Өзбекстан республикасы жо­Ғары және орта арнаулы бiлiм министрлiгi ө. Байқабылов, Д. Дуйсабаева Қазiргi қазақ әдеби


?! Тақырыпты бекіту үшін сұрақтар мен тапсырмалар



бет144/190
Дата06.02.2022
өлшемі5,51 Mb.
#28486
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   190
?! Тақырыпты бекіту үшін сұрақтар мен тапсырмалар

  1. Есімдіктің зерттелуі жайлы мәлімет беріңдер.

  2. Есімдіктің жалпы сипаттамасын түсіндіріңдер.

  3. Есімдіктің лексика-семантикалық сипаты дегенде не түсінесіңдер?

  4. Есімдіктің синтаксистік қызметін көркем шығармалардан мысалдар топтау арқылы дәлелдеңдер.

  5. Есімдіктің мағыналық топтарына сызбалар сызып, сипатын анықтаңдар.

Етістіктің лексика-грамматикалық сипаты мен категориялары


Етістік түбірінің грамматикалық ерекшеліктері
Етістік категорияларының ерекшеліктерін айқындамас бұрын соларға негіз болатын тұлға - етістік түбірінің ерекшеліктерін анықтап алу қажет, өйткені, кейінірек көрсетілгендей, етістік түбірдің түрленуінде, сөйлемде қолданылуында басқа сөз таптарынан ерекшеліктері бар: лексикалық мағына білдірсе де, сол күйінде сөйлемде қолданыла алмайды, тікелей жіктелмейді т.б.
Қазіргі қазақ тілінде етістік - ең күрделі сөз табының бірі. Бұл оның лексика-семантикалық ерекшелігінен, түбір тұлғасы мен оған үстелетін грамматикалық формаларының қат-қабаттылығынан және олардың ара-қатынасынан, грамматикалық категорияларының әр түрлілігінен, жаңа сөз жасау жүйесінен, қолданылу аясынан, сөйлемде атқаратын синтаксистік қызметінен т.б. лексика-грамматикалық қасиеттерінен байқалады. Етістіктің зат есім сияқты көне сөз табы екендігі, басқа сөз таптарын жасауға негіз болатындығы, яғни тарихи-генеалогиялық ерекшеліктері өз алдына бір төбе.
Ең алдымен, етістік семантикалық жағынан тілімізде қимылды, процесті, әр түрлі өзгеріс, құбылысты білдіретін сөздер болып табылады.
Қазіргі кезде сөздерді топтастырудың лексика-семантикалық, морфологиялық түрлену жүйесі, синтаксистік қызметі сияқты үш түрлі ұстанылының белгілері етістік деп танылып жүрген сөздердің өн бойынан айқын байқалады Да солардың негізінде етістіктің жеке сөз табы болып бөлінуі ешбір күмән тудырмайды.
Етістіктер басқа да мағыналы сөз таптары сияқты түбір күйінде де, өзіне тән әр түрлі грамматикалық тұлғаларда да қолданылады деп асығыс айтып жүрміз. Бірақ, етістіктің осындай түр-тұлғаларының қолданылуында бірден сырт көзге іліне бермейтін ерекшеліктер бар екенін көрсеткен жөн. Ең алдымен, ол ерекшелік етістіктің түбір тұлғасының лексика-грамматикалық сипатымен байланысты. Қазіргі қазақ әдеби тілінде етістіктің түбір түлғасы (негізгі түбір болсын, туынды түбір болсын) сырт қарағанда етістіктің кейбір грамматикалық категорияларының формаларымен, атап айтқанда, бұйрық райдың 2-жақ анайы тұлғасымен сәйкес келеді. Бірден ескертетін жайт, егер бұйрық райдың (2-жақ) формасы бірінші және үшінші жақ тұлғаларын жасауға негіз тұлға болса, онда ол 2-жақ бұл парадигма жүйесіне кірмеуі керек, яғни бір грамматикалық түрлену жүйесінің түрлері, бір жағынан, бір-бірінен функциялық, мағыналық, тұлғалық сияқты өзіндік ерекшеліктері арқылы ажырайтын, екінші жағынан бір-бірімен тең дәрежедегі тілдік құбылыс болып саналады.
Олай болса, бір ұғымды, яғни етістіктің белгілі бір тұлғадағы грамматикалық мағынасын жөне оны білдіретін грамматикалық формасын бірде - етістіктің түбір тұлғасы деп, екінші бірде - бұйрық райдың жекеше, анайы екінші жақ тұлғасы деп, екі түрлі атаудың қаншалықты қажеттігі бар? Біріншіден, бұл екеуі бір ғана грамматикалық құбылыс болса, оны бір-ақ түрінде ғана атау керек. Екіншіден, бұйрықтық, жақтық (екінші, анайы) мағына етістік түбірге тән мағына болса, онда ол тұлға етістіктің белгілі бір грамматикалық категориясының (райының) бір грамматикалық түрі, көрінісі (бұйрық рай) бола алмас еді. Етістіктің түбірі білдіретін жалпы грамматикалық мағына етістіктің барлық басқа тұлғаларында сақталып тұратын қимылды білдіру мағынасы да, ал 2-жақтық, бұйрықтық мағына - етістіктің белгілі сөздермен (сен деген бастауышпен) сөйлемде белгілі (жақгық, жекешелік, бұйрықтық) қарым-қатынасқа түсудің және соның негізінде белгілі тұлғада жұмсалудың нәтижесінде пайда болатын мағына. Яғни бірінші мағына толық мәнді сөз болғандықтан лексикалық мағынаның жалпылануы (жалпы грамматикалық) негізінде (сөзтабы ретінде) қалыптасқан, түбірге тән қимылды білдіру - жалпы грамматикалық мағына да, екінші - сөйлеу процесінде сен деген сөзбен байланысқа түсу нәтижесінде (субъектілік-предикаттық қатынасқа түсу нәтижесінде) пайда болатын мағына. Мысалы, қимылды білдіру етістік түбіріне тән болса, зат есім түбіріне заттық мағына, сын есім түбіріне заттың әр түрлі сынын, сапалық, қатыстық белгісін, түсін т.б. мағыналарды білдірутән болып келеді. Сөздің түбір тұлғасы білдіретін негізгі жалпы грамматикалық мағынасы сөз табына қарай топтаудың бір межесі болып табылады да, ол сөз сол сөз табының грамматикалық тұлғалары арқылы түрленудің нәтижесінде кейін сөйлеу процесінде пайда болатын категориялық грамматикалық мағыналармен қатар өмір сүреді. Яғни түбір тұлғаға жаңа грамматикалық форма жалғанып, оған жаңа (категориялық) грамматикалық мағына үстелгеннен түбір білдіретін негізгі жалпы грамматикалық мағына жоғалып кетпейді. Егер түбір тұлға білдіретін грамматикалық мағына ондайда жойылып кетсе, онда жалғанған грамматикалық тұлға сол сөз табының сөз түрлендіруші формасы емес, басқа сөз табын жасайтын сөз тудырушы немесе сөзжасам көрсеткіші болғаны, сөйтіп ол сөз басқа сөз табына ауысып кеткені, я бұл сөз табының түбір тұлғасына ондай грамматикалық мағына тән болмағаны. Ал бұл жерде етістіктің шақгық, болымсыздық, шарттылық, жақгықт.б. мағыналарды білдіретін тұлғалары түбір тұпға мағынасын өзгертіп жіберетін сөз тудырушы көрсеткіш бола алмайтыны түсінікті. Түбір тұлға білдіретін мағына мен сол сөз табының әр түрлі формалары үстелуі арқылы пайда болатын грамматикалық мағыналардың салмағы, қызметтері бірдей емес. Басқаша айтқанда, түбір мен қосымшалар морфема ретінде морфологияның объектісі болғанмен, әртүрлі лексика-грамматикалық қасиеттері арқылы бір-бірінен ерекшеленетіні сияқты олар білдіретін грамматикалық мағына да, яғни түбірде жалпы грамматикальщ мағына да, қосымша да, жеке грамматикалық мағына да бір-бірінен ерекшеленеді.
Түбір тұлға білдіретін мағына негізгі лексикалық мағынасынан туындап, жалпылануы арқылы сол сөз табының сөз табы ретінде қалыптасқаннан кейінгі орныққан, тұрақталған грамматикалық мағынасы, сондыідан ол мағына сөздің жеке турғандағы түрінен байқалса, сөз табының тұлғалық мағыналары сөйлеу процесінде, ол сөздің басқа сөздермен қарым-қатынасқа түсу нәтижесінде пайда болатын және белгілі грамматикалық формалар арқылы берілетін мағына болып табылады. Ол форма арнаулы грамматикалық көрсеткіштер арқылы көрінуі мүмкін немесе тілдің даму барысында грамматикалық көрсеткіштері түсіп қалып қалыптасқан я белгілі бір тұлғадағы сөздермен синтаксистік қарым-қатынасының тұрақталу нәтижесінде пайда болатын арнайы грамматикалық мағынаның көрсеткіші ретінде қалыптасқан нөлдік форма болуы мүмкін. Сондықтан нелдік форманың мән-мағынасы түбір тұлға ыңғайында емес, білдіретін мағынасы арқылы өзі енетін грамматикалық категорияның я парадигманың басқа түрлерімен салыстырыла, жіктеле қарастырылғанда ғана айқындалады. Яғни, мысалы атау тұлғаны басқа септік тұлғаларына негіз болатын түбір түлғамен бір деп анықгау дұрыс еместігі жоғарыда айтылады, онда атау септік басқа септіктермен тең дәрежеде болмас та еді, септік категориясының бір түрі болып есептел мес те еді. Атау септіктің арнайы грамматикалық формасы болмағанмен, біржағынан, оны түбір тұлғада бөлек етіп танытатынын, екінші жағынан, сол арқылы басқа септіктүрлерімен белгілі дәрежеде бірлікте тұрып, іштей олардан саралануға негіз болатын субстанттық мағынасы, сөйлемнің предикатымен жақтық жағынан қиыса байланысып, грамматикалық субъекті сияқты атқаратын қызметі бар екенін ескермеуге болмайды. Атау септіктің бұл ерекшелігі басқа сөз таптарының сөйлем ішінде атау тұлғада тұрып, бастауыш қызметін атқарып, субстантивтенуінен айқын көрінеді.
Сондай-ақ етістік түбірдің грамматикаларда көрсетіліп жүрген бір ерекшелігі - олардың тікелей жіктелмеуі. Ал бұйрық райдың 2-жағы - жіктелу Үлгісінің бір көрінісі, яғни сөйлеу процесі нәтижесінде пайда болатын грамматикалық мағына. Міне, осы айтылғандардың барлығы етістіктің түбір тұлғасы мен 2-жақ бұйрық тұлғасы бір форма емес өкендігін, тек сырттай сәйкес келетіндігін, «етістіктің түбірі - бұйрық райдың 2-жағы» деген анықтаманың қате екендігін, етістіктің түбірі басқа сөзтаптарыныңтүбірлері сияқты жеке тұрып қолданыла алмайтынын көрсетеді. И.Е.Мамановтың: «Түркі тілдерінде түбір етістіктер ешқашан басқа сөздермен тіркеске енбейді де, сол күйінде дербес сейлем мүшесі бола алмайды. Етістіктер есімше, көсемше, қимыл есімі, рай формаларымен түрленгенде басқа сөздермен синтаксистік қатынасқа еніп,сөйлем мүшесі қызметіндежұмсалады»,-деген пікірінің өте дұрыс екенін байқаймыз.
Етістіктің түбір тұлғасы қимылды, іс-әрекетті, процесті т.б. білдіреді және ол - етістіктің жеке сөз табы ретіндегі жеке тұрғандағы семантикалық белгісі, негізгі жалпы грамматикалық мағынасы, ал бұйрық райдың 2-жағы сол етістіктің сөйлеу процесінде басқа сөздермен карым-катынасқа түсудің нәтижесінде пайда болатын, грамматикалық нөлдік форма аркылы көрінетін түрлену мағынасы, яғни категориялық мағынасы болып табылады.
Ал енді қазақ тілінде бұйрық райдың2-жақанайы түрінің сырт тұлғасы әуелден-ақ етістіктің түбір тұлғасымен бірден болған ба? Деген заңды сұрақ туады. Оған жауап беру үшін бұйрық райдыңжаққа қарай жіктелу ретін еске түсірейік.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   190




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет