, алай-түлей, бұлдыр-бұлдыр, ұйқы-тұйқы, бұрқ-бұрқ, алай-түлей, елең-алаң, апақ-сапақ, қылаң-қылаң, жапба-жұлба, тоз-тоз, құж-құж, ығы-жығы, айқыш-ұйқыш, олпы-солпы» тағы осы сияқты мағынадағы бейнелеуіш сөздер жатады.
4. Ойламаған жерден, қапылыстан, кенеттен шұғыл істелетін қимылдың көрінісін, құбылысын бейнелеу мағынасын білдіретін сөздерге «сау-сау, сумаң-сумаң, қылп-қылп, зып-зып, қылт-қылт» сияқгы сөздер жатады.
5. Қимыл процестің тәртіпсіз, жүйесіз астан-кестен, үсті-үстіне болған қалпын білдіретін бейнелеуіш сөздер мағынасын «жапыр-жұпыр, астан-кестен, абыр-сабыр, ойран-топыр, қапыл-құпыл, опыр-топыр, бұлан-талан, ұмар-жұмар» бейнелеуіш сөздері білдіреді.
Бейнелеуіш сөздердің көпшілігі ауыспалы мағынада жиі қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   190




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет