Өзбекстан республикасы жо­Ғары және орта арнаулы бiлiм министрлiгi ө. Байқабылов, Д. Дуйсабаева Қазiргi қазақ әдеби


Эмоциялы-экспрессивтік реңді есімдер



бет91/190
Дата06.02.2022
өлшемі5,51 Mb.
#28486
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   190
Эмоциялы-экспрессивтік реңді есімдер
Өткен ғасырдың 90-жылдарына дейін морфология оқулықтарында әр сөз табына семантикалық-грамматикалық, морфологиялық және синтаксистік сипаттама берілгенде, ол сөз таптарының жасалу тәсілдері де, яғни сөзжасамы қамтылатын. Бірақ оқулықтарда морфологияның өзінің қарастыратын мәселесі күрделі болғандықтан, сөзжасам жан-жақты, толық ашылмады. Осымен байланысты 1990 жылдан бастап сөзжасам жоғары оқу орындарының қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша жеке пән ретінде оқытыла бастады. Алайда сөзжасам жеке пән ретінде оқытылғанымен, оның мәселелері алғашқы грамматикалардан басталғанын ескеруіміз қажет.
А.Байтұрсынов оқулығында «Зат есімнен туған сөздер» деген тақырыпта «Түпкі зат есімдер түпкі заттың есімін көрсетеді. Түпкі затқа қатысқан екінші зат болса, ол екінші затты атау үшін түпкі заттың есіміне әр түрлі жұрнақтар жалғанады»,- дей келіп, ғалым 22 жұрнақты атаған. Мысалы, -шық, -шы жұрнақтары зат есімге жалғанып, сол заттың кішкенелігін көрсететіндігіне тоқталған: қап- қапшық, үй-үйшік, құман-құманша, көрпе-көрпеше.
Сондай-ақ заттың кішкене һәм сүйкімділігін көрсету үшін сол заттың есіміне -шақ, -қан, -қай жұрнақтары жалғанатындығын мысалдармен дәлелдеген: құлын-құлыншақ, бота-ботақан, бала-балақай.
А.Байтұрсынов жұрнақтардың сөзжасамдық қабілетіне көңіл бөлгенде, олардың сөзге қосатын мағыналарын ерекше назарда ұстаған. Тағы да ғалым оқулығындағы бір жұрнақтың мағынасын келтірейік: Екі жұрнақ зат есімге жалғанғанда, сол затты зор тұту үшін я көңіл аулау үшін. Аға деген сөзге еке деген жұрнақ жалғап, «ағаеке» десек, ағаны зор тұтқанымыз яки көңілін аударғанымыз көрінеді... жалқы есімге жалғанғанда ол есім қысқартылып айтылады, мәселен, «Ысмайыл» деген есім, жұрнақ жалғанғанда қысқартылып, «Ысеке болады немесе кей сөздерде «еке» орнына жалғыз й қосылады, мәселен, аға-ағай, апа-апай, ата-атай», - деген ескерту де берген.
Осы А.Байтұрсынов оқулығындағы зат есімге жалғанып, «сол заттың кішкентайлығын» немесе «сол затты зор тұту, көңіл аулау» мағынасын білдіретін жұрнақтар қазір зат есімнің реңк мәнін тудыратын жұрнақтар деп, ал сол жұрнақтар арқылы жасалған сөздер реңк мәнді есімдер деп аталады.
Реңк мәнді есімдер жасайтын жұрнақтар қазақ тіл білімінде алғаш рет ғылыми тұрғыда Ә.Төлеуовтың зерттеуінде дәлелденді. Автордың өз сөзімен айтқанда, «Бұл топқа енетін морфемалардың айырмасы-сөзге қосылғанда оның негізгі мағынасын өзгертіп жібермей, тек түрлендіріп, қандай да бір квөмекші мағына оттенка береді. Екінші сөзбен айтқанда, бұл топқа енетін жұрнақтар жалғанған сөзін өзгертіп, жаңа мағыналы сөз тудыра алмайды, тек түрлендіреді », - дей келіп, өсімдерден түрлендіріп кішірейту, еркелету мәнді зат есімдер жасайтын жұрнақтардың 11 түрін атап көрсеткен.
А.Ысқақовтың «Қазіргі қазақ тілі» (морфология) оқулығында «Зат есімнің реңк мәнін тудыратын жұрнақтар» деген тақырыппен зат есімнің реңк мәнін тудыратын 13 жұрнақ берілген.
Ал қазақ тілінің сөзжасам мәселесіне арналған Н.Оралбайдың «Қазақ тілінің сөзжасамы (2002)» деген оқулығында зат есімнің реңк мәнін тудыратын жұрнақтардың саны 24-ке жеткен.
Ғалымдардың бұл пікірлері қазақ тіліндегі реңк мәнді есімдердің өзіндік мағыналары және жасалу жолы бар зат есімнің лексика- грамматикалық бір тобы екендігін дәлелдейді.
Ал зат есімнің реңк мәнді түрінің тілімізде қалыптасқан құбылыс екендігі проф. А.Ысқақовтың оқулығында анық айтылған: «Зат есімдердің ішінде затты я заттық ұғымды әдеттегіше бейтарап түрде атаумен қатар, сол аталған заттың көлем және сапа жағынан қандай екендігін қос-қабат білдіре атайтын да топтары бар. Мысалы: көл, тау, төбе, арба деген сияқты жалпы есімдердің көлшік, таушық, төбешік, арбашық, атан, өгіз, кітап деген тәрізді зат есімдердің атанша, өгізше, кітапша деген түрлері бар. Осы аталған екі топ сөздің көлсымақ, таусымақ, төбесымақ, кітапсымақ деген түрлері де бар... сол сияқты әке, шеше, апа тәрізді туыс атаулары әкей, шешей, апай, шешеке, апеке, шешетай, әкетай, апатай, шешежан, әкежан, апажан түрінде қолдану үйреншікті әдет ... Нұрлан, Қалия, Әлия тәрізді жалқы есімдер Нұрыш, Қалыш, Әлкен деп айту да соншалықты дағдылы нәрсе ».
Тіліміздегі «үлкен тұтып құрметтеу я сыйлау, кіші тұтып еркелету, кем тұтып қомсыну тәрізді эмоциялық әсер, экспрессивтік рең бере қолданылатын есімдер» тілдегі жүйелі құбылыс екендігіне еш күмән жоқ.
Бұны З.Құрманалиеваның «Реңк мәнді туынды зат есімдердің мағыналық құрылымы» деген кандидаттық диссертациясы да дәлелдей түседі. Автор бұрынғы еңбектерде аталмаған зат есімнің түрленген лексикалық мағынасын жасайтын реңк мәнді тағы да 18 жұрнағын ғылыми айналысқа қосып, бұрыннан белгілісі бар, барлығы реңк мәнді 42 жұрнақты ғылыми тұрғыда талдаған.
Олай болса, реңк мәнді есімдер-зат есімнің өзіндік мағыналық, грамматикалық ерекшелігі бар тобы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   190




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет