Өзбекстан республикасы жо­Ғары және орта арнаулы бiлiм министрлiгi ө. Байқабылов, Д. Дуйсабаева Қазiргi қазақ әдеби



бет92/190
Дата06.02.2022
өлшемі5,51 Mb.
#28486
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   190
Көмекші есімдер
Қазақ тілінде көмекші морфемаларға қосымшалардан басқа көмекші сөздер де жатады, олар тілдің грамматикалық құрылысынан көлемді орын алады және өздеріне тән ерекшеліктері бар. Проф. Н.Оралбаева көрсеткендей, «көмекші сөйлемде де бес сөзге мағына қосу үшін қолданылады,бірақ оның дыбыстық құрамына енбей де тобымен тіркесіп қана қолданылады. Олар сөз тіркесінің жеке сыңары бола алмайды, дербес сөздің құрамындағы қосымшалар сияқты ғана сөз тіркесінің құрамына кіреді.
Дербес сөз бен көмекшінің тіркесі сөз тіркесінің бір сыңары ғана болады. Көмекшілерде лексикалық мағына жоқ, бұл олардың бәріне ортақ, бүкіл көмекші атаулының қайсысы болсын нақтылы лексикалық мағына бермейді... көмекшілерде лексикалық мағына болмайтын себебі - олар грамматикалық дамудан өткен. Грамматикализациялану арқылы олар лексикалық мағынасынан айырылып, грамматикалық көрсеткішке айналған». Міне, бұл үзіндіден көмекші сөздердің негізгі ерекшеліктері анық байқалады.
Көмекшілер тіркесетін сөз табына, тіркесу орнына, дыбыстық құрамы мен сөзге қосатын мағыналарына қарай түрліше болып келеді, соған байланысты олардың бірнеше түрлері бар. Солардың бірі- көмекші есімдер. Көмекші есім деп грамматикалық өзгеріске түсіп дерексізденудің (абстракцияланудың) нәтижесінде заттық мағынасынан айырыла бастаған тәуелдік жалғаулы көбіне мекендік септіктерде қолданылып матаса байланысқан тіркестің екінші сыңары қызметінде жұмсалатын зат есімнің кеңістік мәнді ерекше бір тобын айтады .
Көмекші есімдердің дербес сөздерге қосатын қосымша мағыналары көбінесе мекендік, мезгілдік қатысты білдіреді. Мысалы, Құдық басында жылқы су ішіп жатыр (Ж. Аймауытов). Абай кеш батар алдында Баймағанбетті жіберіп, Әбішті шақыртып алған (М. Әуезов).
Дербес сөз бен көмекші есім белгілі бір морфемалар, яғни ілік септік жалғауы мен тәуелдік жалғауының 3-жағы арқылы байланысады: қаланың ортасы, көшенің шеті, өзеннің жаны т.б. Бұл екі қосымшасыз дербес сөз бен көмекші есім бірімен- бірі байланыспайды. Н. Оралбаева көмекші есімдерді осы ерекшелігіне қарай дербес сөздің тұлғасын таңдайтын көмекшіге жатқызған.
Қазақ тіл білімінде көмекші есім деген терминнің қалыптасуы проф. Н.К.Дмитриевтің «Служебные имена в турецком языке« деген мақаласымен тығыз байланысты. Проф. Н.К.Дмитриевтің «служебные имена» деген терминді қолдануы қазақ тіліндегі көмекші есім терминінің пайда болуына негіз болған. Бұл термин қазіргі қазақ тіл білімінде қалыптасып кетті деп айтуға болады. Көмекші есім терминіне қарап, оны есім сөздердің бәріне ортақ сөздер деп түсіну кездеседі. Шындығында, ол сөз табы жағынан зат есім құрамында қаралады. Оның зат есім құрамында қаралуы, яғни зат есім саналуы кездейсоқ емес. Көмекші есімдер дербес мағыналы зат есімдердің грамматикалық дамуға түсуінен лексикалық мағынасынан айырылып, көмекшілік қызметке көшкен. Олардың көмекші сөз ретінде қалыптасқан мағынасы да заттық мағынамен байланысты. Олар зат білдіретін мекендік мағынаны дәлелдейді. Көмекші есім зат есімнің түрлену парадигмасы бойынша түрленеді, өйткені сөйлемде дербес зат есіммен тіркесте қолданылады. Сондай-ақ көмекші есіммен тіркескен зат есімге жалғануға тиісті жалғаулар зат есімнің өзіне тікелей тіркесе алмайды, оған тіркескен көмекші есімге жалғанады. Көмекші есімдер де көмекші етістіктер сияқты өзінің сөз табының аясында қалған. Осы тұрғыдан алғанда, оларды да көмекші зат есім деп атау мүмкіндігі де бар еді, сонда оны есімнен басқа бір сөздердің тобы деп қарауға, шатастыруға мүмкіндік болмас еді. Бірақ қазақ тіл білімінде көмекші есім деген термин қалыптасып кеткен.
Көмекші есімдердің түпкі төркіні лексикалық мағыналы сөздер болғандығы жөнінде ғылыми еңбектерде көрсетілген. Мысалы, Ф.Г Исхаков «0 происхождении конечных - т и - д в словах аст, үст и т.п.« атты мақаласында түркі тілдеріндегі абстракт мекен, мезгіл мағынасын беретін, тарихи тұрғыда үстеу мен көмекші есімдерге негіз болған сөздердің ішінде адам мүшелерінің аты немесе мекенге қатысты бір жақты білдіретін сөздер жиі кездесетіндігі айтылған. Ал проф. А. Ысқақовтың «көмекші есімдердің түпкі шыққан төркіндері орын, мекен жайларына байланысты, демек, белгілі бір заттың, не нәрсенің, заттық құбылыстың, не уақиғаның алды я арты, асты я үсті, іші я сырты, жаны я қасы, маңы я тұсы, арасы я ортасы, шеті я жағасы, беті я түбі, басы я ұшы тәрізді ұғымдардың атаулары екендігі шүбәсіз. Көмекші сөздердің мағыналары қаншалықты солғындағанымен де, шылау сөздердей я бүтіндей, я жартылай жоғалып кетпейді, керісінше, не жартылай, не бүтіндей олардың (көмекші есімдердің) бойларында сақталып отырады », - деген пікірі бар.
Бұл пікірлерден көмекші есімдердің дербес сөздерден шыққанын байқауға болады.
Жоғарыда аталған еңбектерде және оған берілген анықтама бойынша көмекші есім аталатын сөздер толық мағыналы сөздің тіркесінсіз қолданылмауға тиіс. «Служебные имена,-деп жазады М.Оразов жоғарыдағы еңбегінде, - всегда требуют впереди себя определенного существительного и вместе с ним входят в состав сложного члена предложения ».
Бірақ көмекші есімдердің жеке қолданылатын кездері де бар. Көмекші есімнің жеке қолданылу себебін іздестіргенде, оның өзіндік заңдылығы, өзіндік себебі бары анықталды, кез-келген жерде көмекші есімді жеке қолдана беруге болмайды. Ол үшін белгілі контекст, жағдай қажет.
Мысалы, Сескене қалған діндар шал артына қараған да жоқ (Ғ.Мүсірепов). Бұл сөйлемде «артына« көмекші есімі жеке тұрып, белгілі сөйлем мүшесі қызметін атқарып тұр. Сөйлемде «өзінің» деген дербес сөз қолданылмаған, оның беретін мағынасын «шал» зат есімі де білдіреді, сондықтан оның сөйлемнен түсіп қалуы сөйлемдегі ойдың түсініксіздігін туғызбаған. Сөйлемде көмекші есім тіркесуге тиісті дербес сөздің айтылмағандығына қарамастан, онда айтылуға тиісті ойдың түсініксіздігі байқалмайды. Бұл тек осы сөйлемге ғана байланысты емес, көмекші есім тіркесуге тиісті дербес сөздің сөйлемде айтылмауы сөйлемдегі ойдың түсініксіздігін туғызатын болса, ол сөз сөйлемде толық қолданылады, яғни, ондай жағдайда дербес сөзді сөйлемде атамауға болмайды. Көмекші есім тіркесуге тиісті дербес сөз сөйлемде айтылмау үшін оның мағынасын білдіріп тұратын контекст керек екен. Мыс: Әр ауылдың өз «Адырақпайы бар» деген секілді, біздің ауылдың ендігі «Адырақпайы» осы қара мұрт басқарма еді. Астынан қара көк арғымағы түспесе, қолынан ырғай сапты дырау қамшысы түскен емес (Ғ.Мүсірепов). Бұл мысалдағы екі сөйлемнің соңғы сөйлемінде «астынан» көмекші есімі дербес сөздің тіркесінсіз қолданылған. Соңғы сөйлемді жеке алсақ, онда айтылған дербес сөзді 3-жақ жіктеу есімдігі деп ойлауға болады, бірақ ол кім туралы сөз болып тұрғанын дәл көрсете алмайды, өйткені жіктеу есімдігінің қай зат есімнің орнына қолданылып тұрғанын көрсететін контекст керек, яғни ол да бірінші сөйлемді керек етеді. Бұдан соңғы сөйлемде дербес сөз айтылмағанмен, ол бірінші сөйлемде айтылғандықтан, екінші сөйлемдегі ойдың түсініксіздігін туғызбайтынын көреміз, сондықтан бірінші сөйлем екінші сөйлемдегі ойды түсінуге керекті контекс ретінде қаралады.
Бұл айтылғандардан көмекші есім тіркесуге тиісті дербес сөздің сөйлемде айтылмауының түрлі себептері болатыны анық көрінеді. Олардың бәрі де тілдің ықшамдау тенденциясына, стильдік ерекшеліктерге байланысты.
Көмекші есімнің алдынан келетін толық мағыналы сөздің мынадай жағдайларда түсіп қалатыны байқалады:
а) Көмекші есімнің алдынан келетін толық мағыналы сөз алдыңғы сөйлемде айтылғанда, келесі сөйлемде түсіп қалып, көмекші есім жеке қолданыла алады.
Мысалы, Сейіт атына мініп алып, өзенге қарай жіті аяңдатып келеді. Алдында сәл аяңдап Назыкеш кетіп барады. Негізінде «Сейіттің алдында сәл аяңдап Назыкеш кетіп барады» - деп айтылуға тиіс еді. Бірақ онда Сейіт сөзі қатар екі сөйлемде 2 рет қайталанып, ол стильдік қолайсыздық туғызар еді. Ондай ыңғайсыздықты болдырмау үшін жазушы ол сөзді екінші сөйлемде қолданбаған.
ә) Құрмалас сөйлемнің бағыныңқы сөйлемінде аталған толық мағыналы сөз басыңқы сөйлемінде аталмай, көмекші есім жеке қолданылады.
Мысалы, Сейіт бұрылыңқырай беріп, Тілеукүні атының кеудесімен соғып құлата салып, артына қарамастан жүре берді. Ал кейде керісінше, толық мағыналы сөз басыңқы сөйлемінде беріледі:
Мысалы, Қасында бір жаны ашырлары барын сезініп, Жабайдың құлазып жатқан жан жүрегі де жылынып кетті.
б) Мұндай жағдай салалас құрмаласта да кездеседі. Мысалы, Самолет жерге қонады, мен жүгіріп қасына барам.
в) Бір зат, құбылыс, уақиға баяндалғанда, толық мағыналы сөз алдыңғы сөйлемдерде аталады да, көмекші есім кейінгі сөйлемде жеке беріледі.
Мысалы, Аспалы шамды төменірек түсіріп, алдына үлкен есеп шотын қойды. Осы сөйлемдегі «алдына» көмекші есімнің тіркесетін мағыналы сөзі 3 сөйлем бұрын айтылған.
г) Субъектісі аталып, оны айқындайтын өздік есімдігіне тіркесуге тиісті көмекші есім көбіне жеке қолданылады.
Мысалы, Ушаков алдында кетіп бара жатқан үшеуді қуып жетті. Дүкенші артына бұрылып, ағаш шелек толы қызыл уылдырықты көтеріп ала берді. Бұл сөйлемдердегі көмекші есімдердің тіркесетін сөздерін алдыңғы сөйлемдерден табуға боламайды, өйткені мұнда осы сөйлемдерде қолдануға тиісті «өзінің» деген дербес сөз түсіп қалған. Ілік септіктегі өздік есімдігі көмекші есімнің алдынан келгенде түсіп қалып отырады. Бұл да тілдік экономия заңдылығына байланысты, себебі өздік есімдігі де, көмекші есім де субъекті болып тұрған сөзге қатысты, субъекті сөз де, өздік есімдігі де өмірде бір затты ғана белгілейді, ол зат сөйлемде аталғандықтан, екінші атының аталуы тілде артық сияқты көрінеді де, көбіне өздік есімдігі түсіп қалады немесе өздік есімдігі айтылған жерде оның айқындайтын сөзі түсіп қалады.
Көмекші есімнің алдынан түсетін толық мағыналы сөздер - көбіне зат есім, есімдіктер.
Енді сөйлемде аталмаған толық мағыналы сөзді табуға көмектесетін көрсеткіштерді қарастырсақ, одан мынадай жағдайлар байқалады. Жалпы көмекші есім өз мағынасында қолданылғанда, сөйлемде аталмай тұрған дербес сөзді табу өте оңай, ол белгілі болып тұрады, мұндайда түсіп қалған сөздің қандай сөз екенін тәуелдік жалғауы көрсетеді, әсіресе, көмекші есім I, II жақтарда тұрғанда, айтылмай тұрған, дербес сөз I, II жақтық жіктеу есімдіктері екеніне ешбір күмән келтіруге болмайды, өйткені I, II жақтарда олардан басқа дербес сөз болуы мүмкін емес. Мысалы, Шек, кедергі қоймаспыз алдыңа.
Жеке қолданылған көмекші есім III жақ тәуелдік жалғауында тұрса, оның түсіп қалған дербес сөзін бірден көрсету қиын, өйткені 3-жақта зат есім мен 3-жақта жіктеу есімдігі және өздік есімдігі тұра алады. Сондықтан көмекші есім III жақ тәуелдікте тұрып, жеке қолданылса, осы үш түрлі сөздердің біреуі түсті деп санаймыз . Мысалы, Алдын бөгеп бер, әйтеуір.
Бұл сөйлемдегі түскен толық мағыналы сөз алдыңғы сөйлемде аталған. Ал "Олар көлденеңдеп алдын кесіп алды да, тұра қалды", - деген сөйлемде. III жатағы жіктеу есімдігі түсірілген. Ал мына сөйлемде III жақ өздік есімдігі түскен. Мысалы, «Әкеттің... Алдадың... .Сенікі, сенікі,»- деп алдындағы ақшаны Сандыбай жаққа қарай ысырып қойды. Көмекші есімнің толық мағыналы сөз тіркесінсіз қолданылуының тілде екі түрі бар:
І.Көмекші есімнің белгілі контексте ғана дербес сөздің тіркесінсіз қолданылуы.
2.Көмекші есімнің үнемі дербес сөздің тіркесінсіз қолданылуы.
Көмекші есімдердің белгілі контексте ғана жеке қолданылғандары сөйлемде дербес сөзбен тіркескенде қандай мағына берсе, дербес сөздің тіркесінсіз де олар сол мағынаны білдіреді. Рас, ол түсіп қалған дербес сөздің мағынасын да қамтуға тиісті, бірақ ол көмекші есімнің өзінен гөрі контекске байланысты. Мұндай қолданылудағы көмекші есімдерде сапа өзгерісі болмайды.
Үнемі дербес сөздің тіркесінсіз қолданылатын көмекші есімдерді тарихи тұрғыдан ғана көмекші деп атамасақ, қазіргі дәрежесінде оларды басқа сөз табына ауысып үлгерген деп тануға толық болады. Олар- көмекші есімнің лексикалық мағынаға ие болған түрлері.
Мысалы, Ол басында құр бақыра берді. «Басы» көмекші есімі негізінде, заттың басталар шегін білдіретін болса, мына сөйлемде ол жеке тұрып, мезгілдік мағынаны білдіріп тұр. Ол толық мағыналы сөздің тіркесін керек етпейді, жоғарыдағы мысалдардай мұнда дербес сөзді тауып алу мүмкін емес, өйткені мұнда түсіп қалған дербес сөз жоқ, «басында» - өз алдына дербес мағыналы сөз. Екінші бір мысал алайық. Түбінде біреуіміз тауып алып жіберерміз,- деп тағы біреулер қалжыңдап жатыр. Осы сөйлемдегі «түбінде» көмекші есімі толық мағыналы сөзбен тіркескенде (құдықтың түбінде) затқа жуық мекенді білдірсе, бұл мысалда мезгілдік мағынаны білдіріп тұр. Ол мағынаны білдіруі тек осы контекске ғана байланысты емес. Бұл сөз барлық жерде осы мағынаны береді. Оның мағынасы мен дербес сөзге тіркескен түбінде көмекші есімнің мағынасы бір емес. Осы мысалдағы «түбінде» сөзі дербес сөздің тіркесін керек етпейді, оның өзі-дербес сөз, оның өзіндік толық лексикалық мағынасы бар. Келтірілген мысалдар көмекші есімдердің контексте жеке қолданылуы бара- бара оның лексикалануына да әкелетінін көрсетеді. Бұл- тілде сирек кездесетін процесс. Әдетте, грамматикалық дамуда лексикалану арқылы жүзеге асады және ол- кең тараған құбылыс. Жоғарыда аталған мысалдар оның керісінше құбылыстың да тілден орын алатынын дәлелдейді. Грамматикалық көрсеткіштердің лексикалануы тілден орын алатынын проф. Ғ..Мұсабаев та кезінде дәлелдеген болатын. Ғалымның көрсетуінше «-лақ» деген бір кездегі «оғул-лақ» дегендегі «-лаң» қосымшасынан қалыптасқан .
Көмекші есімнің лексикалануының басқа түрлері де кездеседі. Көмекші есім сын есімге де ауысатын жайлары бар, яғни туынды сын есімнің жасалуына негіз болады, мұнда да сөйлемде айтылмаған дербес сөз жоқ. Мысалы, Алдыңғы пәуескемен азырақ тілге келеді. Алдыңғы көк қырғи келген бойы жаудың «қоңыр аласының» тобына кіріп кетті.
Көмекші есімнің тілде қайталанып қолданылатын да кездері болады. А.Ысқақов бұны «көмекші есімнің қайталануы арқылы туған форма үстеу сөзге айналады да, дербес мүше болады», - деп көрсеткен.
Бұдан көмекші есімнің жеке қолданылуының тілде әр түрлі себептері бар екендігін байқауға болады.
Құрылымы жағынан зат есімдерді А.Ысқақов жалаң және күрделі деп екі топқа бөліп, оларды өз ішінде тағы да тармақтайды .
Жалаң зат есімдерді бөлшектенбейтін бір ғана сөзден тұратын түбір зат есім (от, су, көл, өзен, дала т.б.) және түбір сөзден жұрнақ арқылы жасалатын туынды зат есімдер (қуырдақ, оймақ, малшы, биші, саудагер т.б.) деп екіге бөлген.
Күрделі зат есімдерді өз ішінде біріккен, кіріккен атаулар (ағайын, жарғанат, сәресі, алтыбақан т.б.), тіркескен күрделі зат атаулар (ақ бата, бесікбау, шағын несие, іс қағазы т.б.), қосарланған күрделі атаулар (өкпе-бауыр, мектеп-лицей, ар-ұят т.б.), қысқарған атаулар (Ахмет- Ақа, Мұқтар-Мұқа, ЖАК- жоғарғы аттестациялық комитет т.б.), - деп бөлінеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   190




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет