Зат есімнің жіктелуі
Жіктелу категориясы зат есімнің категорияларына кірмейтіндігі ғылымда дәлелденген жағдай, сондықган төрт жалғаудың үшеуі (көптік, тәуелдік, септік жалғаулар) әдетте сөз табы жағынан зат есімге тән, зат есімнің түрлену жүйесі деп анықталады да, жіктік жалғау көбіне етістікпен байланысты сипатталады. Бірақ есім сөздердің, оның ішінде, зат есімнің жіктелетін түрлері бар және оларға жіктік жалғау тікелей жалғанады.
Есім сөздердің жіктелуі түркі тілдерінің өздеріне тән ерекшелігі болып табылады. Бұл жөнінде академиялық грамматикада түркі тілдерінің морфология жүйесінің өзге тілдерден, мысалы, еуропа тілдерінен басты бір ерекшелігі екендігі көрсетіліп, орыс тілімен салыстырып көрсетілген, яғни «орыс тілінде есім сөз баяндауыш қызметін атқару үшін ол сөйлем ішінде белгілі бір орын тәртібінің сақталуы немесе бастауыш пен баяндауышты байланыстырушы грамматикалық дәнекердің болуы қажет. Ал, түркі тілдерінде есім сөздердің жіктелуі-оның баяндауыш болатындығының кепілі».
Мұны С. Исаев жіктік жалғау ауқымының кеңдігімен әрі жіктік жалғаудың предикаттық мәні мен сөйлемді тиянақтап, аяқтап тұру қасиетімен байланыстырып, «предикат қызметін тек етістіктер ғана емес, есімдер де атқара алады» - дейді.
Зат есімнің ішінде адам, кісі аттары, мамандық, туыстық атаулары жіктеледі. Зат есімге жіктік жалғауының толық түрі жалғанады. Мысалы,
Достарыңызбен бөлісу: |