Өзбекстан республикасы жо­Ғары және орта арнаулы бiлiм министрлiгi ө. Байқабылов, Д. Дуйсабаева Қазiргi қазақ әдеби



бет18/190
Дата06.02.2022
өлшемі5,51 Mb.
#28486
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   190
Буынның сипаты
Біздің сөзіміз айтылу жағынан ең кішкене единицалар (бөлшектер) –буындарға ажырайды. Буын - фонациялық ауаның кілт үзілуінен не кедергіге ұшырауының нәтижесіде пайда болатын жеке дыбыс, не дыбыстар тобы. Қазақ тілінде буынның маңызы ерекше. Фонетикалық негізгі заңдар осы буынның төңірегінде өрбейді.
Буын болу үшін оның саны біреуден артық болмауға тиіс. Сонда сөздің құрамында қанша дауысты фонема болса, сонша буын болады деген сөз.
Буында мағына болмайды. Кейбір сөздердің әрбір буыны лексикалық немесе грамматикалық мағынасы бар бөлшектерге (морфемаларға) тура келіп қалады .
Тіліміздегі байырғы сөздер бірыңғай не жуан буынды, не жіңішке буынды болып келеді. Егер тілімізде аралас буынды сөздер кездесетін болса, онда олар кірме сөз болғаны.
Тіліміздегі байырғы сөздер, сондай-ақ буындарда екі дауыссыздан басталмайды. Орыс тілінен енген біраз сөздің біздің тілімізде жазылуы соның айғағы бөрене (бревно), жеребе (жребий), кереует (кровать) кінәз (кеязь), үстел(стол). Сондай -ақ тіліміздегі байырғы сөздердің соңында екіден артық дауыссыз тұра алмайды. Оның өзінде негізінен еліктеуіш сөздер: былқ, жалп, күңк, күмп, бырт. Мұндай жағдайда қос дауыссыздың алдыңғысы міндетті түрде үнді, соңғысы қатаң дыбыс болады. Ал, орыс тілінен енген сөздер екі, тіпті үш дауыссызға еркін аяқтала береді: акт, кадр, спорт, пункт, текст, спектр, министр т.б.
Қазақ тілінде басқы буын ғана дауыстыдан басталуы мүмкін, қалған жағдайда буындар дауыстыдан басталмайды. Қазіргі қазақ тіліндегі буындар дыбыстық құрамы жағынан мынандай болып бөлінеді:

  • бір дыбысты: а-та, ә-же, а-па, і-ні, а-ла, а-ла, а-ас,о-қы, а,ә,е,о, отыр. Бір дыбысты буындар тек дауысты болады да, жеке сөз түрінде, не сөз басында ғана кездеседі ;

  • екі дыбысты: ба-ла, қа-ла-да, та-за-ла, жа-ға, ой-на, та-за;

  • үш дыбысты: бас, бет, сөз, көз, өрт, акт, бөл-шек-тер, тас-тақ;

  • төрт дыбысты: қант, төрт, былқ, жалт, жылт, кадр, такт, порт;

  • бес дыбысты: пункт, спорт, текст, скетч, старт, фланг, трест, спирт, стенд;

Сөздердің буын құрамы тіліміздегі сөздер құрамындағы буынның түрлеріне қарай мынандай болып келеді:

  • Бірыңғай ашық буынды сөзформалар: а-на-ла-ры-на, қа-ла-да-ғы, ке-ле-ді т.б.

  • Бірыңғай бітеу буынды сөзформалар: жат-тық-тыр-ған-дар-дың, тас-тай, т.б.

  • Аралас буынды сөзформалар: а-на-ла-ры-мыз-дың, айт-қан-да-рын, қа-на-ғат-тан-ды-рыл-ды т.б.




Каталог: uploads -> books -> 47828
47828 -> Өзбекстан республикасы жо­Ғары және орта арнаулы бiлiм министрлiгi а. Бектаев, Т. Турткулбаева Қазіргі әдеби процесс
47828 -> Науаи мемлекеттік педагогика институты
47828 -> Ш. юлдошева, А. Нисанбаева
47828 -> Методикасы кафедрасы
47828 -> Өзбекстан республикасы жо­Ғары және орта арнаулы бiлiм министрлiгi ө. Байқабылов, Д. Дуйсабаева Қазiргi қазақ әдеби
47828 -> Низами атындағы тмпу-дың Қазақ тілі және әдебиетін оқыту әдістемесі кафедрасының доценті Е. Абдувалитовтың “Абай халық данасы” тақырыбындағы сабақ үлгісі
47828 -> Науаи мемлекеттік педагогика институты
47828 -> Науаи мемлекеттік педагогика институты
47828 -> Низомий номидаги тошкент давлат педагогика университети


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   190




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет